Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет56/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Көсемше
Көсемше етістіктің басқа категорияларынан ерекшеленіп, оқшауланып, өзіндік қасиеттерімен танылады. Көсемшелер мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан шылау, үстеулермен өзара ұштасып жатады. Дәлірек айтқанда, көсемше тұлғаны сөздердің ішінде сөз табы жағынан етістіктердің шеңберінен шығып, мүлде үстеу мен шылауға айналып кеткендері де бар. Мәселен, үйдегілер бір-бірлеп тарай бастады, сөйлей-сөйлей шешен болады, қайта өзін осында бол дегендерді үстеуге, соған бола, жүзге тарта дегендегі бола, тарта шылау сөздерге жатады.
Қимылдың амалы болатын, күрделі етістіктер құрайтын, модальдік шақтық мәндері бар етістіктің түрін көсемше дейміз.
Көсемше негізгі және туынды түбір етістіктерге белгілі аффикстер (жұрнақтар) қосылу арқылы жасалады. Көсемшелердің жұрнақтарын төмендегідей түрлерге бөліп, сипаттама (түсініктеме) беруге болады.
1. –ып, -іп, -п: ойлап, ойнап, жазып, айтып, келіп. Көсемшенің бұл түріне жіктік жалғаулар қосылып, ашық рай (өткен шақ) жасалады. Барыпты, келіпті, сөйлепті т.б.
2. –а, -е, -й; оқый, ішпей, жемей, айта, жаза, келе (ауыспалы келер шақ жасайды).
3. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы мақсатты көсемше жасалады. Бұл тұлға жіктелмейді. Оқығалы, жазғалы, айтқалы, кеткелі, сөйлегенлі т.б. Бұл формадағы көсемшелер дара да, отыр, жат, тұр, жүр етістіктерімен тіркесіп, күрделеніп қолданыла береді.
4. –ғанша, -генше, -қанша, -кенше: Бұл аффиксті көсемшелер де жіктелмейді. –а, -е, -й тәрізді жұрнағының есімшелерге ұйытқы болтыны сияқты (айтатын), келетін, сөйлейтін есімше тұлғаларының да (-ған, -ген) көсемшелерге негіз болатын ерекшелігі тілдегі қалыптасқан заңдылықтардан саналады. Таранғанша, келгенше, қайтқанша, кеткенше.
Бұл аталған күрделі жұрнақ үстеу мен етістік аясында екі ұдай қызмет атқарады.
Көсемше мәніндегі етістіктер өзінен кейінгі іс-әрекеттің шарты мен мезгілін білдіреді.
Мысалы: Қош бол, қалқам, көргенше (мезгіл),
Қйта айналып келгенше... (шарт).
Бұдан басқа тілімізде етістік негізіне –майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пейінше жұрнағы жалғану арқылы көсемшенің ерекше бір түрі жасалады. Бұл жұрнақтың этимологиясы мен мағынасы, синтаксистік қызметі әлі тексерілмей жүр. Алайда бұның әрі көне, әрі құранды (майынша) екен: күмәнсіз. Мысалы: айтпайынша, ойламайынша, бітпейінше, жетпейінше. Бұл жұрнақ –ғанша, -генше формасының болымсыз түрі болуы да ықтимал.
Сондай-ақ –мастан, -местен, -пастан, -пестен күрделі жұрнағы көсемшенің болымсыз етістіктен жасалған –ма-й, -ме –й, -пай, -пей (бармай, келмей аффиксімен мағыналас болып келеді. Бұл тұлға (жұрнақ) морфемалық құрамы жағынан есімшелердің септеулі, көне формасынан жасалған. Егер бұл тұлға көсемшеге телінсе, айтқандай, білгендей, айтқандықтан, білгендіктен, айтатындай, білетіндей, айтарлықтай, білерліктей деген сөздердегі –қандай, -гендей, -қандықтан, -ететіндіктен, -атындай, -етіндей, -арлықтай, -ерліктей қосымшаларын да көсемшеге жатқызуға керек болады. Бұл тұлғаларды арнайы зерттелмейінше көсемшеге тели қою қиын. (А.Ысқақов.) Ққт (морфология), 1974, 321 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет