Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


Біріншіден, сабақты жоспарлау оқу процесін ретке келтіруге



Pdf көрінісі
бет8/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   181
final-1

Біріншіден, сабақты жоспарлау оқу процесін ретке келтіруге 
және бір үлгіге салуға, яғни стандарттауға мүмкіндік береді (Jensen, 


11 
2001). Сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер сабақтың мақсаттарын 
таңдауды, осы мақсаттарға жету үшін оқу іс-әрекетінің түрлерін, 
оқушылардың іс-әрекеттерін, қажетті материалдар мен ресурстарды 
және т.б. қарастырады. Мұғалімдер сабақтағы әртүрлі әрекеттердің ретін 
жоспарлап, ағымдағы сабақ пен кез келген өткен немесе алдағы 
сабақтар арасындағы байланыстарды, сондай-ақ сабақтағы оқу 
әрекеттері мен бағалау әдістері арасындағы байланыстарды талдай 
алады (Ashcraft, 2014). Мұндай әдіс сабақты тиімдірек өткізуге 
көмектеседі. 
Екіншіден, сабақты жоспарлау үдерісі мұғалімдерге өздерінің 
пәндік білімі мен оқыту дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді 
(Reed & Michaud, 2010). Мысалы, егер мұғалімге күрделі грамматикалық 
құрылымды түсіндіру қажет болса, бірақ ережелер жайлы біліміне 
сенімді болмаса, мұғалім ол туралы сабақты жоспарлау барысында 
біледі және білім алу үшін қажетті ақпарат пен шаралар қолдана алады 
(Ashcraft, 2014). Осылайша, сабақ жоспары бар мұғалім өзінің кәсіби 
шеберлігіне сенімдірек болады, өйткені ол сабақта нені, қалай және 
қашан істеу керектігін анық түсінеді (Jensen, 2001). Барлық қажетті 
ақпарат пен материалдар алдын ала таңдалып, сабақтың жетекші 
бөлімдері ойластырылғандықтан, жоспарланған сабақ әдетте біркелкі 
өтеді. 
 
 Үшіншіден, сапалы жоспарланған сабақ оқушылардың 
мұғалімге деген құрметін арттырады, ал бұл сыныптағы тәртіп 
мәселелерін шешуге және балалардың оқуға деген ынтасы мен 
ашықтығын арттыруға әкеледі (Jensen, 2001). Зерттеулер 
оқушылардың сабақтарды жоспарлау және дайындау бойынша 
мұғалімдердің жұмсаған күш-жігеріне оң жауап беретінін дәлелдеді. 
Егер жоспарланған оқу әрекеттері мен материалдары оқушылардың 
білім беру қызығушылықтарына сәйкес келсе, оқушылар оны бағалайды. 
Осылайша, мұғалімдердің жоспарлауға жұмсайтын уақыты мен күш-
жігері сыныптағы болатын жағдайларға оң әсерін тигізеді (Butt, 2008).
Sarah (2022) сабақты жоспарлау қандай мүмкіндіктер беретіні 
жайлы келесі негіздемелерді ұсынды:  
• 
оқушыларға нені және қалай үйрету керектігі туралы мұғалімге 
бағыт береді; 


12 
• 
мұғалімді алдағы сабақтарды жақсартуға ынталандырады; 
• 
мұғалімге оқытудың тиімділігі мен нәтижелігін бағалауға 
көмектеседі; 
• 
мұғалімге өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектеседі; 
• 
мұғалімге оқушылардың ағымдағы және алдыңғы білім 
деңгейіне сәйкес материалдар дайындауға мүмкіндік береді; 
• 
мұғалімді жүйелі және жан-жақты ойлауға шақырады; 
• 
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятуға 
көмектеседі; 
• 
мұғалімге оқу мақсаттарын жақсы түсінуге және оларға жетудің 
тиімді стратегияларын жасауға көмектеседі. 
Әрине, оқытудың нәтижелі болуы мұғалімнің шеберлігі мен пәннің 
ерекшелігіне қарай қандай оқыту әдістерін қолдануына да байланысты. 
Сондықтан сабақтың сапалы өтуі үшін оқушылардың оқу үдерісіне 
белсенді қатысуын жоспарлау қажет: 

сабақ бойы әр оқушы белсенді танымдық әрекетте болады; 

оқыту оқушыларда жаңа дағдыларды дамыту және 
проблемалық оқытуды қолдану арқылы ұйымдастырылады; 

сабақта әр оқушыға эмоционалды қолдау көрсетіледі; 

оқушылардың танымдық іс-әрекеті ынталандыралады; 

сабақтың әр кезеңінде өзін-өзі бақылау және рефлексия 
жүргізіледі; 

оқушылардың өзіндік жұмысы мен шығармашылығына 
арналған тапсырмалар жоспарланады; 

барлық оқушылардың оқу мақсаттарына жетуі қамтамасыз 
етіледі (Евсюкова & Чукреева, 2018, 47 б.)
Осыған байланысты, мұғалімдерге оқушылардың сабақ тақырыбын 
неғұрлым толық және дәл меңгеруін қамтамасыз ететін және оқу 
мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған сабақ жоспарларын жасау 
маңызды, өйткені олар оқушылардың ақыл-ой және практикалық іс-
әрекет үдерісінде дәйекті түрде белсенділігін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет