Жаңа сабаққа кіріспе
|
Мұғалім тұздардың алу жолдарын көрсететін реакциялардың ауызша теңдеулерінің схемаларын таратады.
|
Жаңа материалды үйрену. Топтық жұмыс.
Студенттер əрбір əдіс бойынша реакциялардың мысалдарын көрсетуі керек.
Теңдеулер схемасы:
Металл + бейметалл = тұз
2. негіздік оксид + қышқылдық оксид = тұз
3. негіздік оксид + қышқыл = тұз + су
4. қышқылдық оксид + сілті = тұз + су
5. қышқыл + негіз = тұз + су
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Химия 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. «Тұздардың қасиеттері және алынуы» . Схемалар
|
Сабақтың ортасы
15 мин.
|
Зертханалық жұмыс № 9 «Тұздардың қасиеттері және алынуы»
Оқу мақсаты:
8.3.4.10 -тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
|
Тапсырма :
1. Осы реагенттердің көмегімен бір тұзды алу және бөліп алу әдісін ұсыныңыз. Тәжірибе барысында сүзу және булануды әдістерін қолдану керек.
2. Жұмысты орындау кезінде қажетті жабдықтар мен сақтық шараларын анықтаңыз.
3. Эксперимент жүргізіңіз.
4. Реакция үшін теңдеуді жазыңыз.
5. Ұсынылған реагенттерден тұздардың алудың тағы басқа тәсілдерін ұсыныңыз (кем дегенде үш). Реакция теңдеуін молекулалық және иондық формаларда жазыңыз.
7. Тұздарды алу әдістері бойынша қорытынды жасаңыз.
Таңдау нұсқасы - ерітінділер: натрий гидроксиді, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, натрий карбонаты; қатты: мыс (II) оксиді, мырыш оксиді.
|