Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз –Адами қарым – қатынастағы игі әрекеттердің бірі адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен -тіл табысуы мен өзара түсінісуі болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген жөн, ал тіл табысудың басты кілті – кешірім сұрау табылады.
Басқа адамды түсіну оңай емес. Өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар, түсініспеушіліктен шиеленіскен кикілжіңдер болады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады Кикілжіңнің себебі, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат, қызығушылықтардың келіспеуі болатындығын естен шығармаңыздар. Қандай шиеленіскен жағдайлар болмасын, эмоцияға беріліп, қызулықпен іс-әрекет етпеңіздер. Ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз кейін қалпына келмеуі мүмкін. «Дос көңілі шар айна, сындырып алма абайла!», -деп бекер айтылмаса керек. Естеріңізде болсын, кикілжіңді сәтті шешу дегеніміз – бұл жеңілгендер де, ренжігендер де болмайтын, кикілжіңге қатысушылардың бәрі жеңімпаз болатын шешім табу. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен дұрыс. Яғни, ашуды – ақылға жеңдіре білген адам кез – келген кикілжіңдерден аулақ болады.
“Жан жарасы жазылмайды” аңыз әңгімесі желісінде даярланған «Шеге» атты бейне роликке назар аударайық.
Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді. Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға жүрегіне ауыр тиетін сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам,- дейді.
Әкесі баласын қалай ұстамдылыққа үйретті?
Адамның өз еркін бағындыра білуі қаншалықты маңызды?
“Ашуды ақылға жеңгізе біл” дегенді қалай түсінесіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |