179
ә) баяндамашы не жарыссөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты
психикалық кедергі.
Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін
қайталап сұрауға болмайтындығы;
б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық
кедергі.
Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірімсұрауғакелмейтіндігі;
в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі /1, 36 б./.
Ғалым ілеспе аудармамен шұғылданатын аудармашыда қажетті
төмендегідей қасиеттер болу
керек дейді:
а) аудармаға өзін-өзі бейімдей білу;
ә) ынта-зейінді сөйленген сөзге барынша бағыттау қабілеттігі;
б) тосыннан туған кедергілерден шығуға қажетті қабілеттілік;
в) бірнеше тапсырмаларға бір мезгілде зейін аудара білу қабілеттілігі:
іс әрекет жылдамдығы, сөз сөйлеу шапшаңдығы, психикалық және ден күш-қуатыныңтөзімділігі.
Ізбе-із аударма ─ мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. Ізбе-із
аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар:
парақтан аудару және
абзацты-фразалы ау-
дарма. Ауызша аударманың бұл түрі
жауапты келіссөздер, саяси, экономикалық-қаржылық, құқық-
тық және басқа да мәселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде,
пресс-конференцияларда,
семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады.
Ізбе-із аударманың жүзеге асуын былайша сипаттап беруге болады: шешен біраз сөз сөйлейді (25-
30 минут немесе одан да көп). Аудармашы шешен сөзінен кейін айтылған ойды аудара алу үшін
жазба түсіре отырып,мәтінді ойша аударады. Қойылған мақсатқа сәйкес,
аударма толық немесе
қысқаша формада жүзеге асырылуы мүмкін. Алайда қазіргі уақытта ауызша аударманың стандарты
біршама өзгерген және түпнұсқа мәтінінің үзіндісін аудару ұзақтығы кей кездерде 15 минуттан асып
кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: