Жаттығу сипаттамасы:
3-4 ерікті «кеденшілердің» рөлінде, олардың міндеті – сұрау, бақылау арқылы басқа қатысушылар арасынан «тыйым салынған заттарды » тасымалдаушыларды анықтау. Бұл заттар (сіріңке қорапшалары) қатысушыларға жасырын беріледі. Осыдан кейін жолаушылар бір-бірлеп «кеденге» келеді, онда оған «тыйым салынған заттар» бар жоғын анықтау үшін т.рлі сұрақтар қойылады, (тінту жүргізілмейді тек сұрау арқылы ғана анықтау керек). Барлық қатысушы кеденнен өткесін, «кеденшілер» олардың ойынша «контрабандист» кім екені жөнінде өз вердикттерін шығарады. Осыдан кейін кімде «тыйым салынған заттар» болса көрсетеді, ол «кеденшілердің» болжамдарын бағалауға көмектеседі.
Талқылау:
- «кеденшілер» өз болжамын неге сүйене жасады?
- Егер қателіктер кетсе, ол ненің әсерінен?
- «Контрабандисттің» жолының болуы немесе болмауының айырмашылығы неде? (сенімділік,байсалдылық, ұстамдылық)
- Егер кім де кім «кінәсіз жәбірленсе», онда ол неге байланысты болды? Өмірде осындай сәтсіздіктер болса ол адам не істеп және қалай осындай жағдайға ұшырамауы керек?
«Шарлар» жаттығуы.
Міндеті: агрессияны көрсетудің қауіпсіз әдістеріне үйрету.
Жаттығу сипаттамасы :
Мен Сіздерге шар үруді ұсынамын.
- Мына үрілген шарды - адам, ал ішіндегі ауаны – ашу мен түршігу деп елестетіңдер.
- Ашуланып, тітіркеніп жүрген адам байсалды салмақты бола ала ма?
- ашу кернеп, түршігу шардың ішін толтырғанда шар қандай күйге ұшырайды? (әрине, балалар болса – шар жарылар еді, өйткені олар әлі өз ашуын құрықтауға шамасы келмейді: біреуді ұрып жіберу, айқай шығару, еденге басын соғу)
- Үлкендер өз эмоциясын қолында белгілі бір уақытқа дейін ғана ұстай алады. Сол уақытта шарларыңызды жіберіп қалыңыз, біздің не істейтінімізді сонда көресіз (жан-жаққа аһ ұрамыз, ситуациядан шығу жолдарын іздейміз, долданамыз, ал біреулер соңында депрессияғс ұшырауы мүмкін).
- Ашуды осылай шығару қауіпсіз болуы мүмкін бе? Неліктен?
- Шарды қайтадан үрлейміз, ауа сыртқа шықпайтындай етіп мықтап ұстаймыз.
- Естеріңде сақтаңдар, шар — бұл адам, ал ішіндегі ауа — кернеген ашу-ыза.
- Біз өз ашуымызды бақылап қолда ұстай алатын болсақ ешкімге зиянымызды тигізбейміз.
- Ал енді шардын кішкене ауа шығарып, қайтадан мықтап ұстаймыз. Сіздер байқадыңыздар ма шардың кішірейгенін?
- Ашуды осылай шығару қауіпсіз деп есептеуге бола ма?
- Өздеріңіздің ашуды ақылға қалай жеңдіресіңдер, ортаға салар әдістеріңіз болса бөлісіп отырамыз
|