Сабақтың тақырыбы: Адами қарым-қатынас ізгіліктері


«Шымшық оқиғасы», «Жақсылық жан жадыратады», «Жүректен өтер» , «Көңіл күй айнасы»



бет9/9
Дата23.09.2024
өлшемі59.65 Kb.
#503880
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
қарым-қатынас тәрбие сағаты

«Шымшық оқиғасы», «Жақсылық жан жадыратады», «Жүректен өтер» , «Көңіл күй айнасы».

Жақсылыққа жету жолдары, адам бойындағы ізгі қасиеттермен өлшенетінін көрдік.


Кеңпейілділік дерсіз. Жаны жомарт, әрқашан адамдарға тек қана жақсылық ойлайтын, қайырымды адамды жақсы көрмейтін кім бар? Кеңпейілді адам кем болмайды. Сараңдық оған тән емес. Ол бар кезде де, жоқ кезде де әрқашан сізбен бірге. Пейілге бай болу үшін мінезге, жүректегі ізгілікке, мейірім мен таза ойға да бай болу қажет. Түптің түбінде адам бойындағы осынау асыл қасиеттердің өзегінде Достоевский айтқан мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жататыны сөзсіз. Ендеше, адамды арлы да қарапайым, адамгершілік пен кеңпейілділікке бай ететін осы қасиеттер екенін бір сәт естен шығармаңыздар. 
Мұғалімнің қорытындысы. «Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жастарға арналған сөзі біздерге ұстаз қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр. Қазіргі білім беру жүйесіне енгізіліп отырған сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсініп, білімді жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білетін өздеріңдей шәкірт тәрбиелеу. Сонымен қатар адам бойындағы асыл құндылықтарды сіздердің бойларыңызға дарытып, қоғамда өз орынын таба білетін тұлға тәрбиелеу.
« Жүректен жүрекке» жаттығуы. Оқушылар түрлі - түсті қағаздан жасалған жүрекшелерге өздерінің жүректерінен шыққан жылы лебіздері мен жақсы тілектерін жазып бір - бірлеріне ұсынады.
Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы қасиеттерді оқыңдар.
Адамгершілік, адалдылық, мейірімділік, сүйіспеншілік, әдептілік, ізеттілік, қайырымдылық, инабаттылық, тәрбиелік, парасаттылық, жомарттық, шыдамдылық, жауапкершілік,имандылық, адалдық, кішіпейілділік, сабырлылық, .... Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатыстыңдарың үшін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет