Тәрбие сағаты №17
|
«Парасаттылық туралы»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
Парасат
Ақыл
Білім
|
Сабақтың мақсаты:
|
оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікк, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ішкі тыныштық
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
Қанатты сөздер жазылған плакаттар
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Қайырлы күн қадірменді ұстаздар мен оқушылар!
Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлейік,
Жастарды парасаттылыққа әзірлейік.
Тәрбие мен білімді тең игерген
Болашағы жастардың деп тілейік – деп, бүгінгі «Парасат туралы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Ендеше ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы қыз, жігіттерімізді шақырайық.
"Қыз Жібек" тобы
Шыға келсе жарқ етіп таң атқандай,
Демің тартып қарайсың тағат таппай.
Әр қимылы әсем ән,әуез,ырғақ,
Аққу жүзіп айдынында бара жатқандай.
Күйдіргендей өртімен,
Қызықтырған көркімен.
Шуағын шашып келіп тұр
«Қыз Жібек» тобы
"Төлеген" тобы
Бозбаланың ән-жыры,
Шабыттансын өнері.
«Төлеген» тобы өренім
Арта берсін мерейің!
Сайыскерлер жауапқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырмаңды орында қысылмай кеп,
Жауап тапсаң сұраққа жарайсыңдар.
«Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» -деп халық даналары айтқандай білім сайысы.
Сұрақтар:
1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын алғаш зерттеген қазақ ғалымы кім?
2. «Қазақтың бас ақыны» атты мақаланы кім жазды?
3. Қазақтың үш бәйтерек, бес арысын ата?
4. "Қыз Жібек" фильміндегі Төлегеннің образын сомдаған актер?
5. Қазақ бұлбұлы?
6. Астана Қазақстанның несінші астанасы?
7. Қазақтың ұлттық дәстүрлі мерекелерін ата?
8. Ұлттық ойын түрлері және ұлттық бас киімдерді ата?
|
Өздерін таныстырып өтеді
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
презентация
|
Ортасы (20 мин)
|
Өнерпаз болсаң арқалан
«Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық». Ұлттық өнеріміз төлтума бітімімен, қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен қазынасы.
Кім жылдам?
Отан, дос, еңбек, білім, тақырыптарына байланысты мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар жарысы.
Дәстүр сыны.
Қойылған сұрақтарға кезекпен жауап беру керек.
1. Қонақ түрлерін ата
2. Үш арсыз, үш қуат, үш мақсат.
3. Жеті мүшел жас.
4. «Аужар» сөзінің мағынасы?
5. «Үт» сөзінің мағынасы?
6. Алты асқар деген не?
|
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді
мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар айтып жарысады
Қойылған сұрақтарғңа жауап береді
|
презентация
|
Соңы
|
«Білім мен парасат » сынының жеңімпаздарын хабарлау, марапаттау /Әділқазыларға сөз беріледі/.
Құреметті «Қыз Жібек» пен «Төлеген» тобының ойыншылары, әрқашан бүгінгідей бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ынтымағы мен бірлігі жарасқан, білімі мен парасаты асқан, болашағы зор байтақ еліміздің арқа сүйер ұл-қыздары болыңыздар!
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |