Сабақтың тақырыбы: Адами қарым-қатынас ізгіліктері



бет3/9
Дата23.09.2024
өлшемі59.65 Kb.
#503880
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
қарым-қатынас тәрбие сағаты

Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар мен оқушылар!Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. «Өмір-теңіз, онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» деп данышпан Рудаки айтқандай өмір ағысы, тыныс-тіршілік- бәрі теңіздей терең, бірде тыныш, бірде дүлей. Ал сол теңіздегі сапарда адамдардың ізгі қасиеттері ғана көмек бола алады. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған сынып сағатымыздың тақырыбы: «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» деп аталады.


Сынып оқушылары 4 топқа топтасады:
І-топ «Ізгілік»;
ІI-топ «Игілік»;
ІII-топ « Қайырымдылық»;
ІV-топ « Мейірімділік».
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбына назар аударып, мағынасын ашып алайық. Қандай ойларыңыз бар?
« Ізгілік» Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастанынан үзіндіні әр топтан бір оқушы шығып, мәнерлеп оқиды да, әр топ «ізгілік» сөзіне сипаттама береді.
Ізгілік. Ж.Баласағұни. «Құтты білік» дастанынан үзінді.
Ізгілік не? Тегі қандай ? Түсі қандай өзінің?
Мінез-құлық, ісі қандай өзінің?
Ізгіліктің нышаны?
Халық үшін қайтпай құрақ ұшады.
Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды,
Жомарт жандар құнын тілеп жатпайды.

Қайырымды жан қайырым етпес есеппен,


Есе күтсең, ұрғанмен тең кесекпен...
Қадірсіз зат шеттеп жерде қалады,
Асыл нәрсе төрден орын алады.
Ізгі іс етсең – текті тірлік сүргенің
Жауыздығың – жерге тірі кіргенің.

Ізгі ісіне опық жеген жан бар ма?


Жаманатты зауал таппай қалған ба?
Жамандықты қусаң азап шегесің,

Жамандыққа жақсылық қыл, жеңесің!


Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиет,


Елдің басшысы ізгі болса, халқы да ізгі болады.
Ізгілік-оң, ессіздік -сол, жүзің -ар,
Оңың -ұжмақ, солың-тозақ, біліп ал.
-Мінекей, «Ізгілік» деген ұғымның астарында қаншама мән-мағына жатыр?!!!
Оқушылар тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет