САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ
МҰҒАЛІМНІҢ ОНЫ ДАЙЫНДАУ
КЕЗЕҢДЕРІ
Сі е бо а ақ мұға ім
бо ға қ а , сабақ
а ау е еңі е ағ а
е қосар е іңі ?
Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты
барысында оқытушы мен оқушы
әрекеттесулерін құрастыру. Негізі
оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің
және оқушылардың оқу
материалының мазмұнын меңгеруі,
дамуы және тәрбиеленуі бойынша
оқушылардың оқу-танымдық іс-
әрекетінің мақсаттары, міндеттері,
принциптері, әдістері және мазмұны
болып табылады. Сабақ жоспары
конспект түрінде жүзеге асады.
Сабақты жоспарлау
Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері,
кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған
тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің
үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Жоспар-конспект:
тақырып
сабақтың міндеттері
сабақ кезендері
оқушыларға арналған тапсырмалар.
Нү
Жақсы құрылған сабақ жоспарында оқушылардың қызығушылығы
мен қажеттіліктері көрініп тұрады және білім беруге арналған үздік
әдіс –тәсілдерден құралады.
Гарри Вонг айтқандай: «Әрбір
мақсат орындалар іс-әрекеттің
жүзеге асуын көрсететін етістіктен
басталуы керек».
Сабаққа мақсат қою. Сабақ жоспарын жасауда мұғалімнің ең бірінші жұмысы –
жалпы сабақтың мақсатын анықтау мен түсіндіру. Мақсатты түсіндірудегі бірінші
сөйлем оқушылардың сабақ соңында нені жасай білу керек екендігіне жауап
беретін сөйлем болу керек.
Мақсат жалпы сабақты басқарады, бұл – сабақтың ең маңызды өзегі. Әрбір сабаққа мақсат
қоюда сақтық танытқан жөн, себебі мақсат оқушылардың сабақтағы қатысқан әрекетін
анықтап отырады. Сонымен қатар, мұғалім қойған сабақ мақсатымен оқушылар деңгейі
үйлесімді болуына сенімді, күтілетін нәтиже тиімді болатынына кепілдеме беруі керек.
|