1-зертханалық жұмыс «ТД типті пісіру трансформаторының құрылысы мен жұмысын зерделеу» Жұмыстың мақсаты: Пісіру трансформаторының құрылысымен танысу, жұмыс режімдерін реттеуді үйрену және трансформатордың сыртқы сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтау.
Жұмыс ұзақтығы – 2 сағ.
Тапсырма. Жазба және сұлба бойынша трансформатордың құрылысымен және оның технологиялық мүмкіншіліктерімен танысыңыз.
Үлгі бойынша трансформатордың толықтай құрылысы, механизмдері және жалпы жинақтау сұлбасымен танысыңыз.
Пісіру ережесінің реттелетін көрсеткіштеріне (реттеу шектеріне) ерекше көңіл бөліңіз.
1) ТДМ -300М пісіру трансформаторы;
2) қаптамалы электродтар;
3) штангенциркуль;
4) өлшеуіш аспаптар (вольтметр, амперметр);
5) жабдықты бөлшектеп ашып көретін слесарлық құрал саймандар.
1.2 Жұмыстың орындалу реті
1) Пісіру трансформаторларының техникалық сипаттамаларымен танысып, оны кестеге жазып алу.
2) Трансформаторды ашып, оның ішкі бөлшектерімен танысу және оның принциптік электрлі сұлбасын салу.
3) Теориялық формула арқылы трансформатор орамасының әр сатысына сәйкес бос жүріс кернеуін анықтау.
4) Трансформаторды іске қосып, бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу режіміндегі кернеу мен ток мәнін аспаптар көрсеткішінен бақылап, кестеге жазып алу. Мұнда пісіру тогының шамасын доға кернеуінің мәні UДжабдық түріне сәйкес 25-35 В аралығында болғанда алу керектігін ескеру қажет.
4.1 Тәжірибені трансформатор орамасының басқа сатысында (ток мәнін сатылы өзгерту ауыстырып қосқышы болған жағдайда) қайталап жасау қажет.
4.2. Тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау керек.
5. Алынған кернеу мен ток мәні арқылы қоректендіру көздерінің сыртқы сипаттамасын графигін масштабпен салу қажет.
6. Алынған сипаттамаларға қорытынды жасау.