Сабақтың тақырыбы: Адами қарым-қатынас ізгіліктері



бет7/9
Дата23.09.2024
өлшемі59.65 Kb.
#503880
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
қарым-қатынас тәрбие сағаты

Мұғалім: -үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті.
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз дегенді қалай түсінеміз?
Көрініс:
Жүрек. Мен адам баласын алаламаймын;
Жақсылыққа елжіреп, еритұғын-мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кете тұғын-мен.
Әділет, нысап, ұят, рақым ,мейірімділік дейтұғын нәрселердің бәрі меннен тарайды.
Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді.
Ей, ақыл! Амал да, айла да-бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның, екеуінің де сүйенгені-сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман.
-Ей,қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап,кейде жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.
Басына шалма ораған, ойлы, қолында кітап.
-Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.
«Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» аңыз әңгімесі желісінде даярланған «Жақсылық қылсаң өзіңе.....» атты бейне роликке назар аударайық.
Бір диуана ел аралап шаhардан шаhар кезіп, ұзақты күн қоржын артқан қашырының үстінде жүреді екен. Оның айтар сөзі «жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе»- деген мақал болса керек. Күндердің күнінде есік алдында ерігіп тұрған кербез әйел келе жатқан диуананы көріп: «О жаман неме, міне саған жақсылық та, жамандық та. Мынаны же де, қатып қал» -деп у қосып пісірген бір таба нанды ұстата салады. Нанды қоржынға салып алған диуана ел аралап, жұрттың қол қайырын алып жүре береді. Бір күні ол жапан далада шұбап келе жатқан керуенді көреді. Керуен соңында жаяулар бар еді. Керуен жақындап диуананың қасына келіп тоқтайды. – Е диуана жүрген жерің мейірімді, қайырымды болсын, азық таусылып біздің күніміз қиын болды. Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қарақшыларға тоналған аталы-балалы екеуіне жүрек жалғар бірдеңе болса бер, -дейді. Қайырымды диуана қоржынынан бір таба нанды алып екеуіне бөліп береді. Неше күн бойы нәр татпаған олар нанды қомағайлана жей бастайды. Нанды жеп бола бере әуелі әкесі одан кейін бала құлайды. Неше күн жол азабын бірге көріп келе жатқан ер азаматтардың ауыр халге ұшырағанын көріп, керуеншілер диуананы бас салып ұрғылай бастайды. –Уа қайырымды адамзат, жазықсыз мені таяқтадыңдар, мен ел берген қайыр-садақаны алып жүре бердім, кімнің не бергенін қайдан білейін бірақ осы таба нанды берген үйді білемін.
– Жүр баста бізді сол үйге апар. Диуана нан берген үйді көрсетеді. Керуеншілерді көріп далаға жүгіріп шыққан сылқым әйел, әл үстінде жатқан күйеуі мен жалғыз баласын көріп, өз ісіне өзінің жаны күйзеледі. Әйелдің жазықсыз жанға жауыздықпен жасаған әрекеті өз алдына келеді. Міне «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал осыдан қалған екен.

Сұрақ: 1.Әйелдің жаман ниеті қандай нәтиже берді?


2.Қайырымдылық пен мейірімділіктің мәні неде?


Оқушыларға қарым - қатынастағы өзімшілдік пен менмендіктің салдарын ұғындыру мақсатында Б. Момышұлы туралы жазған Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» атты кітабынан үзінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет