5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың салалас құрмалас сөйлем туралы түсініктерін кеңейту,
салалас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсінік беру, кезектес салалас сөйлем туралы түсініктерін жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Талғаулы салалас туралы түсінік
115-жаттығу
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1.Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
1. -Хорезмшах, екінің бірі. Не әкемді босатыңыз, не мені дарға асыңыз. (Т.Ж.)
2. Қазан тұрып біресе атын мақтады, біресе өзін мақтады, бірақ айналып келгенде, бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті. (Қорқыт.)
3. Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды. (М.Ә.)
2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру.
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас дейміз.
Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек салаласа байланысады. Құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір қойылады.
-Хорезмшах, екінің бірі. Не әкемді босатыңыз, не мені дарға асыңыз. (Т.Ж.) Қазан тұрып біресе атын мақтады, біресе өзін мақтады, бірақ айналып келгенде, бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті. (Қорқыт.) Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды. (М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |