Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет41/78
Дата10.09.2024
өлшемі226.13 Kb.
#503535
түріСборник
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №15

42 жастағы инженер әйел, қабылдауға келесі шағымдармен келді: мардымсыз қақырықты жөтел, аз ғана физикалық күшке ентігу, кеуде сарайының ауырсынуы, кеш мезгілінде дене қызуының 37,80С көтерiлуi, тершеңдік, жалпы әлсіздік.


Суықтаумен байланыстырып, өзін 5 айдай науқас санайды. Алғашында құрғақ жөтел, дел-салдық, дене қызуының 38,50С көтерiлуi болған. Емханада 3 апта бойына пневмониядан емдеген, нәтижесі болмағандықтан стационарға жатқызылған. Ол жерде процестің созылыңқылығын есепке алып, преднизолон тағайындаған, жағдайы біршама жақсарған, жөтелі жойылған, жұмысына түскен. Бірақ соңғы екі аптаның көлемінде жағдайы төмендеп, қабылдауға қайта келген.
Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, диффузды цианоз. Ұлғайған, өлшемдері 1,0-1,5 см, қатты эластикалық консистенциялы, қоршаған тіндермен жабыспаған, ауырмайтын, мойын, жақасты, қолтық асты лимфа түйіндері пальпацияланды. Оң құлақ айналасы сілекей безі үлкейген, ауырады. Өкпе үстінен екі жағынан да қатаңдау везикулалық тыныс негізінде құрғақ және майда көпіршікті ылғалды сырылдар естілді, тыныс жиілігі 28 мин. Жүрек тондары әлсізденген, ырғақты ЖЖС 96 мин., тахикардия. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры мен талағы үлкеймеген.
Қан анализінде: ЭТЖ 25 мм/сағ.
Рентгендік тексеруде: өкпе суреті екі жағында да күшейген, негізінен жоғарғы, орта аймақтарында орналасқан ошақты көлеңкелер бар, бронх-өкпелік, паратрахеалық лимфа түйіндері ұлғайған.

1. Жетекші синдромдары.


2. Болжам диагнозы.
3. Мамандарға кеңеске жіберіңіз.

15. Жауаптары:


1. Жетекші синдромдары: өкпенің шашыраңқы, диффузды торлы-түйінді диссеминациясы; лимфаденопатия; ТШ; қызба; қабынулық.


2. Негізгі ауруы: Өкпенің, кеуде ішілік лимфа түйіндерінің, оң құлақ айналасы сілекей безінің саркоидозы, белсенді фазасы, созылыңқы барысты. (D 86.2)
Асқ.: ТШІІ.
3. Ревматолог, онколог.
Клиническая ситуация №15

Женщина 42 лет, по профессии инженер, предьявляет жалобы на: кашель со скудной мокротой, одышку при незначительной физической нагрузке, боли в грудной клетке, повышение температуры тела по вечерам до 37,80С, потливость, общую слабость.


Считает себя больной в течение 5 мес., связывает с переохлаждением, Вначале беспокоили сухой кашель, разбитость, повышение температуры тела до 38,50С. Лечилась амбулаторно в течение трех нед., с диагнозом “пневмония”. Эффекта не было, направили на стационарное лечение, где с учетом затяжного течения процесса назначили преднозолон, состояние заметно улучшилось, кашель исчез, приступила к работе. Но за последние 2 недели состояние вновь ухудшилось. В связи с чем повторно пришла на прием к врачу.
Об-но: состояние средней тяжести, диффузный цианоз. Пальпируются шейные, подчелюстные, подмышечные лимфоузлы, размерами 1,0-1,5 см, плотной консистенции, не спаянные с окружающей тканью, безболезненные. Увеличена правая околоушная железа, болезнанная. Над легкими жестковатое везикулярное дыхание, рассеянные сухие и мелкопузырчатые влажные хрипы, ЧД 28 в мин. Тоны сердца приглушены, ритмичны, ЧСС 96 в мин. Живот мяшкий безболезненный, печень и селезенка не увеличены.
В анализе крови: СОЭ 25 мм/час.
Рентгенологически: усиление легочного рисунка с обеих сторон, очаговые тени локализованные в основном в верхних и средних областях, увеличены бронхо-легочные, паратрахеальные лимфатические узлы.



  1. Выделите ведущие синдромы.

  2. Предварительный диагноз.

  3. Рекомендуйте консультации специалистов.

15. Ответы:


1. Ведущие синдромы: диффузная сетчато-узловая легочная диссеминация, лимфаденопатия, лихорадка, воспалительный.


2. Осн. заб.: Саркоидоз легких, лимфоузлов средостения, правой околоушной железы, стадия ІІ. (D 86.2)
Осл.: ДН ІІ.
3. Пульмонолог, онколог.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет