Сабаќ жоспары



бет92/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Тұлғалық
белгісі

Сұрауы

Сөйлемдердің сызбасы

Көсемше

-ып, -іп, -п
-а, -е, -й

Қайтіп?
Қалай?

/.........../ қосылып, /--------------/
/.......... жарыспай/, /-------------/

Есімше

-ған+дай
-ген+дей)
Болып
-ған (-ген) күйі
(қалпында)
-ма+с+тан
-па+с+тан
-бе+с+тен

Қалай?
Қалай?

Қалай?


/....................../ танығандай
болып, /--------------------/

/............../ ұстаған күйі, /-------/


/........../ талмастан, /-------------/



Мысалдар:
Адамдары, малдары, күркелері де қосылып, бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды. (М.Ә.) Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай (Абай) Тұла бойы шымырлап, төбе шашы жиырылып бара жатқандай болып, Қалиша да үйіне жөнелді (Ғ:М.) Хакім кітапты ұстаған күйі, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады. (Х.Есен.) Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. (М.Ә.)
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
140-жаттығу
1. Мәтінде құрамаластың арасына қойылатын үтір қойылмаған. Үтірді қойып шығыңдар.
2. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастарды ажыратып, қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
3. Мәтінде кімнің тағдыры баяндалған, сол жөнінде ой толғаңдар.
4. Ол үшін мына сұрақтар бойынша ізденіңдер. Үзінді Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасынан алынған? Шәйза мен шешесі неліктен мұндай қорлыққа ұшырады?


Сөз доғарылды. Көндірдім деген Итемген көнбей кеткен шеше. Шәйзаның басы байланды деген ауыл... «Қызыңды Оспанға бер» деп күштегендердің көбі-ақ үйлеріне іштерінен налып келді. Озбырлық кесімін іштерінен мойындарына алып, сорлы қатынды, жас Шәйзаны аяды.
Тұла бойы шымырлап, төбе шашы жиырылып бара жатқандай болып, Қалиша да үйіне жөнелді. Өкпе-жүрегі аяғына түскендей, талған буындарын баса алмай келеді. Тал түсте көрсетіп отырған қорлық булықтырып барады. Қорлық-зорлыққа қанша көнбіс көрінсе де, ана жүрегі қарсыласпай қоймақ емес. Тұла бойы дуылдап, екі шекеге ыстық қан шапшығандай болады. Қай-қайдағы қайғы түйіншектері шешіліп, өн бойына жайыла түсті, ұлғая түсті. Қамқор шешенің балапанына жайған қанатының көлеңкесі балапанын жасыра алар ма, жоқ па.... Әр адымы айлық жолдай болып, Қалиша үйіне әрең келді... (Ғ.Мүсірепов.)
141-жаттығу
Төмендегі мәтін – жоғарыдағы берілген мәтіннің жалғасы. Құрмалас сөйлемнің айтылмай қалған баяндауышының орнына көп нүкте қойылған. Көп нүктенің орнына сөйлемнің ыңғайына қарай қажетті баяндауыш болатын сөздерді ойдан тауып, сөйлемдерді аяқтаңдар.


Шәйзаға батып ....... . Бірақ бұлақтай құйылған көз жасы ....... , Шәйзасын құшақтап өксіп-өксіп ......., қара құрым үйін дауыс қып ....... . Барылдап шеше даусы, шырылдап қыз даусы шықты.
«Құлыным-ау!» - деп Қалиша құшағын жайып ...... , Шәйза өзіне деген бір сұмдықтың болғанын сезініп еді. Өксіп еңіреген анасы дауысын ..... , Шәйзаға не күйге ұшырағанын ...... . Шәйза әуелі ...... , қатып қалып еді. Бауырына қысып-қысып жылаған шешенің ыстық жасы бетін жалындай ........ . Сол кезде дауысы да ...... , көзінен жас та ....... . Қосыла жылаған мұңды жетімдердің көз жастары таң атқанша ......... .
(Ғ.Мүсірепов.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет