Тәрбие сағаты №14
|
«Ер бала тәрбиесі - ертеңгі сәтті отбасының кепілі»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
«Ер бала тәрбиесі - ертеңгі сәтті отбасының кепілі»
|
Сабақтың мақсаты:
|
қазақ халқының ер бала тәрбиесіне деген көзқарасын талқылау;
ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаларды дәріптеу;
ер бала тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерін, қиындықтары мен жақсы жақтарын зерттей келе,
психологиялық тұрғыдан қарастыру;
қазіргі таңдағы ер балалардың бейнесін талдау.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық, бірлік қасиеттерін қалыптастыру, дүниетанымдарын қалыптастыру
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
Сауалнама парақтары
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
«Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің ең соңы болады» деп Қазыбек би айтқандай, қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Бүгінгі 7 А сыныбының «Ер бала тәрбиесі - ертеңгі сәтті отбасының кепілі» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады
Бейнероликті мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
|
Интерактивті тақта
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Сымбат
Нағыз жігіт – қорған болар халқына,
Нағыз жігіт – берік болар антына,
Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді.
Адал болар ата – баба салтына! - демекші әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген..
Мәдинүр
Иа, дұрыс айтасың. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Бүгінгі бағдарламамызда ұл бала тәрбиесін жан-жақты талқыға салып, өзіндік ерекшеліктерін ашуға тырыспақпыз. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді дана халықымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөзі бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек?
Би «Ертүрік»
|
Оқушылар өз ойларын айтады
|
презентация
|
Ортасы (20 мин)
|
Бағдарламамыздың келесі айдары «Сыр-сұхбат» деп аталады.Тәрбие сағатына келген Әкелермен сұхбат
Сізге қойғым келіп отырған алғашқы сұрағым: «Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі деп бекер айтылмаса керек, өзіңіз ұлдарыңызды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды қаншалықты қолданасыз?
«Ұлдарыңыз сіздің айтқан кеңестеріңізге құлақ аспай, өз дегендерін істеген кездері болды ма, болса осы жағдайда сіз қалай шештіңіз?
Бала өмірлік маңызы бар шешім қабылдаған кезде, мысалы, мамандық таңдауда т.б. балаға еркіндік берген дұрыс деп ойлайсыз ба әлде ата-ана өзінің пікірі арқылы ықпал ету керек деп санайсызба?
|
|
Презентация
|
Соңы
|
Нағыз ер адамға тән қасиеттер.
1.Ұғымды, ойлы ететін зерде –зейінің.
2. Сені өрге сүйрейтін –өнер-өрісің.
3. Тек ілгері бастайтын –талабың.
4. Ешқашан алдамайтын -тапқырлығың
5.Қиындықта саналатын –қайратың
6. Бәрінен де күшті- Білімің.
Ал керісінше, жігіттің жолын кесіп аяғына тұсау болатын жаулары
1. Жалқаулық
2. Аңқаулық
3. Жасқаншақтық
4. Пасықтық
5. Су жұқпас сұйықтық
6. Өсекшілдік
7. Мылжындық
Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты, елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық болмақ.
Осымен бүгінгі іс-шарамыз өз мәресіне жетті, назар қойып тыңдағандарыңызға, бізбен бірге болғандарыңызға көп рахмет! Сау саламатта болыңыздар!
|
Ән «Мен қазақпын»
|
Интеракитивті тақта
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |