61
Финляндияда мұғалімдерге мектеп бағдарламасын бірлесіп
жоспарлау және әзірлеу үшін апта сайын бос уақыт беріледі.
Жалпыұлттық мектеп бағдарламасы тек
оқу нәтижелеріне қойылатын
жалпы талаптарды анықтайды. Осылайша,
мұғалімдер өз мектебіне
сәйкес келетін бағдарламаны, сабақ жоспарларын және педагогикалық
стратегияларды әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Сонымен қатар,
Финляндияның білім беру жүйесінде барлық деңгейлерде, соның ішінде
бір муниципалды аймақта орналасқан мектептерде бірлесіп жұмыс істеу
тәжірибесі мен дағдысы барлық жағынан ынталандырылады.
Бостонда (АҚШ) мұғалімдердің
сабақ кестесі параллель
сыныптарда бір пәнді оқытатын барлық мұғалімдердің бір уақытта бос
сабақтары болатындай етіп арнайы жасалады. «Терезелер (окна)» деп те
аталатын мұндай сабақтар мұғалімдерге бірге жұмыс істеуге мүмкіндік
береді. Бұл «терезелер» білім алушылардың бағалауына негізделген
педагогикалық қызметті бірлесіп жоспарлау және талдау жүргізілетін
кездесулер болып табылады.
Атап айтарлығы, мұндай кездесулер мектеп директорының немесе
тәжірибелі мұғалім-тәлімгерлердің басшылығымен өткізіледі.
Білім
алушылардың үлгерімі туралы деректер мектеп мұғалімдерінің
педагогикалық тәжірибесінің ерекшеліктері
мен қиындықтарын
анықтауға бағытталған талқылау үшін бастапқы нүкте ретінде
пайдаланылады. Мұғалімнің қызметі
білім алушылардың оқу
нәтижелеріне әсер ететіндіктен, мұндай
кездесулер мұғалімдер
арасындағы пікір алмасуды, содан
кейін сабақтар мен оқыту
стратегияларын бірлесіп жоспарлауды да қарастырады (4-сурет).