Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»



бет5/9
Дата03.01.2024
өлшемі80.38 Kb.
#488398
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
11-17

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Тақырып жазылған плакат, презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі
(7 мин)



-Құрметті ұстаздар,оқушылар!


Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.


Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп,өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.


Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар-намысын,ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты.Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.


1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.


Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
(1минут Үнсіздік жариялаймыз.)

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Бір минут үнсіздік






Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Оқушылардың өлең шумақтарын тыңдайық.


Кәусар С
Атамекен ақ үйдің
Азат болған күні бұл.
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні-бұл.


Әлнұр
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні-бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні-бұл.


Мырзабек
Алты алаштың баласы
Қауымдасқан күні-бұл.
Бір-бірімен жарасып
Бауырласқан күні-бұл.


Мадина
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл-күні!


Сабыр
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні-бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні-бұл.


Жанерке
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды,кенеле бер.
Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы,келе берер!


Санжар А
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О,тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне,тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!



Оқушылар тәуелсіздікке арналған өлең шумақтарын оқиды




Ортасы (20 мин)



«Тәуелсіздік жарығы» атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар. (Немересі – Нұрсая, әжесі – Жаңагүл)


Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?


Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой,балам.


Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?


Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.


Немересі: Онда тынығып алайық.


(Тынығып жатқан немересі түс көреді)


Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.


Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.


Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін .


Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!


Әр қазақтың есінде сақталады,


Желтоқсандық өркендер ақталады.


Ер намысын қорғаған сарбаздарым,


Ерліктерің мәңгілік сақталады.


Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,


Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.


Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,


Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын демекпіз


Сабина


Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Арна


Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер


Ата жұрттың арысы мен бергісі.

Оқушылардың ұйымдастыруымен көрініс




Соңы



Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тірегім» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Біздің тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Сендердің әрқайсысың Отанына қызмет ету үшін жақсы, әдепті, қайырымды, үлкеннің тілін алатын, кішіге қомқор бола білетін азаматтар болып өсулерің керек. Ата-бабамыз жанын қиып қорғаған ұлан-байтақ жердің иесі, болашақ иесі сендерсіңдер. Отанымыз жайнай берсін! Гүлдене берсін! - деген ниетпен ашық тәрбие сабағымызды аяқтай келіп, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін!



Хор «Көк тудың желбірегені»




Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет