Сельское хозяйство


Мал шаруашылығының жалпы өнімі



бет83/108
Дата07.06.2022
өлшемі6.56 Mb.
#459006
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   108
Түркістан облысының өңірлері материал диссертация Турданова

Мал шаруашылығының жалпы өнімі – ауыл шаруашылығы малдарынан алынған барлық өнімдердің құны (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және т.б.), шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың құны, ара шаруашылығы мен терісі бағалы аң шаруашылығы өнімінің құны.
Нақты көлем индексі – салыстырылып отырған кезеңде саладағы өндіріс көлемінің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Егістік алқабы – ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жердің ауданы. Оның құрамына, қысқы солғандарын есептен шығарып тастағандағы өткен жылғы егілген күздіктер, дербес ауданға, соның ішінде солған күздіктердің орнына қайта себілгендерді қоса, ағымдағы жылы егілген жаздық дақылдар және берілген жылы егілген көпжылдық шөптер (бүркемесіз), бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөптердің биыл жиналатын ауданы, яғни көктемге сақталған шабындық ауданы кіреді. “Нақтыланған егіс алқабы” көрсеткіші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындары бойынша “Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы” 29-аш нысаны бойынша статистикалық байқау деректері негізінде, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылығы бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу және есепті жылдың 1 шілдеге шаруа немесе фермер қожалықтарының есебі негізінде қалыптастырылады.
Жиналған алқабы – ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі жиналған нақты алқап.
Ауылшаруашылық дақылдарының жалпы жинау – әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егістігінен, ауыл шаруашылығы екпелерінен немесе басқа ауыл шаруашылығы жерлерінен өндірілген (жиналған) өнім.
Ауылшаруашылық дақылдарының түсімі – жер бірлігінен ауыл шаруашылығы өнімінің орташа жиналымын сипаттайтын көрсеткіш, 1 гектардан жиналған центнермен жалпы жинаудың жиналған алқапқа қатынасы ретінде есептеледі.
Мал мен құстың саны – белгілі күнге шаруашлықтарда қолда бар тірі мал мен құстың саны.
Алынған төл - өлі туған төлді есепке алмағандағы шаруашылық иелігіндегі аналықтардан алынған тірі мал саны.
Мал мен құстың өлім-жітімі және қырылуыаурулардың, апаттардың, қызметкерлердің немқұрайлылығының және т.б. нәтижесінде өлген және шарасыздықтан сойылған жануарлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет