3.Дамытушылық: оқушылардың сабақтас сөйлемнің түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын арттыру. Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру (аралас) Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру. Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер. Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу 2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру 3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау II.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 135,137-жаттығу 2. Себеп бағыныңқы сабақтас III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1.Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру. 1. Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. (Абай.) 2. Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. (М.Ә.) 3. Бала, қоңырқай сопақша беті күреңденген күйі, еріксіз үзілген жұмысына қайта кірісті. 2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғандығын білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқы сабақтас дейміз.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың сыңарлары тек сабақтаса, яғни бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысады.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарынынң баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады: