Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет54/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

5. Өзгелік етіс. Қимылдың сөйлекші мен тыңдаушыдан басқа бөгде біреу арқылы жасалатынын білдіретін етісті өзгелік етіс дейміз. Мысалы, жұмысты бітірт, оқушыға жазғыз, айтқыз т.б. Сөйлеуші мен тыңдаушыны қимылға тікелей қатыспағанымен, оның жасалуына әсер етеді, пассив түрде қатысады. Етіс категориясының басқа түрлеріне қарағанда өзгелік етіс мағына және тұлғалық, грамматикалық қызметі жағынан тілден ерекше орын алады. Өзгелік етіс етістіктің түбіріне мынадай жұрнақтардың (үстемдік) үстелуі арқылы жасалады.
1. т жұрнағы. Күзе-т, оқы-т, төле-т, ойна-т.
2. –тыр, -тір, -дыр, -дір. Айттыр, жаптыр, келтір, қойдыр, көндір.
3. –қыз, -ғыз, -гіз, -кіз. Жанғыз, ашқыз, айтқыз.
4. –ыр, -ір. Өзгелік етістіктің бұл афариксін –тыр, -дір, тір –дыр, афарикстерінен қысқарып барып қолланылған түрі деуге болады. (А.Хасенова, 1959, 160 бет). Мысалы, таңды атыра- таңын артттырды, адам баласын заман бітірді (Абай) сөзімді өсіру.
Есімше, оның мағыналық және тұлғалық өзгешеліктері, түрлері
Бірқатар жұрнақтар етістік түбіріне жалғанып, оларда етістік қасиеті де, есім сөздер қасиеті де бар етістіктің есімше түрін тудырады. Есім сөздер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрін есімше дейміз. Есімше тұлғалары өткен шақ есімше, осы шақ есімше, келер шақ есімше болып үш салаға бөлінеді. Қазіргі қазақ тіліндегі есімшелер мына жұрнақтар арқылы жасалады.
1. Негізгі және туынды түбір етістіктерге –қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары жалғану арқылы есімшенің өткен шағы жасалады. Айт-қан, кет-кен, оқы-ған.
2. Етістіктерге –ар, -ер, -р жұрнақтарының жалғануы арқылы есімшенің келер шағы жасалады. Келер шақты есімшенің болымсыз түрі етістіктің болымсыз жұрнағынан кейін –с жұрнағының қосылуы арқылы жасалады. Оқы-р, айт-ар, көр-ер, оқы-ма-с, ат-па-с, көр-ме-с т.б.
3. Етістіктер түбіріне алдымен көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтары содан соң –тын, -тін жұрнағының жалағнып, ауыспалы келер шақ есімше жасалады. Бұл жұрнақтардың арғы төркіні тұрған, оқы-й-тын, айта-тын т.б.
4. Негізі және туынды түбір етістіктерге –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы мақсат мағынасы келер шақты есімше жасалады. Мысалы. Оқы-мақ, қон-бақ, көн-бек, кет-пек. Кейді бұл есімшеге –шы, -ші жұрнағы қосылып айтылады. Бар-мақ-шы, кел-мек-ші. Көрнекті түркологтар бұл форманы есімшеге жатқызады.
Басқа есімшелерден бұл есімшенің айырмашылығы мақсат мәніне байланысты. 2 айырмашылығы көптік, тәуелдік жалғауларын қабылдамайды. Септік жалғауы өте сирек жалғайды. Болымсыз түбір мен қосымша арасына ма-ме жұрнағының қосылуы арқылы емес, есімшелік түбірге емес, сөзінің тіркесуі арқылы беріледі
Ескерту: Қазақ тілінде есімшелердің қалдық формаларға немесе омонимдес қосымшаларға айналғандары да ұшырасады.
1. –уші, -ушы, -аған, -еген, -ашақ, -ешек, -ман, -мен тұлғалар. Мәселен, оқу-шы, сөйлуші, өтінуші, жатаған есек, алаған қолым, береген, тебеген ат, сүзеген қошқар.
Бұлар ерте заманда есімше жұрнақтары болған. Қазіргі кезде шақтық мағынаны білдіре алмайтындықтан есімдер жасайтын жұрнақтарға айналып кеткен.
2. –мақ, -мек жұрнағы есімше тұлғасы мен қатар зат есімде тудырады. Мысалы, піс-пек, ішек, қаймақ, қыспақ, соқпақ, шақпақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет