«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»



бет10/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

4-тарау. Ашық конкурс

246. Ашық конкурсқа қатысты сауда-саттық туралы хабарламаны егер өзге мерзімі Комиссия шешімінде немесе осы Қағидаларда көзделмесе, Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін 15 жұмыс күнінен бұрын кешіктірмей жариялайды.

247. Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көзделген мәліметтерден басқа, Ашық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарлама мыналарды:

1) Конкурстық ұсыныстарды қабылдайтын орнын, тәртібін, сондай-ақ басталған және аяқталған күні мен уақытын;

2) Активтің немесе Объектінің бастапқы бағасын;

3) Конкурстық өтінімді бағалау өлшемдерін;

4) Конкурстық өтінімнің мазмұнын;

5) егер Комиссия шешімінде көзделсе, Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген Конкурс шеңберінде жіберілген Конкурстық өтінімді бағалау өлшемдеріне сәйкес ең төменгі талаптарды;

6) Ашық конкурстың қорытындыларын жүргізу күнін қамтуы тиіс.

248. Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау және тіркеу Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында Сауда-саттық туралы хабарлама жариялағаннан күннен бастап жүргізіледі.

249. Ашық конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім кемінде 15 жұмыс күнін құрауы тиіс және мерзімді баспасөз басылымында Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен басталады.

250. Ашық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаны тарату үшін жарнамалық құралдар, оның ішінде Комиссия шешімінде белгіленген тұлғаларға Сауда-саттық туралы хабарлама атаулы жіберу қосымша пайдаланылуы мүмкін.

251. Ашық конкурсқа қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген нысан бойынша тиісті өтініш беруі қажет.

252. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Ашық конкурсқа қатысуға өтініш беруге арналған мерзім аяқталған күні өтініштері бар пакеттердің ашылуын жүргізеді және оларды Сауда-саттық туралы хабарламаның және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді. Ашық конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және өтініш берушілерге телефон байланысы, электрондық пошта немесе өзге де байланыс құралдары арқылы анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлайды.

253. Ашық конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Ашық конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін мерзім аяқталғанға дейін 7 жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды. Анықталған сәйкессіздіктерді жоюға арналған мерзім аяқталған күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы сәйкессіздіктері жойылған өтінішті қайта қарайды және Комиссиямен келісе отырып Ашық конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлғаларға рұқсат беру (немесе рұқсат беруден бас тарту) және оларға Ашық конкурсқа Қатысушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды. Егер Сауда-саттық туралы хабарландырудың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздікті тексеру нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталмаған болса, онда Ашық конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлғаларға рұқсат беру (немесе рұқсат беруден бас тарту) және оларға Ашық конкурсқа Қатысушы мәртебесін беру туралы шешімді конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдауға арналған мерзім аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

254. Осы Қағидалардың 252 және 253-тармақтарында көзделген мерзімдер Комиссияның Шешімімен Ашық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы Хабарламаның жариялану мерзімі азайтылған жағдайда, азайтуға қарай өзгеруі мүмкін.

255. Егер Ашық конкурсқа қатысуға барлық өтініштерді қарағаннан кейін Ашық конкурсқа 2-ден аз тұлға жіберілген жағдайда, Ашық конкурс өткізілмеді деп танылады.

256. Ашық конкурстың қатысушысы Ашық конкурсқа өзі немесе өзінің уәкілетті өкілдері арқылы қатысуға құқылы.

257. Ашық конкурсқа қатысушы Актив немесе Объект, Сауда-саттық туралы хабарландыру (және оларда бекітілген Конкурстық өтінімді бағалау өлшемдері) бойынша Құжаттамалар топтамасына және Сауда-саттықты ұйымдастырушылар ұсынған өзге де ақпаратқа сәйкес Конкурстық өтінім дайындайды. Қатысушының конкурстық өтінімі сатылатын Активтің немесе Объектінің сатып алу бағасы туралы талаптарды қамтуы тиіс емес.

258. Оған барлық қосымшаларымен бірге, Қатысушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) бекітілген Конкурстық өтінімді Қатысушы Сауда-саттық туралы мерзімді баспасөзде жарияланған күннен бастап 35 жұмыс күнінен кем болмауы тиіс Сауда-саттық туралы хабарландыруда көрсетілген Конкурстық өтінімдерге арналған мерзім ішінде жабық конвертке салып ұсынады. Бұл мерзім Комиссияның шешімімен Ашық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаның жариялану мерзімі азайтылған жағдайда, азайтуға қарай өзгеруі мүмкін. Конкурстық өтінім тігіледі, беттері немесе парақтары нөмірленеді, соңғы беті немесе парағы Қатысушының қолымен және мөрімен (егер бар болса, заңды тұлға үшін) расталады.

259. Конкурстық өтінім салынған жабық конверттің бет жағына Қатысушы Ашық конкурсқа қатысу үшін Активтің немесе Объектінің атауын көрсетуі қажет, ол бойынша Қатысушының Конкурстық өтінімі беріледі.

260. Тиісті дәрежеде ресімделген Конкурстық өтінім Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша Қатысушыға Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген Конкурстық өтінімді беруге арналған мерзім ішінде беріледі, ол мерзім Сауда-саттық туралы хабарлама мерзімді баспа басылымдарында жарияланған күннен бастап 35 жұмыс күнінен аз күнді құрауы мүмкін. Осы мерзім Ашық конкурстқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялау мерзімі азайған жағдайда, кему жағына Комиссияның шешімімен өзгеруі мүмкін.

261. Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген Конкурстық өтінім салынған конверт ашылмайды және Қатысушыға қайтарылады.

262. Ашық конкурстың әрбір Қатысушысы бір ғана Конкурстық өтінім беруге құқылы. Коекурстық өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күннен кешіктірмей Ашық конкурстың Қатысушысы Конкурстық өтінімді қайтарып алу құқығынсыз оған өзгерістер және/немесе толықтырулар жіберуге құқылы. Қатысушының бұрын берілген Конкурстық ұсыныстардың қайтарылып алынбауы талабында бір және сол Ашық конкурсқа қатысуға екі және одан көп Конкурстық өтінім беру фактісі белгіленген жағдайда, барлық осы Конкурс ұсыныстар қаралмайды және Қатысушыға қайтарылады.

263. Сауда-саттық ұйымдастырушысы Конкурстық өтінімдерді қабылдауды және тиісті Конкурстық өтінімді тіркеу журналында оларды тіркеуді жүзеге асырады.

264. Салалық компанияның комиссиясы Сауда-саттық туралы хабарламада белгіленген мерзімде, бірақ Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін 30 минутта аспайтын мерзімде оларды ашуды жүргізеді, оған Ашық конкурс Қатысушылары мен олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы. Әр Конкурстық өтінімді ашқаннан кейін Салалық компания Комиссиясының отырысына төрағалық жасайтын адам Конкурстық өтінім салынған конверттегі материалдар мен құжаттар тізімін жариялайды.

265. Конкурстық өтінімдерді ашқан күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде Комиссияның хатшысы Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оның көшірмесі Конкурстық өтінім берген Ашық конкурс Қатысушыларының сұрауы бойынша 1 жұмыс күні ішінде оларға беріледі. Егер Конкурстық өтінім беру мерзімі аяқталғанда Сауда-саттық ұйымдастырушысы 2-ден аз Конкурстық өтінім алған болса, Ашық конкурс өткізілмеді деп танылады, ол Ашық конкурс қорытындылары туралы тиісті хаттамада тіркеледі.

266. Комиссия Конкурстық ұсыныстары салынған конверттерді ашқан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады.

267. Осы Қағидалардың 266-тармағында көрсетілген мерзім Комиссия шешімімен бірнеше рет, бірақ 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

268. Комиссия Сауда-саттыққа қатысуға өтініштерді қарау кезінде алынған немесе Конкурстық өтінімде көрсетілген Қатысушының қаржылық, ұйымдық, басқару және өзге де мүмкіндіктері сынды Қатысушылар туралы мәліметтер ескерілген Конкурстық өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша Компанияға, Қорға және тиісті өңірге жақсы жағдайлар көрсетілген Конкурстық өтінімді анықтайды.

269. Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген Конкурстық өтінімдер бағалары өлшемдеріне сәйкес ең төменгі талаптарға жауап бермейтін Конкурстық өтінімді, сондай-ақ Компания, Қор және тиісті өңір үшін ең үздік талаптары бар деп танылмаған Конкурстық өтінімдерді Комиссия қабылдамайды, ол туралы Конкурстық өтінімдерді қарау қорытындылары туралы хаттамада тиісті белгі жасалады.

270. Конкурстық өтінімдерін Комиссия қабылдамаған адамдар Ашық конкурсқа қатысушылар мәртебесін жоғалтады.

271. Егер осы Қағидалардың 269-тармағына сәйкес Конкурстық өтінімдердің қабылданбауы нәтижесінде 2-ден аз қабылданған Конкурстық өтінім қалса, Ашық конкурс өткізілмеген деп танылады.

272. Ашық конкурсқа қатысушыларға Комиссия Конкурстық өтінімдерді қарағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы өтетін күн, орын және уақыт туралы хабарлама жіберіледі. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы көрсетілген хабарламаға сәйкес өткізіледі.

273. Ашық конкурсқа қатысушылар және олардың уәкілетті өкілдері Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысын жүргізуде аудио- және бейнежазба апаруға құқылы.

274. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы өткізілетін үй-жайға Комиссия мүшелерінен, Бірыңғай оператор, Салалық компания және Компания өкілдерінен басқа, мына адамдар:

1) Ашық конкурсқа қатысушылар немесе жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсеткенде Ашық конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде Ашық конкурс қатысушысы берген сенімхатта көрсетілген олардың уәкілетті өкілдері;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және Комиссия хатшысына берілетін оның өкілеттігін растайтын құжаттың тұпнұсқасын көрсеткенде Ашық конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде Ашық конкурс қатысушысы берген сенімхатта көрсетілмеген Ашық конкурсқа қатысушылардың өкілдері жіберілуі мүмкін.

275. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы өткізілетін үй-жайға кірген кезде әрбір Ашық конкурсқа қатысушыға (немесе оның тиісті дәрежедегі уәкілетті өкіліне) Ашық конкурсқа қатысушының атауы жазылған 1 тақтайша беріледі. Осындай тақтайша алған адамның аты-жөні, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттары және өкілеттіктері туралы мәліметтер Ашық консурсқа қатысушыны тіркеу журналына жазылады, оған осындай тақтайша алған адам өз қолын қояды. Ашық конкурсқа қатысушылардың тіркеу журналының деректері Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.

276. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы Салалық компания, Комапния және Бірыңғай оператор өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

277. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы басталған кезде төрағалық ететін адам мыналарды:

1) өткізілетін Активтің немесе Объектінің толық атауын және оның қысқаша сипаттамасын;

2) Комиссия мүшелері қатысатын отырыс өткізілетін үй-жайға ұсынылған (қатысушы) Қатысушылардың атауы немесе толық аты-жөнін;

3) Комиссия шешімімен белгіленген бастапқы бағасын;

4) осы Қағидаларға және Комиссияның шешіміне сәйкес белгіленген Активті немесе Объектіні сатып алу бағасын арттыру қадамын жариялайды.

278. Комиссия төрағасы Бастапқы бағасын жариялайды және Ашық конкурсқа қатысушыларға (немесе олардың уәкілетті өкілдеріне) 1 жарияланған қадамға арттыруды ұсынады. Ашық конкурсқа қатысушылар (немесе олардың уәкілетті өкілдері) алған тақтайшаларын көтере отырып, Ағымдағы бағаны бір қадамға арттырады, сонымен олар ұсынған арттыруды ескере отырып, Ағымдағы баға бойынша Активті немесе Объектіні сатып алуды ұсынады.

279. Комиссия төрағасы оны арттыруды ескере отырып, Ағымдағы бағаны бекітеді және оны арттыруды ұсынады. Егер оның соңғы арттыруын ескере отырып, Ағымдағы бағаны соңғы бекіткеннен кейін 20 секунд ішінде бір де бір Ашық конкурсқа қатысушы (немесе олардың уәкілетті өкілдері) Ағымдағы бағаны одан әрі арттыруды ұсынбаса, Комиссия төрағасы 5 секунд аралықпен Ағымдағы бағаны үш рет жариялайды. Егер Ағымдағы бағаны соңғы жариялағаннан кейін 5 секунд ішінде Ағымдағы бағаны одан әрі арттыру ұсынылмаса, Комиссия төрағасы балғаны үстелге ұрып Ағымдағы бағаны соңғы арттыруды ұсынған Қатысушыны Ашық конкурстың жеңімпазы деп жариялайды.

280. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы Ашық конкурсқа қатысушылар ұсынған ең жоғары Ағымдағы бағаға дейін не егер Қатысушылардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) ешқайсысы оны арттыруды ұсынбаса Комиссия төрағасы Бастапқы бағаны жариялағаннан кейін 3 минут өткенге дейін жалғасады.

281. Егер Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы барысында Бастапқы бағаны арттыру 2 реттен аз ұсынылса, Ашық конкурс өткізілмеген болып танылады.

282. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы барысында біршама жоғары сатып алу бағасын ұсынған Қатысушы Ашық конкурстың жеңімпазы болып танылады.

283. Комиссияның шешімі Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді, оған Ашық конкурстың қорытындыларын шығарған күні Комиссия отырысына қатысқан Комиссия мүшелерінің және осындай отырысқа төрағалық жасаған адамның, сондай-ақ Жеңімпаздың, Салалық компанияның, Компанияның және Бірыңғай оператордың өкілдерінің қолдары қойылады. Комиссия мүшесі, сондай-ақ Салалық компанияның, Компанияның және Бірыңғай оператордың уәкілетті өкілдері өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша білдіруге және оны Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қоса біркеуге құқығы бар, бұл туралы соңында белгі жасалады.

284. Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамада мыналар:


1) Комиссия туралы мәліметтер;

2) Активтің немесе Объектінің атауы және қысқаша сипаттамасы;

3) өткізілген Ашық конкурс туралы мәліметтер;

4) өткізілген Ашық конкурс өткізілген болып танылды ма соны корсету;

5) өзінің Конкурстық өтінімін берген Ашық конкурсқа қатысушылар тыралы мәліметтер;

6) Сауда-саттық туралы хабарламада Конкурстық ұсыныстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес ең төменгі талаптарды көрсете отырып Қатысушылардың Конкурстық өтінімдерін бағалау өлшемі;

7) қабылданбаған Конкурстық өтінімдердің мазмұны;

8) Жеңімпаз туралы мәліметтер;

9) Ағымдағы бағаның келесі мөлшерін ұсынған (егер ол қолданылса) Ашық конкурс қатысушысы туралы мәліметтер;

10) Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес Шартқа қол қою үшін маңызды талаптар мен мерзімі көрсетілген Шартқа қол қою бойынша Компания мен Жеңімпаздың міндеттемесі;

11) осы Қағидаларда көзделгендей Шартқа қол қобдан бас тартқаны үшін Жеңімпаздың жауапкершілігі;

12) Комиссияның ұйғарымы бойынша өзге де мәліметтер көрсетіледі.


285. Егер Ашық конкурс аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні өткенде оның қорытындылары туралы хаттамаға Жеңімпаз деп жарияланған Қатысушы қол қоймаса, Ашық конкурстың қорытындылары Комиссия шешімімен жарамсыз болып танылады.

286. Осы Қағидалардың 285-тармағында көзделген жағдайда, осы Актив немесе Объекті бойынша Комиссияның шешімі бойынша Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның қайталама отырысы өткізіледі.

287. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның осындай қайталама отырысы Ашық конкурстың қорытындылары жарамсыз деп танылуы туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі. Отырыс Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған Жеңімпазды қоспағанда, Ашық конкурстың қатысушылары арасында өткізіледі, ол тиісті Ашық конкурстың қатысушысы мәртебесін жоғалтады. Ашық конкурстың 2-ден азы қалса, қайталама өтіріс өткізіледі.

288. Ашық конкурсқа қатысуға өтініштер болмаған жағдайда, Сауда-саттық ұйымдастырушысы Комиссияның шешімі бойынша:


1) Комиссияның осындай шешімінде көрсетілген мерзім ішінде жаңа Ашық конкурс өткізеді (осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып);

2) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, Активті немесе Объектіні өткізудің басқа нысанын пайдаланады; немесе

3) Қордың Басқармасына Активті немесе Объектіні өткізу үшін Сауда-саттық тәсілін өзгерту туралы ұсыныс жібереді.

289. Комиссияның шешімі бойынша Сауда-саттықты ұйымдастырушы Комиссияның шешімімен белгіленген мерзімде Активті немесе Объектіні өткізу мүмкіндігін ұлғайту мақсатында Ашық конкурстың талаптарын өзгерту жөнінде ұсыныс береді.

290. Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың қол қойылған көшірмесі тиісті сұрау бергеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Қатысушыларға беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет