Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет39/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   181
final-1

5-қадам. Мұнда мұғалімдердің негізгі міндеті – С оқушысына В
деңгейіне, В оқушысына А деңгейіне көтерілуге көмектесу, ал А оқушысы 
сол сатыда қалмай әрі қарай дамуы керек.
• 
6-қадам. Сабақтарды бақылау және талқылау. Бұл кезең 
дәстүрлі түрде өтеді, яғни бақылау кезінде барлық назар оқушының 
емес, мұғалімнің қызметіне бағытталған. Бұл кезең мұғалімдерге 
өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға және кері байланыс алуға 
көмектеседі. Сабақты бақылайтын мұғалімдер үшін бұл әр сабақты 
талқылау нәтижесінде рефлексия және талдау дағдыларын дамытудың 
жақсы мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар, мұғалімдер өз 
білімдерін жетілдіреді, сабақты бірлесіп зерттеуді үйренеді және мықты, 
орташа және әлсіз оқушы үшін бағалау өлшемшарттарын жасай алады. 
• 
7-қадам. Бұл кезеңнің басты міндеті зерттелетін білім
алушылармен сауалнама жүргізу болып табылады, оны жүргізу үшін 
оларға бақылаушылардың бірлескен талқылауы барысында анықталған 
сұрақтар ұсынылады. Оқушылардың қиындықтарын анықтауға арналған 
сұрақтар: 

Сабақта саған ең қатты не ұнады? 

Сен нені үйрендің? 

Сабақтың қай кезеңі саған ұнады? 

Егер бұл сабақ басқа сыныпта өткізілсе, сен нені өзгертер едің? 
• 
8-11 - қадам. Зерттелген 3 сабақтың нәтижелерін анықтау. Бұл


66 
кезең білім алушыларды оқытуда мұғалімді оқытудың жағымды 
жақтарын анықтауды, зерттеу сабақтарын және білім алушылардың есте 
сақтау қабілеті мен ойлауын дамытуға бағытталған дайын 
тапсырмаларды талдауды қамтиды.
• 
12-қадам. Lesson Study материалдарын әріптестеріне 
таныстыру. Сабақ аяқталғаннан кейін әр топ зерттеу туралы рефлексивті 
есеп береді. Осылайша, есептер мен материалдарды ұсыну басқа 
мұғалімдерге зерттеу сабағын өткізудегі жетістіктер мен тәжірибелер 
туралы білуге көмектеседі, сонымен қатар «мұғалімдер арасындағы кең 
диалогқа ықпал етеді, алқалық мәдениет пен кәсіби дамуды 
тәрбиелейді» (Токтарова және Саден, 2018, 76-бет).
Осылайша, Lesson Study әдісі сабақты бірлесіп жоспарлау, оқыту, 
бақылау және талдау арқылы оқу мен оқытудың тиімділігін арттырады, 
мұғалімдердің педагогикалық дағдылары мен тәсілдерін дамытуға ықпал 
етеді. Сонымен қатар, мұғалімдер рефлексивті тәжірибені тиімді қолдана 
бастайды, оқытудың сапасын қарастырады және өз тәжірибелерін 
жақсартуға үлкен қызығушылық танытады (Айдарханова және 
Ныгметова, 2018, 30-бет)


67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет