75
74
Үйреншікті тіс арасына тілдің шыға беруін тоқтату үшін
буынмен, сөзбен жаттығуларды тістерді қысып тұрып жасау
керек. Бұл әсіресе С дыбысы буын мен сөз басында келгенде
қолдану үшін. Алайда мүмкін болған сәтте мұндай «тістеніп»
сөйлегенді тоқтатып, қалыпты айтуға көшу қажет. Жаттығу
кезінде айна арқылы артикуляцияны көзбен бақылау қамтамасыз
ету керек.
Егер тіс аралық сигматизм тіс- жақ жүйесінің дұрыс құрылмауы,
немесе сүт тістерінің түсу нәтижесіндегі
алдыңғы тіс қалпына
байланысты болса, кемшілікті түзетудің маңызды алғы шарты
тіс қалпын түзету болмақ, бірінші жағдайда ол стоматология
құралымен жасалады, екіншіде табиғи тұрақты тіс шығуымен
түзеледі. Алайда ашық тіс қалпында тіл артикуляциясын түзету
яғни тіл ұшын төменгі күрек тістің қызыл иегі астына шығару
да тиімді.
Тіс қалпының күрделі аномалиясы немесе тіл икемінің
жеткіліксіздігі жағдайында көрсетілген
зондтың көмегі мен
төменгі және жоғарғы күрек тістер арасында ең аз саңылау
сақтай отырып, тіл ұшын төменгі күрек тіс тұсында ұстауға
болады. Осы мақсатта арнайы зондта пайдаланады. Зонд, ол тіл
ұшы көтеріліп күрек тістер арасындағы саңылауды жаппауы
үшін төменгі ұшы тістерге көлденең қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: