Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Көсемше, оның мағыналық тұлғалық ерекшеліктері, түрлері



бет55/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Көсемше, оның мағыналық тұлғалық ерекшеліктері, түрлері.
Көсемшелер мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан шылау, үстеулермен өзара ұштасып жатады. Дәлірек айтқанда, көсемше тұлғаны сөздердің ішінде сөз табы жағынан етістіктердің шеңберінен шығып, мүлде үстеу мен шылауға айналып кеткендері де бар. Мәселен, үйдегілер бір-бірлеп тарай бастады, сөйлей-сөйлей шешен болады, қайта өзін осында бол дегендерді үстеуге, соған бола, жүзге тарта дегендегі бола, тарта шылау сөздерге жатады. Қимылдың амалы болатын, күрделі етістіктер құрайтын, модальдік шақтық мәндері бар етістіктің түрін көсемше дейміз.
Көсемше негізгі және туынды түбір етістіктерге белгілі аффикстер (жұрнақтар) қосылу арқылы жасалады. Көсемшелердің жұрнақтарын төмендегідей түрлерге бөліп, сипаттама (түсініктеме) беруге болады.
1. –ып, -іп, -п: ойлап, ойнап, жазып, айтып, келіп. Көсемшенің бұл түріне жіктік жалғаулар қосылып, ашық рай (өткен шақ) жасалады. Барыпты, келіпті, сөйлепті т.б.
2. –а, -е, -й; оқый, ішпей, жемей, айта, жаза, келе (ауыспалы келер шақ жасайды).
3. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы мақсатты көсемше жасалады. Бұл тұлға жіктелмейді. Оқығалы, жазғалы, айтқалы, кеткелі, сөйлегенлі т.б. Бұл формадағы көсемшелер дара да, отыр, жат, тұр, жүр етістіктерімен тіркесіп, күрделеніп қолданыла береді.
4. –ғанша, -генше, -қанша, -кенше: Бұл аффиксті көсемшелер де жіктелмейді. –а, -е, -й тәрізді жұрнағының есімшелерге ұйытқы болтыны сияқты (айтатын), келетін, сөйлейтін есімше тұлғаларының да (-ған, -ген) көсемшелерге негіз болатын ерекшелігі тілдегі қалыптасқан заңдылықтардан саналады. Таранғанша, келгенше, қайтқанша, кеткенше.
Есімше
Бірқатар жұрнақтар етістік түбіріне жалғанып, оларда етістік қасиеті де, есім сөздер қасиеті де бар етістіктің есімше түрін тудырады. Есім сөздер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрін есімше дейміз. Есімше тұлғалары өткен шақ есімше, осы шақ есімше, келер шақ есімше болып үш салаға бөлінеді. Қазіргі қазақ тіліндегі есімшелер мына жұрнақтар арқылы жасалады.
1. Негізгі және туынды түбір етістіктерге –қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары жалғану арқылы есімшенің өткен шағы жасалады. Айт-қан, кет-кен, оқы-ған.
2. Етістіктерге –ар, -ер, -р жұрнақтарының жалғануы арқылы есімшенің келер шағы жасалады. Келер шақты есімшенің болымсыз түрі етістіктің болымсыз жұрнағынан кейін –с жұрнағының қосылуы арқылы жасалады. Оқы-р, айт-ар, көр-ер, оқы-ма-с, ат-па-с, көр-ме-с т.б.
3. Етістіктер түбіріне алдымен көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтары содан соң –тын, -тін жұрнағының жалағнып, ауыспалы келер шақ есімше жасалады. Бұл жұрнақтардың арғы төркіні тұрған, оқы-й-тын, айта-тын т.б.
4. Негізіг және туынды түбір етістіктерге –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы мақсат мағынасы келер шақты есімше жасалады. Мысалы. Оқы-мақ, қон-бақ, көн-бек, кет-пек. Кейді бұл есімшеге –шы, -ші жұрнағы қосылып айтылады. Бар-мақ-шы, кел-мек-ші. Көрнекті түркологтар бұл форманы есімшеге жатқызады.
Басқа есімшелерден бұл есімшенің айырмашылығы мақсат мәніне байланысты. 2 айырмашылығы көптік, тәуелдік жалғауларын қабылдамайды. Септік жалғауы өте сирек жалғайды. Болымсыз түбір мен қосымша арасына ма-ме жұрнағының қосылуы арқылы емес, есімшелік түбірге емес, сөзінің тіркесуі арқылы беріледі. Алмақ емес, бармақ, айтпақ кел демек бар, кет демек жоқ. Кейбір түркологтар мен қазақ тілінің мамандары-у-шы, -у-ші қосымшаларының етістік түбірлеріне қосылуы арқылы осы шақты есімше жасалады деген пікір айтады. Мұның дұрыстығын қазақ тілінің материалдары да дәлелдейді. Сөйлеуші кісі бөлмеден шықты. Ол мақаланы үзбей жазушы еді. Үндеуді оқушы- студент Омарова. Бұл есімшелердің көнтекістегі мағанасына қарай есімшелер аясынан шығып, зат есімге айналып кеткендері бар. Мысалы, сатыушы, оқытушы, жазушы, оқушы т.б.
Ескерту: Қазақ тілінде есімшелердің қалдық формаларға немесе омонимдес қосымшаларға айналғандары да ұшырасады.
1. –уші, -ушы, -аған, -еген, -ашақ, -ешек, -ман, -мен тұлғалар. Мәселен, оқу-шы, сөйлуші, өтінуші, жатаған есек, алаған қолым, береген, тебеген ат, сүзеген қошқар.
Бұлар ерте заманда есімше жұрнақтары болған. Қазіргі кезде шақтық мағынаны білдіре алмайтындықтан есімдер жасайтын жұрнақтарға айналып кеткен.
2. –мақ, -мек жұрнағы есімше тұлғасы мен қатар зат есімде тудырады. Мысалы, піс-пек, ішек, қаймақ, қыспақ, соқпақ, шақпақ.
Есімшелер, есімдер мен етістіктердің ерекшеліктерін өз бойына бірдей сіңірген, сондықтан олардың синтаксистік қызметтерін бірдей атқарады. Қолдану ыңғайына қарай есімшелер, көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында қолдана береді. Бұлар сөйлемдегі орнына, тұлғалық жағынан түрленуіне қарай сөйлемнің бес мүшесі бола алады. Мысалы, 1. Бұл ергендер- осы обоздың басшылары (М.Ә.). 2. Жаманшұбар мен Дос менің әрдайым түсіме де кіретін еді. (С.М.). 3. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. 4. Біздің төбеге шыққанымызды немістер сезіп қалған сияқты. 5. Қуанғаннан күліп те жүр, жылап та жүр (Ә.Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет