- Ізгілік – ол адамдардың бір-біріне деген адамгершілік, сүйіспеншілік қарым-қатынасы, адамгершіліктің белгісі, адамның басты құндылығы!
- Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған игі, жақсы істері деп түсінемін.
- Ізгілік – бұл өте күрделі ұғым. Ол сәбидің бойында ана құрсағына біткен сәттен бастап дариды.
- Ізгілік – бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі.
Мұғалімнің сөзі: Ізгілік әр адамның бойында болады, тек оны аша білу керек. Адамдар бойларындағы ізгі қасиеттерін аша алмағаны себебінен қазіргі қоғамда әділетсіздік, қатыгездік белең алып жатыр. Біз күнделікті осындай мәселелерді естіп, кездесіп жатамыз. Ал болашақта мұндай мәселелердің болмауы үшін «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші бала тәрбиесінен бастауымыз керек. Ал, жақсылық жасау өзіңе қайтып келетініне шүбә келтірмейік. Әрдайым жақсы, игі істер ғана жасайық, сонда ішкі дүниеміздің тыныштығына, рахатына бөленеміз.
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына.
-Ойланып көрейікші, қандай адами құндылықтар бар?
-Сол құндылықтарымыз қандай әрекеттерден байқалады?
- Қарым-қатынастар қалай іске асады?
Ой қозғау, өзектендіру сұрағын қою. (5 минут).
Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?
Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
Адами қарым - қатынас деген не?
Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?
Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?
Адами қарым - қатынас жасау адам өмірінде неліктен бағалы құндылық болып табылады?
«Сөз қадірі-өз қадірің» дегенді қалай түсінесіз?
Қашанда бір істі немесе сөзді бастаған кезде адамға өз-өзіне сенімділік қажет. Бойға сенімділікті ұялату, мінезде байсалдылықты қалыптастыру – келер күндегі жетістіктердің бастауы. Өзіне сенімді адам қандай істе болса да өжеттілік танытып, қайсарлық байқатады. Сенімді тұлғаның сөйлеу мәнері нық, әңгімесі әсерлі келеді.
Кіріспе. Халқымыздың дамуында, халық болып қалыптасуында қарым-қатынас мәдениетінің алатын орны ерекше. Қарым-қатынас-белгілі бір әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара түсіністігінен туындайтын күрделі қоғамдық үрдіс. Қарым-қатынастың жүзеге асуының бірнеше жолдары бар. Соның ішінде тілдік қатынастың орны ерекше. Адам қарым-қатынасындағы ерекше орын алатын сәлемдесудің өз әдебі, жөн-жосығы бар.
Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, оқушылардың қарым-қатынас мәдениетіне, ұғымына мынандай анықтама беруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |