Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған әдебиет тақырыбын оқып келуге беремін.
Күні: 14.01.15ж Пәні: әдебиет және өнер Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: 1930 –1960 жылдардағы қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
а)әдебиет пен саясат арасындағы байланыс туралы түсінік беру;
ә) мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды
елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: мазмұндап оқу,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: әдебиеттер т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі қазақ әдебиетіне қандай жанрлар алып келді?
2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліснде жанқиярлықпен елін қорғаған батырлар кімдер?
3. Осы батырлар жайында жазған қай ақындардың өлең, дастандарын айтар едіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
20-30 жылдар жаңаша ізденістерге бет бұрған дәуір болды. «Әдебиет ескі қоғамды қиратып, жаңа тұрмыс орнатамыз» деген ұранды өмірдің шындығына сүйенді. Әдебиеттің жанрлық түрлері кеңейіп, ұлғая түсті. Бұл бағыттағы жаңа әдебиеттің алғашқы қарлығаштары ретінде С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқановтар көрінді. Сондай-ақ олардың қатарын А.Тоқмағанбетов, Ө.Тұрманжанов, Ж.Сыздықов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, И.Байзақов және т.б. толықтырды. Осылардың еңбегімен дәстүрлі қазақ өлеңі көркемдік ізденістерін байытып, лирикалық сипат алды. М.Жұмабаевтың махаббат, табиғат тақырыбына жазған жырлары туды. С.Сейфуллиннің «Көкшетау», С.Мұқановтың «Сұлушаш», И.Байзақовтың «Құралай сұлу», сюжетті поэмалары жазылды. Қазақтың көркем прозасы Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек», С.Мұқановтың «Адасқандар», М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», С.Сейфуллиннің «Айша», Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» роман, повесть, әңгімелері қалыптасып, өзінің өміршең беталысын танытты.
Драматургия саласында М.Әуезовтің («Еңлік – Кебек», «Қарагөз»), Ж.Аймауытовтың («Шернияз»), С.Сейфуллиннің («Қызыл сұңқарлар»), Б.Майлиннің («Көзілдірік») еңбектері де өнімді болды.
1934 жылы әуелі Қазақстан жазушыларының, кейін КСРО Жазушыларының съездері өтті.Ақын-жазушылардың алдыңғы қатарлы тобы әлем және орыс әдебиетінің үлгілерінен үйрену арқылы ұлттық сөз өнерін байыту саласында ізденістер жасады.
Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі жылдарда қазақ әдебиеті жауынгерлік тақырыпты кең жырлады. Бұл кезде поэзия , ұшқырлық танытып, халықты жауға қарсы үндеуге, жау озбырлығын әшкерелеуге, әділетсіз соғыс атаулыны айыптауға айыптауға үлесқосты. Бірқатар тәуір өлеңдер майдандағы ұрысқа қатысқан қазақ ақындарының (Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, Қ.Аманжолов, Ж.Саин, Қ.Бекхожин және т.б.) қаламынан туды.Баубек Бұлқышевтің публицистикалық мақалалары жауынгердің жан дүниесін кең ашыпкөрсетті. Соғыстың соңын ала үлкен прозада М.Әуезовтың «Абай», Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары басылды.
40-жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиеті туындылары одақтық аренаға шығып, сол арқылы шетел халықтарының тілдеріне аударыла бастады. Қазақ әдебиетін әлемге танытқан үлкен прозаның үлгілері қатарынды М.Әуезовтің «Абай», С.Мұқановтың «Ботагөз», «Сырдария», Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», «Қарағанды», Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романдары бар еді.
30-жылдары әдебиет сыншысы есебінде танылған Б.Кенжебаев, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиевтар әдебиеттану ғылымына ауысып, жаңа еңбектер жазды.
Қ.Жұмалиевтың «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1948), ХVІІІ – ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1958), Б.Кенжебаевтың «Қазақтың ХХ ғасыр басындағы демократ ақын-жазушылары» (1957), Е.Ысмайловтың «Ақындар» (1958) атты іргелі зерттеулері басылды.
Коммунистік режим мезгіл-мезгіл шығармашылық интелегенцияға шабуыл жасап, оларды ұлтшылдықпен қорқытып, ашық сынға ұшыратып отырды. 1929 жылы А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов бастаған бір топ қаламгерлерге саяси айып тағылып, қамауға алынды. Олардың М.Әуезовтан басқалары атылып, жер ауып кетті.
Кітаппен жұмыс:
Кітаптан Ұлы Отан соғысынан кейінгі мол қырғыннан аман қалған жазушыларға хронологиялық таблица жасайды.
Білімді бекіту:
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 60 жылдардағы қазақ әдебиетін оқып келуге беремін.
Күні: 21,28.01.15ж Пәні: әдебиет және өнер Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке,адамгершілікке баулу;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарастарын дамыту.Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау.Мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
б) туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген 1930-60 жылдардағы әдебиет туралы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Осы жылдардағы қазақ даласының жай-күйі, әдебиет жанрлары, сондай-ақ осы жылдардағы көлемді проза, поэзия өкілдері туралы айтып көр.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
ХХ ғасырда қазақтың ұлттық әдебиетінің жаңа жолмен дамуына үлкен үлес қосқан қаламгердің бірі – Сәкен Сейфуллин.Ақын халықтың азаттығы мен тәуелсіздігі мәселесін жаңа өкімет саясатымен байланыстыра қарады. «Езілгендер мен қаналғандарды қатарға қосамыз, қоғамның қожасы етеміз» деген идеяға сеніп, қызмет етті.
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысына қарасты Ақмола уезіндегіНілді болысының Бірінші ауылында ( қазіргі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданы) туған. Сәкеннің әкесі Сейфолла орта шаруалы, өз еңбегімен күн көрген адам болған. Ол жасынан ел ішінде ақын-жыршылардың, әншілердің өлең-жырларын қызыға тыңдап,соған құмартып өскен.
Сәкен әуелі ауыл молдасынан оқып хат таниды. 1905 жылы ол Нілді мыс қорыту зауытына келіп, кісі қолында жұмыс істеп жүріп орысша үйренеді. 1906 жылы қазақ-орыс мектебіне түсіп, екі жылдай оқиды.
1908 жылы С.Сейфуллин Ақмола қаласына барып, Приходская школаға түсіп оқиды. Онда екі жыл оқып, кейін үш сыныптық училищеге түседі. Мұны ол 1913 жылы бітіреді.Бұл жылдары ол орысша білімін жетілдіріп, орыс әдебиеті кітаптарымен танысады.
1913-1916 жылдары С.Сейфуллин Омбы қаласындағы оқытушылар семинариясында оқиды. Осы жылдары ол қараңғы халық ішіне мәдениет тарату мақсатында студенттердің «Бірлік» атты үйірмесінің жұмысына белсене қатысады. Осы үйірменің көмегімен 1914 жылы Қазан қаласында Сәкеннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы басылады.
1916 жылы жазда Сәкен Ақмола маңында халықтың патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісін қарсы алады.Көтерілісті қуаттап өлең жазады.Сол жылдың күзінен 1917 жылдың ақпанына дейін Сілеті-Бұғылы деген жерде ауылда мұғалім болып қызмет атқарады.
1917 жылы патша өкіметі құлағаннан кейін, ол Ақмола қаласына келіп,қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.Ақмолада ұйымдасқан Совдептің оқу-ағарту комиссары болып сайланады.
1918 жылы маусым айындағы ақ казактар мен контрореволюцияшыл чехославактардың көтерілісі кезінде Ақмолада кеңес өкіметі құлап, Сәкен бір топ жолдастарымен революция дұшпандарының қолына түседі. Ол Ақмола, Петропавл түрмелерінде, атаман Анненковтың «Азап вагонында» , Колчактың Омбы лагерінде ауыр азаптар шегеді. Осы азаптан Сәкен 1919 жылы қашып шығып, «Дүйсенбі» деген жалған ат жазылған құжатпен жаяу Павлодар, Баянауыл арқылы туған еліне жетеді. Одан кейін Әулиеата қаласына келіп, Совдептің көмегімен Сарысу, Шу, өзенінің бойындағы елдерде кеңестендіру жұмысын жүргізеді.
1920 жылдың қазан айында Қазақ Автономиялық Республикасы құрылады. 1922 жылыф Қазақстан халық-ағарту комиссарының орынбасары, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болып істейді.
1925-1937 жылдары С.Сейфуллин Қазақстандағы әртүрлі мәдени-ағарту орындарында - Жазушылар одағында, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының редакцияларында басшы қызметтерде болды.
1922 жылы оның «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы, «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары жеке кітап болып басылып шықты. Кейін ақынның «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында», «Көкшетау», «Альбатрос», «Қызыл ат» атты өлең-поэмалары жарық көреді.
Проза жанрында «Тар жол тайғақ кешу» романы, «Жер қазғандар», «Айша», «Жемістер» атты повестері мен әңгімелері жарияланады.
Ақын 1937 жылы «халық жауы» есебінде тұтқындалады. 1938 жылы түрмеде өзі орнатысқан өкіметтің қолынан атылады.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Сейфуллиннің шығармашылығын оқу.
Күні:22.10.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллинің «Көкшетау» поэмасы
(Қалмақ қызы мен Адақ образы. Ақынның портрет жасау шеберлігі)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: поэманы түсініп,мәнерлеп,көркем оқи білуге баулу;поэманың көркемдігін,әдебиет тарихында алатын орнын,ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру; сабақтың жаңа әдістерімен жұмыс жасауға үйрету. Дамытушылық: поэманы талдай білуге төселдіру;түсініп оқу,сөз астарына үңіліп,мағынаны түсіндіру,сын тұрғыдан ойландыру,түйінді ой айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу. Тәрбиелік: туған жерге деген сезімдерін тәрбиелей отырып,сүйіспеншіліктерін арттыру,шығармашылық ізденіске жұмылдыру,елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мұғалім сөзі,сұрақ-жауап,прблемалық сұрақ,көрнекіліктер,шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: хронологиялық кесте,Венн диаграммасы,суретер,ауызша журнал.
Сабақтың жүргізілу барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушызейінін сабаққа аудару.
2.Сабақтың мақсатымен,тақырыбымен таныстыру.
ІІ.Үй жұмысы.
С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын сұрап, білімдерін бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Поэманы қысқаша түсідіремін, содан кейін оқушылар кітаппен жұмыс жүргізеді.
«Көкшетау» - туған жер туралы,оның ғажап сұлулығы мен тарихы жайлы поэма.
Поэманың «Оқжетпес» тарауында таудың зәулім екенін танытатын сөздер мен сөз тікестерін мына төмендегі жолдардан көруге болады.
Сүп-сүйір бейне найза шың,құз биік,
Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсер тұрған киіп.
Тіп-тік шың көкке қарай кеткен бойлап,
Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.
Біз бүгінгі сабағымыда поэмадағы қалмақ қызы мен Адақ образына және ақынның портрет жасау шеберлігіне тоқталамыз.
-Портрет дегеніміз не?
-Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін,кескін-кейпін,жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейміз.
-Біз бұл суреттеулерді қай шығармалардан кездестірдік?
Кім айтады?
Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар», Б.Майлин «Шұғаның белгісі», М.Әуезов «Әжемнің әңгімесі», Ж.Аймауытов «Ақбілек»,т.б.
Ақын суреттеуіндегі қалмақ қызы қандай?
Сұлу,ақылды,мінезді,адамгершілігі мол,сүйіспеншілігі тұрақты,байсалды,тапқыр.
Қыздың ақылдылығы қай жерде байқалады?
Қыздың ақылдылығы кімге баруды таңдау өзіне берілген кезде көрінеді.Ол көл жағасындағы биік шыңның басына орамал байлатып,кімде-кім соны атып түсірсе,соған бармақ ойын білдіреді.
Ақын оның көркін қалай суреттейді,оқулықтан тауып оқимыз.
Сол қыздың он жетіге келген жасы
Оралған аш беліне қолаң шашы.
Қап-қара қарлығаштың қанатындай
Иілген ақ маңдайда екі қасы.
Аш белі көк шыбықтай солқылдайды,
Қолаң шаш бейне жібек толқындайды...
Батырлар сол сұлуға салыстырған
Жалғыз ақ аспандағы күн мен айды.
Осы суреттеуде ақын қандай бейнені ұсынады?
Ақын портрет жасау бейнесін ұсынады.
Ақын тұтқын қыздың бейнесін неге теңейді?
Оның тұтқындағы солғын өңін үзілген қызғалдаққа теңейді.
Тағы неге балайды?
Мергеннің оғы тиіп,әлсіреп қолға түскен бала киікке балайды.
Сұңқардың баласындай қолға түскен,
Құланның құлынындай қолға түскен.
Тұтқын қыз жауларына жалтаңдайды
Киіктің лағындай қолға түскен
Оқушылар ақын қызды тек асқан сұлу еді деп сырттай тамсанып,құрғақ баяндай бермейді.Бірер деталь,аз суретпен оның келбет, реңін көріктендіре ашады.
Міне,оқушылар образдың күші.Ақын тек құбылыстың картинасын көруші емес,соны лирикалық қаһарман сезіміне,талғамына сай өрнектеуші.Сол себептен де көркем әдебиеттегі әр сәтті деталь,образ әсерлі болады,сондықтан біз шығарманы қызыға оқимыз.
Мен оқушыларды одан әрі талдауға төселдіремін.
-Ал қыздың қасын қалай бейнелеген?
-Қап-қара қарлығаштың қанатына теңейді.
-Ақын тек теңеумен шектелмейді,қарлығаштың қанатындай болып келуін көрсетеді.
Өзім түсіндіріп өтемін..
«Аш белі көк шыбықтай солқылдайды» деген жолдан не көруге болады?
«Қыз белінің жіңішкелігін және жарасты қимыл-қозғалыс үстіндегі қалпын тамашалауға болады.
«Қолаң шаш бейне жібек толқындайды» жолына үңілсек ше?
Қыз шашы жұмсақ әрі қалың.
«Жаутаңдайды»сөзінен не түюге болады?
Қыздың әрі қорқып,әрі үміттене қарауын аңғарамыз.Сонымен қатар онда сондай бір мөлдірлік,сүйкімділік бар.
Міне,өнер құдіреті,оның адам сезіміне әсер ету күші образ мәні осындай.
Адақ поэмада қалай суреттеледі?
Ол поэмада кең пейілді,адал,ер жүрек,қайырымы мол адам болып суреттеледі.
Ақын тағы оның қандай қасиеттерін толықтыра түседі?
Іске тиянақты,әділ,кішіпейіл,елге жаққан ер мінезді,оның үстіне ол - әнші.
Ақын оның ұнамды портретін қалай бейнелеп береді?
Кім тауып оқиды?
- Қара сұр ұзын бойлы,емес талпақ.
Денесі көк құрыштай,өрдей шалқақ.
Қыр мұрын,қарагер көз,қара мұртты,
Қақпақтай қобы жауырын, - топшы жалпақ,
Солқылдақ көк құрыштай,біткен жіптік,
Жараған аш бөрідей белі жіптік..
Ыңғайлы,сұлу сида,сұңғақ дене,
Жараған бәйгі кердей ықшам сыптық
Білінген шиыр дене,бейне шойын,
Жұп-жұмыр сом боп біткен жігер мойын
Денесі бұлшық етті,терткен күшті,
Бәйгі атша ширатады тұла бойын.
Адақтың күшті екенін сыртқы келбетінен-ақ аңғаруға бола ма? Кім айтады? Біз ол келбетті қай сөздерден аңғарамыз?
«Көк құрыштай». Бұл тіркес оның денесінің пісіп,қатқаны сондай,тығыз,қатты екені білінеді.оның бейнесін одан әрі «бейне шойын» тіркесі дамыта түседі.Тіпті саусақпен түртсең,қол батпайтындай әсер қалдырады.
Оқушылар,бәріңе ортақ сұра:Биіктегі орамалды атып түсіру кезінде Адақ қай сипаттармен танылады?
Мергендігі мен күштілігі.Мерген болмаса,дәл тигізе алмас еді.Қарулы болмаса,садақ оғын сонша алысқа жеткізе алмас еді ғой.
Ал,жұмбақ шешуінен нені аңғарамыз?
Ақылдылығы,данышпандығы танылады.
Өзінің үйлену мүмкіндігі бола тұра,қызды азат етуді өтінуі кезінде Адақ қандай сипатымен ерекшеленеді?
Мейірімділігімен.
Сонымен оқушылар,поэмада көп түрлі әсемдіктер осылай толыса,өріле келе,жалпы сұлулық,пәктік атаулыны аялай білу идеясына жетелейді.
IV. Бекіту.
Оқушыладың сабақтан алған білімдерін тиянақтау мақсатында «Венн диаграммасын» пайдаланам.
V.Қорытынды.
Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда табиғат пен адам бойындағы сан түрлі сұлулық,тазалықт көрсете білу мен олардың бойындағы адал да,қарапайымдылықты талдап,өзкөзімізбен көре білдік.Сол адал жанды,ақылды адамдар сияқтыбіз де білімді,адал бола білейік.
Мен бұл сабағымда образ талдауды жалай күйде емес,көбінесе сұрақ-жауап әдісін,сұрақ арқылы ойланту әдісін қолданып,іздендіре оқуға тәрбиелеймін.
VII. Үйге тапсырма.
Шығарма жазу: «Сәкен – табиғат пен адам өмірінің жыршысы».
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы»
Сабақтың мақсаты: білімділік-поэма мазмұнын түсіну,теориялық талдау жасау;дамытушылық - өз ойын,сезімін еркін жеткізе білу,өмірмен байланыстыру,шығармашылыққа баулу; тәрбиелік – достықты аялау,сезімге адалдық,табиғатты қорғау,әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суретті плакат,портрет,сызбалы кестелер,үлестірмелі қағаздар,семантикалық карта.
Әдісі: ЖБИМ (жаңа білімді игеру моделі),сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру: а) сәлемдесу; ә) түгелдеу; б) құралдарын даярлау.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
Оқушыларға топтық жұмыс орындату
1.Категорияны топтастыру стратегиясы.
2.Семантикалық картамен жұмыс.
Үзінді
|
Ауасы дертке дауажұпариісті, Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?
|
Сақалы төсін жапқан қыр мұрынды,Киюлі баста жатыр дулығасы.
|
Шіркін тауық, шырқ айналар,жемің болса қолыңда
|
Қарасаң етегінен шың басына,Тақия жерге түсер тұрған киіп.
|
Мініп ап Керкөжекке қайран сұлу, Бұралып қош айтысып жөнеп берді.
|
Астымда ақ боз атым сылаң сағым
|
Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл ойлы-қырлы панасы бар.
|
«Жеке батыр»
Сыр сандық»
«Көкшетау»
«Қалмақ қызы»
«Оқжетпес»
«Тау ішінде»
«Ақсақ киік»
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |