Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет10/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   181
final-1

тәсілін ұсынды (Jones et al., 2009; McTighe & Wiggins, 1998). Осылайша, 
бағалауды жоспарлаудан бастау арқылы мұғалімдер оқытудың өлшеусіз 
мақсаттары мен осы мақсаттардың сыныптағы оқу әрекетінің 
мазмұнына сәйкес келмеуі сияқты қателіктерді кездестіру мүмкіндігін 
азайтады. Осыған байланысты күнделікті сабақты жоспарлауға қатысты 
көптеген эмпирикалық зерттеулер бағалау деректері алдағы/болашақ 
сабақтарды жоспарлауда пайдалы құрал болуы мүмкін деп болжайды 
(Chizhik & Chizhik, 2018). Атап айтқанда, бұл мұғалімдердің пәнаралық 
байланыстарды сақтауға деген ұмтылысын дамытуға, сонымен қатар 
оқушылардың өтілетін тақырыптың мазмұны туралы қате түсініктерін 
алдын-ала анықтауға көмектеседі. Сондықтан бағалау деректері 
мұғалімдерге оқушылардың оқу тапсырмаларын сәтті орындауына 
ықпал ететін тиімді жоспарлар құруға оң әсерін тигізеді. 
Mac Donald (1965), Mac Donald, Wolfson & Zaret (1973) және Einser 
(1967) ұсынған жоспарлаудың тағы бір интеграцияланған моделі 
жоспарлау сабақтың мақсаттарын анықтап, содан кейін іс-шаралар мен 
бағалауға негізделген шешімдерге көшеді деген тұжырымдаманы дұрыс 
емес деп болжайды. Керісінше, сабақ жоспары оқушылардың оқу 
әрекетін анықтауға бағытталады және сабақ мақсаттары оқу әрекеті 
барысындағы оқушылармен өзара әрекеттесу мен жұмыс арқылы пайда 
болады. Бұған себеп – оқушылардың өздері өз оқу тәжірибесін таңдайды 
және өздерінің оқу мақсаттарын орындайды. Осылайша, оқыту оқу 
құралдарымен біріктіріліп, оқу әрекетінің алдында мақсатты анықтау өз 
мәнін жоғалтады. 


15 
Сабақты жоспарлаудың түрлері 
Бірлескен жоспарлау 
Бірлескен жоспарлау барлық білім алушылардың оқу 
мақсаттарына жетуі үшін мұғалімдердің сабақты жоспарлау бойынша 
мақсатты өзара әрекеттесуін білдіреді (Bryant & Land, 1998).
Шетелдік зерттеушілердің пікірінше, бірлескен жоспарлау 
мұғалімдердің кездесуі мен жалпы білім беретін мұғалімнің бірдей сабақ 
жоспарын қайталаудан тұрмайды. Сондай-ақ бұл жоспарлау түрі
бірнеше жыл бұрын жасалған сабақ жоспарларын өзгерту және 
пайдалану ғана емес. Бұл басқа мұғалім не істеу керектігін айтқан кезде 
бір мұғалім бәрін жасайды дегенді де білдірмейді. 
Бірлескен жоспарлау 
– 
бұл оқу мазмұны мен үдерісі туралы 
тәжірибе, сараптама және білім алмасу болып табылады. Бұл 
мұғалімдерге оқу туралы бірлесіп шешім қабылдауға көмектесетін жүйе 
ғана емес, сондай-ақ, бұл шешімдердің барлығы білім алушылардың 
қажеттіліктерінің кең ауқымына, оқу тапсырмалары мен жеке оқу 
жоспарларының мақсаттарына негізделген. Тиімді құрылған бірлескен 
жоспарлау 
– 
бұл оқытудың жемісті және табысты болуының кепілі 
(Bryant & Land, 1998). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет