Сарыбаев Е. Е., Бортебаев С. А



бет3/18
Дата18.05.2022
өлшемі0.86 Mb.
#456891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ПӨТжЖ әдістемелік құралы

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР



«Пісіру жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы»
Жұмыстың мақсаты: Пісіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпті жағдайлармен танысу. Электр қауіпсіздігі, өрт қауіптігі, зиянды газдар әсерінен қорғану шараларымен танысып, оны игеру.
Жұмыстың ұзақтығы – 2 сағ.
Тапсырма:
1. Қауіпсіздік техникасы туралы нұсқау, ережелер, т.б. құжаттармен
мұқият танысыңыз.
2. Электр қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліңіз. Аппараттарды жермен қосу
жүйесінің қажеттілігі және оның орындалуына назар аударыңыз.
3. Зиянды газдардың таралу, зияны және одан сақтану жолдары.
4. Өрттен сақтану жолдарына назар аударыңыз.
Жабдықтар мен материалдар:

  1. Қауіпсіздік техникасы туралы нұсқау, плакаттар, кітапшалар.

  2. Лаборатория ішіндегі аппараттарды жермен қосудың орындалу жүйесімен танысу.

  3. Нұсқаулама өткенде қол қоятын журнал.

  4. Лабораториядағы желдеткіш, өрт сөндіргіш құралдар.

Теориялық анықтама


Электр тогымен зақымдану.
Электр тогымен зақымдану, пісіру аппаратының электр тізбегінде қысқа тұйықталып, ток адам денесінен өткенде болады.
Мұндай қысқа тұйықталу себептері төмендегендей:
– пісіру сымдары мен аппараттарының электр оқшаулауы жеткіліксіздіктен;
– пісірушінің арнайы киімі мен аяқ киімінің нашарлығынан;
– бөлменің ылғалдығынан;
– бөлменің тарлығынан;
– басқада факторларға байланысты.
Қысқа тұйықталғанда адам арқылы өтетін электр тогының шамасына байланысты ол келесі жарақаттар алуы мүмкін (тоқтың жиілігі 50Гц):
– ток күші 0,6-1,5 мА – қолдың жеңіл дірілдеуі;
– ток күші 5-7 мА – қолдың тартылуы;
– ток күші 8-10 мА – қол және саусақтар қатты ауырып, тартылады;
– ток күші 20-25 мА – қол қозғалмайды, демалу қиындайды;
– ток күші 50-80 мА – демалу тоқтатылады;
– ток күші 90-100 мА – демалу тоқтатылады, 3 сек артық әсер етсе, жүрек тоқтайды;
– ток күші 3000 мА және әсер ету уақыты 10 с болса – демалу мен жүрек тоқтайды, дене құрылымы бұзылады.
Яғни, адам 100 мА немесе 0,1 А шамасындағы ток күші өміріне қауіпті деп саналады.
12В кернеу қауіпсіз болса, ал құрғақ, жылытатылатын және желдетілетін бөлмелерде 36 В қауіпсіз деп саналады.
Электр тогының зақымдауынан қорғану.
Пісірушіні электр тоғының зақымдауынан қорғау үшін, төменгі шарттарды сақтау қажет:
– доғаны нәрлендіру көзінің тұғырлары мен пісіру бұйымын сенімді жермен қосу қажет;
– жермен қосу сымдарын кері сым есебінде пайдаланбау қажет;
– электродұстауыштың қолсабын сенімді оқшаулау қажет;
– құрғақ және мықты арнайы киім және қолғаптармен жұмыс істеу қажет;
– далада жұмыс істегенде не жауын жауғанда, қар жауғанда, жұмысты тоқтату қажет;
– жабдықтар мен аппараттарды жөндеуге болмайды (мұндай жұмысты электрик жасауы керек);
– ыдыстардың ішінде істегенде резеңке кілемше мен кернеуі 12В-тан аспайтындай тасылмалы шамды пайдалану қажет.
Жермен қосу.
Қорғану үшін жермен қосу – бұл электр қондырғылары бөлшектерін жермен металл сым арқылы қосу. Апатты жұмыс жағдайында тұйықталған тізбекте жер өткізгіш есебінде пайдаланылады.
Электр жабдықтарын дұрыс жермен қосқанда екі параллель электр тармағы қалыптасады: біріншісі – аз кедергімен (3-4 ом), ал екіншісі, адам кіретін жағдайға, үлкен кедергімен (2000 ом). Сондықтан, кернеуде тұрған нәрлендіру көзінің тұғырына адам денесі тигенде, ток адам денесі арқылы іс жүзінде өтпейді.
Жермен қосу, кернеу шамасы мен электржабдықтау жүйесіне (оқшауланған нейтраль немесе жермен қосылған нейтральмен) байланысты орындалады.
Жылжитын пісіру қондырғыларында тасымалы жерге қосу құрылымдары пайдаланылады.
Электр тогынан зақым алғанда бірінші көрсетілетін көмек.
Бірінші ретте зақымдаушыдан ток өтетін сымды ажырату қажет. Мұны құрғақ тақтаймен, ағашпен, т.б. алып тасталады немесе сымды өткір қолсабы оқшауланған сайманмен қырқып жіберу қажет. Бәрінен тиімдісі – мүмкіншілік болса, ажыратқышты немесе сақтандырғышты ток көзінен бірден ажырату. Зақымданған адамға таза ауамен және мүмкіндігінше тыныштықты қамтамасыз ету керек.
Электр тогымен зақымданғанда дәрігерді ертерек шақырған абзал. Электр тогымен зақымданғанда адам клиникалық (жалған) өлім жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдай – 12 минутқа созылады. Бұл уақытта адам медициналық көмек көрсетумен, жасанды демалдырып немесе жүрекке массаж жасаумен бұрынғы қалпына келеді. Адамның денсаулық жағдайын тек қана дәрігерлер айтады, ал дәрігер келгенше оған көмек көрсете беру керек.
Көздің зақымдануы.
Электр доғасы үш түрлі сәуле шығарады: жарық, инфрақызыл және ультракүлгін.
Пісіру доғасының жарық сәулесі, көзді зақымдайтындай қабілеті бар, өйткені оның жарығы көзге қажетті жарықтан 10000 есе артық.
Инфрақызыл сәуле шығаруы ұзақ әсер еткенде ғана ол көзді зақымдайды.
Ультракүлгін сәуле шығару, жақын қашықтықта қысқа мерзімді әсер етсе де көз ауруын – электрофтальмия (жарықтан қорқу) деп аталатын ауруға шалдықтырады. Аурудың негізгі белгілері – көзді тілгендей әсері, жасаурау, көру қабілетінің уақытша нашарлауы. Ауру белгілері сәулеленгеннен кейін, бірнеше сағаттан соң білінеді. Электрофтальмияны «Альбуцид» немесе мырыш тамшыларымен 2 – 3 күнде емдеуге болады. Сондай-ақ, салқын шәймен жуып, салқын компресс жасауға болады.
Көру органдарын қорғау.
Электр пісірушілер доға сәулелерін өткізбейтін және сіңіретін жарық фильтрлермен істеу қажет. Жарық фильтрлері доға қуатына қарай таңдалады.
Жарық фильтрі шынысының мөлшері 52х102. Жарық фильтрінің сырт жағынан әдеттегі терезе шынысымен қорғалып, ластанғаннан кейін ол айырбасталып тұрады.
Пісіру шеберханаларында жарық сәулелерінің шағылысуын болдырмау үшін қабырғалар мен төбелерді қара бояумен бояу керек.
Зиянды газдар мен шаңдардан улану.
Қышқылдан және басқа марганец, көміртегі, азот, хлор, фтор т.с.с. байланыстарынан тұратын пісіру шаңымен ауа қатты ластанғанда, пісірушінің улануы мүмкін. Әдетте уланудың белгілері: құсу, бас айналуы, бастың ауруы, әлсіздік, демалудың жиілеуі, т.б. Улы заттардың адам организмінде тұрақтап қалу қабілеті бар және олар ұзаққа созылатын аурулар туғызылады. Ауаның ластануы күресу үшін төмендегі шараларды орындау қажет:
– тартатын-шығаратын желдеткіш тең жылжымалы сору қондырғыларын жасау;
– респираторларды, ал жеке жағдайларда противогаздарды пайдалану;
– электрод ұстауыш немесе шлем, т.б. арқылы таза аумақ берілуін қамтамасыз ететін қондырғыларды пайдалану.
Күйдірмелер.
Пісіру жұмыстарын жүргізгенде балқыған металл мен қож шашырайды. Бұл шашырандылар пісірушінің ашық денесіне не киіміне түсіп, күйдіруі мүмкін. Пісірушіні ақау қорғау үшін, ол арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қолғап және бас киіммен қамтамасыз ету қажет.
Пісіру жұмыстарын тез жанатын материалдармен жақын жерде орындағанда, өрт болу қаупі бар. Мұндай қауіп әсіресе құрылыс жұмыстарын жүргізгенде өте жоғары.
Егер пісіру жұмыстары жоғарыда жүргізілсе, онда төмендегі тез жанатын заттарды жоғарыдан түсетін ұшқындардан қорғау қажет. Пісіру жұмыстарын жүргізетін орындарда әртүрлі өрт сөндіру құралдары: құмы жәшік не су, өрт сөндіргіш т.б. болуы қажет.
Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Газбен пісіру және кесу кезіндегі негізгі қауіп көздері:
– жалынның кері соққысынан (су бекітпесі істен шыққанда) ацетилен генераторының жарылуы;
– баллонның бұрамасында бәсеңдеткіш клапанының май болуынан оттегі баллонын ашқан уақытта оның жарылуы;
– газ жанарғысы немесе кескіш жалынын абайсыз пайдалану. Бұл жағдайда пісірушінің киімі, шашы жанып, денесін күйдіруі мүмкін және өрт шығу қауіпі бар;
– егер пісіруші жарық фильтрлерін қолданбаған жағдайда, көзін жарақаттауы;
– зиянды газдармен улануы (желдеткіш болмаған жағдайда).
Ацетилен генераторының жарылысын болдырмау үшін, оның жарамдығын тұрақты тексеріп тұру қажет. Су бекітпесінің (затвор) керек деңгейге дейін суға толып тұруын қадағалау, бекітпенің бақылау кранын оқтын-оқтын ашып, оны тексеру.
Қолмен және механикаландырылған газжалынды жұмыстарды орындағанда Г-1, Г-2, Г-3 шынылары бар қорғаушы көзілдіріктермен істеу қажет.
Қосымша жұмысшылар В-1, В-2, В-3 шынылары бар көзілдіріктерді пайдаланады.
Газ баллондарын иықпен көтеріп тасымалдауға болмайды. Бұл мақсатта арнайы носилкалар немесе арбашықтарды пайдалану қажет. Оттегі және ацетилен баллондары әр уақытта тік қалпында тұруы қажет.
Газ баллондарын күннің көзінде, жылу аспаптары және кезкелген басқа да жылу көздеріне жақын жерлерге орнатуға болмайды. Баллондар газ жанарғылары немесе кескіштерден 5 м ден кем емес қашықтықта болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет