Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
|
Сабақтың ортасы
15 мин.
|
Мұғалім жану процесін еске түсіруге шақырады. Оқушылар жану нәтижесінде оксидтер түзілетін химиялық процесс екенін түсінеді.
|
Оқушылар отынның жану химиялық реакциясын жазады.
Мұғалім оқушыларға мәселе тудырады:
Заттардың жану нәтижесінде не түзіледі?
Су мен көмірқышқыл газ ылғи түзіле ме?
Жоқ, мысалы магний жанғанда оттегімен әрекеттесіп магний оксидін түзеді.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
Мұғалім магний мен фосфор жану реакциясын және пайда болған өнімнің суда еруін көрсетеді.
|
Индикатор көмегімен ерітінді ортасын анықтайды. Оқушылар реакция теңдеуін жазады.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
|
Жеке жұмыс
5 мин
|
Мұғалім оқушыларға негіздік және қышқылдық оксидттер кеспелерін ұсынады. Осы заттарды жіктеуді ұсынады.
|
Оқушылармен нәтижесін талдайды. Қышқылдық пен негіздік оксидттерден басқа амфотерлі (екідайлы) оксидттер болады.
Химиялық реакция теңдеулерін аяқтап оксид типін көрсетіңдер:
Натрий + оттегі =
Күкірт + оттегі =
Көміртегі + оттегі =
Кальций + оттегі =
Алюминий + оттегі =
Азот + оттегі =
|
Оқушылар жұмыстарымен ауысып бір-бірін тексереді.
|
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|
Рефлексия:
«Пияз сақиналары» оқушылар екі шеңбер құрады, бір-біріне бетпе-бет. Ішкі щеңбер оқушылары оксид атайды, сыртқы щеңбер оқушылары оксид типін атайды. Шеңбер ылғи қозғалыста болады.
Үй жұмысы: оксидттерді теріп жазып алып, жіктеңдер: Са, S, О, О2, С, Аl, Mg, О3, N, Fe. СаО, SO2, СО, СО, Al2O3, MgO, NO, NO2, FеО3, SО3, NO3, FеО.
|
«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|