Тәрбие сағаты №15
|
«Табиғат-адам-қоғам»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
«Табиғат-адам-қоғам»
|
Сабақтың мақсаты:
|
· экологиялық мәселелердің туындауын және оның адамзатқа тигізер кері әсерін ұғындыру
· қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;
· шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қоршаған ортаны қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу;
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
плакаттар
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация, Күннің шуағы бейнеленген плакат
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға дайынсыздар ма? Тәрбие сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып, сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптастыру үшін «Shopping» ойынын ойнайық.
Ойын барысында барлығымыз өз бойымыздағы «жағымсыз» қасиеттерімізден арылып, бойымызға «жағымды» қасиеттерді жинаймыз
.
Топқа біріктіру. Кеспе қағаздар арқылы 3 топқа бірігеді.
І топқа «Суға» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.
ІІ топқа «Ауаға» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.
ІІІ топқа «Топыраққа» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.
|
Оқушылар сәлемдеседі.
Шаттық шеңберінде тұрып, өз бойындағы бір «жағымсыз» қасиетін сатып, өзіне жанында тұрған досының бойындағы жақсы бір қасиетін сатып алады. (Мысалы, Аділет: мен өз бойымдағы «ашуланшақ» қасиетімді сатып, жанымда тұрған Аружанның «сабырлық» қасиетін сатып аламын.)
Оқушылар қолдарына алған кеспе қағаздар арқыла қай топта отыру керектігін анықтап, «Су», «Ауа», «Топырақ» топтарынан орындарын тауып отырады.
|
Компьютер
Кеспе қағаздар
|
Сабақ басы (13 мин)
|
.Тәрбие сағатының тақырыбын ашу үшін бейне ролик көрсетіледі
https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/adam-zhane-tabihat
Оқушылар өздерің көрген бейне роликтен қандай ой түйдіңіздер және бүгінгі тәрбие сағаты не туралы деп ойлайсыздар? Әрине бүгін біз табиғат туралы, қоршаған ортаның ластануы туралы және оның шешу жолдары туралы айтатын боламыз.
1.Адам табиғаттың ажырамас бөлігі дегенге келісесіздер ме?
2.Қоршаған ортаның ең басты мәселесі (проблемасы) не?
3.Қоршаған ортаның ластануының ең басты әсер етуші фактор не?
4.Қоршаған ортаның ластануының қандай түрлерін білесіздер?
Twig-bilim.kz –тен бейне ролик көрсетіледі.
«Су» тобына
https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-water
«Ауа» тобына
https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-air
«Топырақ»тобына
https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-land
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы ойларымен бөліседі.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады, сабақтың тақырыбының табиғат туралы және оның ластануы туралы екендігін айтып,әр топ өз ойларымен бөліседі. Сұрақтарға жауап береді.
Әр топ бейне роликтерді көріп болған соң, аталмыш мәселелердің шешу жолдарын «ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы талқылап, ортақ шешімге келіп, көрсетілген мәселелердің шешу жолдарын постерге түсіріп, барлық сыныптастарына түсіндіріп береді.
|
BILIM LAND
|
Ортасы (20 мин)
|
Суретпен жұмыс.
Оқушылар, қоршаған ортаның мәселесі ғаламдық мәселе. Ғаламдық мәселелер көп жерде баршаға ортақ тіл ағылшын тілінде жазылатындығы бесенеден белгілі.Ендеше мына берілген суреттердің мағынасы туралы өз ойларыңызды бөлісіңіздер.
Мәтінмен жұмыс
https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/qaldyqtardyng-kobeyuinen-tonetin-qauip
Көрсетілген сілтемедегі № 5 кезеңіндегі қоқысты сұрыптау туралы мәліметпен танысып, №6 кезеңіндегі 2-жаттығуды орындайды
|
Әр топқа бір суреттен беріледі. Оқушылар топта суреттің мағынасын ашып, өз ойларымен топта бөліседі.
Оқушылар қалдықтарды қайта өңдеу туралы мәліметпен танысып, 2-жаттығудағы тұжырымдамаларды сәйкестендіреді
|
TWIG BILIM KZ
|
Соңы
|
« 9 гауһар» әдісі
1. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды күшейту керек.
2. Табиғатты таза ұстауды әркім өзінен бастау керек.
3. Табиғи жолмен тез ыдырайтын заттарды пайдалану керек
4. Қоқыстарды қайта өңдеу керек
5. Суды үнемдеу керек.
6. Жанармаймен жүретін көліктердің орнына, велосипедпен не жаяу жүру керек.
7. Жарықты пайдаланып болған соң өшіріп жүру керек
8. Баламалы энергия көздерін пайдалану керек
9. Топыраққа кері әсерін тигізетін химикаттарды қолданбау керек.!
Мінекей оқушылар, сабағымызда өз мәресіне жетіп қалды. Өздерің әр түрлі бейне роликтерді , табиғат туралы мәліметтерді оқып, қоршаған ортамызды қорғауды өзімізден бастау керектіген түсіндіңіздер деп ойлаймын. Өйткені табиғат тағдыры-адам тағдыры. Ендеше сабағымызды мына өлең шумағымен қорытындылайық.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысын
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
|
Оқушылар қоршаған орта ластануының шешу жолдары жазылған кеспе қағаздарды, әр топ өзара ақылдаса келіп, маңыздылығына, өзектілігіне қарай, жоғарыдан төменге ромб тәрізді етіп, қойып шығады.
Оқушылар өлең шумағын хормен айтады
|
bilimland.kz
|
.
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |