Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
темекінің зиянды жақтарын көрсететін нақыл сөздер, суреттер, мақал-мәтелдер.
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» Ендеше сабағымызды бастайық.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,
мектеп партасындағы
қатарлары бойынша
орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (18мин)
|
Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.
1-бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»
2-бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
3-бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».
Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.
Темекі, ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Темекі тартқаның –өзіңді құртқаның” тақырыбында өтеді. 19 қараша Халықаралық темекі тартудан бас тарту күні.
Сөзтізбек шешу (Денсаулық)
1. Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану керек (дене шынықтыру)
2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді? (гигиена)
3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата? (үнді)
4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі. (су)
5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды? (ауа)
6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі. (шылым шегу)
7. Дені сау адамның денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар? (валеология)
8. Адам денсаулығына ең керекті не нәрсе? (ұйқы)
9. Американ ғалымы П. Брэг адамдарда болатын аурулардың 99 %- ы неден болатынын айтқан? (тамақтанбаудан)
|
|
презентация
|
Ортасы (15 мин)
|
Салауатты өмір салты деген не?
1. Спортпен шұғылдану
2. Күн тәртібін ұстау
3. Жеке бас гигиенасын сақтау
4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегу.
Темекінің зияны туралы не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы, 384000 тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.
Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
Венн диаграммасы арқылы темекінің “зияны” мен “пайдасы” туралы
Көрініс: «Темекінің зияны»
Айша: Сымбат сәлем.
Сымбат: Сәлем.
Айша: Сымбат сен білесің бе? Біздің сыныптағы менің қасымда отыратын Ержан темекі тартады.
Сымбат: Оны қайдан білдің?
Айша: Өйткені ол үзіліс кезінде далаға шығып келеді. Сол кезде үстінен темекінің иісі шығып кетеді. Сосын күрк-күрк жөтеледі.
Сымбат: Масқара, темекінің денсаулығына зиян екенін білмей ме?
Айша: Темекіден адам денсаулығына зиянды аурулар таралады деп естіп едім. Жақында Ержанды ата-анасы дәрігерге көрсеткен екен, оның өкпесі қабынған депті. Біз ондай балалармен қалай дос боламыз?
Сымбат: Дұрыс айтасын, біз Ержан сияқты балалармен дос болып, өз денсаулығымызға балта шаба алмаймыз. Еліміздің болашағы біздің қолымызда. Сондықтан біз дені сау азамат болып өсуіміз керек.
Айша: Достар, еліміздің болашағын ойласаңдар жаман әдеттерден, темекі шегуден аулақ болыңдар!
Бірге: Біз темекіге қарсымыз! Оған жол жоқ!
|
Мұғалім қойған сұрақтарға ауызша жауап береді
Оқушылар венн диагаммасын толтырады
|
Компьютер
Плакаттар
|
Соңы
|
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!
«Денсаулық – зор байлық» демекші денсаулығымыздың өзіміздің қолымызда екенін әрдайым есте сақтайық. Сен өз өміріңнің қандай болғанын қалар едің?
|
Оқушылармен қоштасу
|
Презентация
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |