Сабақ типі: теория Мақсаты, міндеттер



бет19/32
Дата11.09.2022
өлшемі147.73 Kb.
#460555
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
САБАҚ ЖОСПАР

Эпидемиологиясы.Эпидемиялық бөртпе сүзек эпидемиялық таралуға бейім антропонозды трансмиссивті риккетсиоз.
1. Аурудың көзі мен инфекция резервуары - эпидемиялық бөртпе сүзегімен ауыратын науқас адам, Брилль ауруының риккетсиемия кезеңіндегі науқас адам. Аурудың жұқтыру қауіпі инкубациялық кезеңнің соңғы 1-2 күнінен бастап, қызба кезеңінде және апирексия кезеңінің алғашқы 2 күні бойынша сақталады.
2. Жұғу механизмі – трансмиссивті. Риккетсия тасымалдаушысы – негізінен киім биті, сирек баста болатын биттер. Биттер инфицирленген қанды сорғаннан соң 4-5 күннен кейін немесе тіршілік ету барысында (14-17 күн) нәжісімен риккетсияларды бөліп шығарады. Бит адамды шаққанда сілекей арқылы қышу сезімін шақыратын фермент бөледі. Адам бит тістеген терісін қасығанда олардың нәжісін терісіне енгізеді. Риккетсиялармен инфицирленген битті теріге езгенде немесе жарақаттанбаған теріге инфицирленген жәндіктердің экскрементін жаққанда жұқтырады. Сирек инфицирленген материал көздің коньюнктивасына немесе тыныс жолдарына түскенде (лабораториялық жағдайда) жұқтырады.
Қабылдаушы макроорганизм. Барлық жас тобындағы адамдар бөртпе сүзегін қабылдауы жоғары. Ауру қыс-көктем мезгілінде өршиді, оған әкелетін қолайлы жағдайлар, адамдардың көп топталуы, витаминдердің жетіспеушілігі және адамның денесі мен киімі арасында биттің дамуына қолайлы оптимальды температуралық жағдайдың туындауы.
Патогенезі:Бөртпе сүзектің патогенезі 5 сатыдан тұрады:
I. Организмге риккетсиялардың енуі және тамырлардың эндотелий жасушаларында көбеюі.
II. Эндотелий жасушаларының бұзылуы және риккетсиялардың қанға түсуі – риккетсиемия /токсинемия/ - аурудың клиникалық көріністерінің басталуы.
III. Барлық мүшелер мен жүйелердің тамырларының функциональды бұзылыстары – вазодилатация, паралитикалық гиперемия және қан айналымының баяулауы.
IV. Капиллярлардағы деструктивті- пролиферативті өзгерістер – тромб және арнайы гранулемалардың түзілуі.
V. Организмнен қоздырғыштың бөлініп шығуы, иммунитеттің пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет