Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»



бет8/9
Дата03.01.2024
өлшемі80.38 Kb.
#488398
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
11-17

Тәрбие сағаты №16

«Жасыл шырша жанында»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл – күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, алғашқы теңгелер,монеталар

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Бәріміз қол ұстасып, шын жүректен бір-бірімізге күлкімізді сыйлап жанымыздағы досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі тілектермен жеткізейік.
-Сен нағыз доссың .
-Сен ең әдемі қызсың.
-Сен мейірімдісің.
-Сен ақкөңілсің.
-Сен әдептісің……

-Жарайсыңдар,оқушылар ! Әрқайсысың достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Бір сергіп алсақ, бүгінгі сынып сағатымызға көшелік. Балалар мен сенлерге қазір жұмбақ қоямын. Сендер сол жұмбақ арқылы біздің бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбын тауып көріңдер.
Жұмбақ
Ұлы тұлғалары бар
Керек құнды қағаздар (теңге)


Жарайсыңдар, бүгінгі бңіздің сынып сағатымыздың тақырыбы «Теңге ұлттық құндылығымыз»



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына
отырады.
Жұмбақтың жауабын табады.

презентация


Сабақ басы (13 мин)



Ой – қозғау
1. Ақша дегеніміз не?
2. Ақша қандай қызмет атқарады?
3. Ұлттық валюта дегеніміз не?
4. Біздің ұлттық валютамыз қалай аталады?
5. Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?

Оқушылар түсініп жауап береді

презентация

Ортасы (20 ми

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын
Биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл Мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты Түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз
Бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің
Мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен Бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы Орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің Ұлттық валютасын шығарды.
1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын Арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур


Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар Жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.Теңгенің 16 – ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Ұлттық валютамыздың Дизайның жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Төл Теңгеміз тек өз еліміздің экономикасын ғана емес, көрші жатқан елдің экономикасына Да үлесін қосты. Одан түскен пайда елге оралып экономикамыздың дамуына , Халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуда.
« Сиқырлы сандықша» ойынын ойнап көрейік.
-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар кімдер?
-Ақша қандай қызмет атқарады?
-Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
-Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған ?
-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?
-Қайдан несие алуға болады?
-Ақшаны қайда жинауға болады?
-Ұлттық валюта дегеніміз не?
-Теңге немен безендіріледі?
-Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?
-Қазақ теңгесі қайда басылды ?
-Сен ақшаны орынды жұмсай аласың ба?





бейнежазба



презентация

Соңы





Бүгінгі сабақ бойынша не түсіндіңіздер?
Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат
Болып өсуімізге борлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып
Еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіңдер, соған лайықты
Ұлан болып өсіңіздер! Сіздерге қатысқандарыңыз үшін рахмет.

Оқушылар өз ойларын айтады



презентация

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет