Сабақтың тақырыбы: Адами қарым-қатынас ізгіліктері



бет2/9
Дата23.09.2024
өлшемі59.65 Kb.
#503880
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
қарым-қатынас тәрбие сағаты

Дерек көздер:

«Шеге» бейнежазба.
«Жақсылық қылсаң өзіңе.....» атты бейне ролик.

Қолданылатын ресурстар мен көрнекіліктер

А- 4 парақтары, стикерлер, белсендірілген тақта, флипчарт, маркер, қалам, түрлі - түсті жүрекшелер.



Сабақтың өту барысы (45 мин)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:



Ұйымдастыру кезеңі.

  1. «Жіптік курс»- «Құбыр» атты психологиялық тренинг (2мин). Жіптік курс- командалық жұмыс, көшбасшылықты дамыту технологиясы. Оның басымдығы – топты жұмыспен тез қызықтыра білу. Аталмыш курс ұжымды командамен жұмыс істей білуге, топ арасынан көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір жаттығу қатысушылардың қиындықтардан қандай шешім табатынын, тапқырлығын сынап көру үшін жасалған. Жаттығу қорытындысында қатысушы ойын кезінде жасаған шешімін қарап, оның жақсы немесе бұрыс жақтарын өлшеп, болашақта дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі, тиімді әдістерге үйретеді. Қатысушының ең маңыздысы – ойын барысында ықыласпен жетістіктерін қолдау. Бұл сезім адамды жігерлендіреді, алдына қойған мақсаттарға деген сенімі артады. «Жіптік курс» өте пайдалы және көңілді тренинг. Қатысушылар меншікті тәжрибелерден маңызды сабақ алып, көңілдерін көтеріп, үлкен әсер алмақ. Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады. Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.

  2. «Жіптік курс»- « Шеңбердегі саусақтар» атты психологиялық тренинг (2мин).

«Шеңбердегі саусақтар» ойын жаттығуы. Қажетті құралдар: айналма (обруч) Ережесі: Қатысушылар сұқ саусақтарының басына айналамны қойып, топпен бірге белгіленген орынға дейін алып жүрулері керек. Айналманы алып келе жатқан кезде қолдың жоғары қарай көтеріліп кететіні байқалады. Егер жоғары көтеріліп кеткен жағдайда немесе түсіріп алған кезде ойын қайта басталады. Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады. Неге айналма жоғары көтеріліп кететініне жөнінде сауал тасталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет