Сабақ ОҚытуды ҧйымдастырудың негізгі формасы (Оқу қҧралы)



Pdf көрінісі
бет43/51
Дата01.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#493536
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
14 Сабак-окытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

Қорытынды 
Мен өз тарапыма келер болсам, топтық оқу әдісін пайдаланып өткізу 
барысында: 
 оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырдым. 
 сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.- 
оқу бағдарламасындағы жеті модульді жүзеге асырдым. 
 оқушылардың бойындағы қабілеттерін ашуға мүмкіндік ту-
ғыздым. 
Ең бастысы, сабақтарымның тиімділігін арттырдым. Осы 
стратегияны қолдағанда, мен өзімді тек бағыттаушы ретінде сезіндім. 
Топпен жұмыс істеуде оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, бірлесе 
жазуға, өз ойларын ортаға салуға үйренді. Əр бала өздерінің 
пікірлерінің бағаланатынын сезіне білді. Сонымен бірге олар бір-
бірімен пікір алысқанда балалар бірінің білмейтінін екіншісі 
толықтырып отырды және өзіне сенімі аздау балалар өздерінің ойын 
толық , ашық жеткізуге өзге балалардың айтқандарын есіне сақтауға,
жазғандарын өз ойымен айтуға ынталанды. Топпен жұмыс кезінде 
бір баланың ойына келесі баланың ойы қосылады да, ол кеңейтілген 
түрде жауап болады және оның айтқан жауабын өзге оқушылар 
тыңдап, өз ойларын қосуға мүмкіндік алады. Бұрын тәжірибемде 
көрініс таппаған топтық, жұптық жұмыс кезінде балалардың бір-
бірімен қарым-қатынасында диалогтық әдістің тағы бір пайдалы 
тұсын анық көре білдім.


91 
Баланың ойын дамыта отырып, өзімнің де ойымның толыққан-
ды дамығанын түсіндім. Қорытындылай келе, осындай қиын да 
қызықты курсты басқарып, қазіргі оқу үрдісінің бағдарламасын 
талдап, болған әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, сапалы оқытуды қалай 
ұйымдастыру қажеттігін ұғындыру барысында бізге жаңа құлшы-
ныс,шабыт пен тың идеяларды ұсынып, тамаша көшбасшы бола 
білген тренеріміз Фарида Қалиқызына айтатын алғысымыз шексіз. 
Бақылау барысындағы нәтижелі сәттер: Дәстүрлі сабақтар 
мен жаңа жобамен жүргізілген сабақтардың айырмашылығы бар 
екендігін оқушыларымның және өзімнің өзгерісімнен анықтай алдым 
деп ойлаймын. 
• Жаңа жобаның негізіндегі теориялық білімді тәжірибе кезінде 
қолдана алуым.
• Қысқа мерзімді сабақ жоспарларыма жеті модульдің идеяла-
рын пайдалана отырып сабақ жоспарларын құруды үйренгендігім. 
• Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын, яғни 
жағымды көңіл-күй қалыптастыру балаларды бір-біріне жақындас-
тырады, мейрімділікке, рухани адамгершілікке, бір-бірінің пікірін 
тыңдай білуге үйренгені.
• Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенгеннің тиімділігі.
• Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдіс-тәсілдерін 
пайдалану оқушылардың еркін сөйлеуіне, бір-біріне деген сезімдерін 
еркін жеткізуіне, құрметтеуге, топта ұйымшыл болуына, сабақты 
жақсы қабылдауына және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалып-
тастыра алатындығын байқадым.
• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің диалогтік әдісі 
арқылы оқушыларды әңгімеге тарту, өз ойларын толық жүйелі 
айтуға, және белсенділіктерін арттырудағы тиімділігін байқадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет