Семья indd



Pdf көрінісі
бет29/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

«Дәмді тосап»
Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және 
тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауына үйрету.
Сипаттамасы: жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз 
қуысына кіргізу.
Әдістемелік нұсқау. 
1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің 
қимылдамауын қадағалау керек. 
2. Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы 
керек. 
3. Тіл оңға–солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек. 
4. Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя–пя–пя» 
деп тілді шығарып айтқызу керек. Бала тілін жалпақ қалпына 
келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру 
керек.
«Алтыбаан»
Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалып-
тастыру.
Сипаттамасы: жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ 
тілді астыңғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. 
Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.
Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау 
керек. 
Әдістемелік нұсқау: жаттығуды орындаған кезде тек тіл 
қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау 
қажет.
«Параход»
Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы 
жағының қимыл–қозғалысын жетілдіру.
Сипаттамасы: ауызды кішкене ашып «ы» дыбысын ұзақ айту.
Әдістемелік нұсқау: тілдің ұшы төмен және ауыз қуысында 
терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қарай көтеріңкі 
болуы қажет.
«Кркетауы»
Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы 
жағының қимыл-қозғалысын жетілдіру
Сипаттамасы: ауызды аздап ашып, тілді жоғарғы ерінге, 
қойып тілдің жалпақ ұшын алға–артқа жылжыту керек. Тілді 
еріннен ажыратпау – ерінді сипағандай. Алғашқыда тіл қимылы 
баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.
Әдістемелік нұсқау:1. Тілдің жалпақ, қимылы артқа–алға 
болуын қадағалау керек.
2. Тілмен жоғарғы ерінді «жалау».


67
66
ДЫБЫС АЙТУ КЕМШІЛІГІН ТҮЗЕТУ 
ӘДІСТЕМЕСІ
Отбасында екі тілде сөйлеу баланың сөйлеу тілін бұрмалап, 
кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілінің тежелуі 
оның психикасына да әсер етеді. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп 
шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу 
тілін түзету ұтымды қадам болмақ.
Балалардың сөйлеуіндегі ең көп кездесетін кемшіліктердің 
бірі – дыбыс айтудағы бұзылыстар. Сөйлеу балаға табиғи жолмен 
тұқым қуалау арқылы берілмейді, бала қоршаған ортасы арқылы 
үйренеді. Сондықтан үлкендердің баламен анық, түсінікті, 
дыбыстарды бұрмаламай, асықпай, жұмсақ үнмен сөйлескені 
өте маңызды. 
Дыбыс айту бұзылыстарының кемшіліктері:
- ысқырық дыбыстар (с, з, ң), 
- ызың дыбыстар (ш, ж, ч, щ ),
- сонор дыбыстар (л, р), 
- тіл асты айтылатын дыбыстар ( к, г, х, һ, қ ),
- ұяң дыбыстар (в, ф, з, ж, б, д, ғ), 
- қазақ тілінің дыбыстарында (қ, ң, ұ, ү, ө, ә ) байқалады. 
Кейбір балалар дыбыстардың бір ғана тобын дұрыс айта алмайды
мысалы, тек қана ызың дыбыстар немесе тіл асты арқылы айтылатын 
дыбыстар. Мұндай дыбыстарды дұрыс айта алмау – қарапайым 
кемшілік немесе мономорфтық деп саналады. Кейбір балалар 
екі немесе бірнеше дыбыстарды дұрыс айта алмайды, мысалы, 
ызың дыбыстар және тіл асты арқылы айтылатын дыбыстар 
немесе ысқырық дыбыстар, сонор дыбыстар, ұяң дауыссыз 
дыбыстар. Дыбыстардың дұрыс айта алмаудың мұндай түрі 
күрделі (диффуздық) немесе полиморфтық деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет