Семья indd


деп емес, бапкерімін деп есептеіз



Pdf көрінісі
бет26/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

деп емес, бапкерімін деп есептеіз. Кейде шыдамыңыз таусылып
балаға қатты ашуланып, жылаған дауысына «жүйкеңіз жұқарып» 
тұрғанда, өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Менің жасым нешеде?». Егер 
ересекпін деп есептесеңіз, бөлмеден шығып кетіңіз, бетіңізді 
жуыңыз, су ішіңіз, бірнеше жаттығу жасап жіберіңіз. Неге қатты 
ашуланып тұрғаныңызды өзіңізден сұраңыз. Саналы жауап беріңіз.
Мысалы, «Өйткені шаршап тұрсыз, енді демалайын дегенде, ол 
сүтті төгіп алды. Енді оны сүрту керек. Оған еш күшім де, зауқым 
да жоқ!». Жауап алған соң өзіңізді аяп, жұбатыңыз: «Ах, менің 
сұлуым шаршап тұрғанда, сүттің төгілгені-ай...». Осылайша бірден 
жеңілдеп , балаға деген ашуыңыз сейіліп, оның психикасына 
зақым келетін әрекеттердің алдын аласыз.
Анасына қыңырлық танытып, үйретейін дегенін жақтырмаған 
бала: «Сен жамансың»- деп сөзбен ренжіткенде, ана тарапынан 
реніш болмауы керек, эмоционалды байланысқа зақым келмеу 
керек. Бала анасын ренжітіп алғаннан кейін де,оның мейірімі 
мен махаббатына сенімді болуы шарт. Кейде анасы балаға 
ренжіп, кешірім сұрауын талап етіп немесе бұрылып қарамай, 
сөйлемей кішкентай қыздың рөліне кіріп кетеді. Мұндайда 
бала өзін қорғаушысыз сезінеді, жалтақ болып өседі. Ана – 
балаға ренжімейді!
Расымен түкіру, ұру, жаман сөздер айту дұрыс емес екенін 
қалай ұғындыруға болады? Оны үнемі құшақтап, құптап отыра 
берсек өзінің ісін дұрыс деп ұғады ғой. Бұл сұраққа жауап алу 
үшін, баланың ми қызметінің қалай жұмыс істейтінін түсіну 
қажет. Адамның ойлауын , қабылдауын, оқу, санау, жаңа бір 
дүниені ойлап шығару сияқты қабілеттерге жоғарғы ми жауап 
береді. Ал біздің эмоцияларымыз ортаңғы мидың жұмысы. 
Ортаңғы ми тыныштықта болғанда, жоғарғы ми жұмысын сапалы 
орындайды. Біз ашуланбай, ренжімей, позитивте болғанда 
күнделікті әрекеттерді дұрыс орындап, дұрыс тынығып, білім-
ғылымды игеруге ашық боламыз. Миымызға қауіп сигналы 
барғанда қанға стресс гормоны бөлініп, қалыпты ойлауымыз 


59
58
бұзылады. Мысалға, есепті шығара алмай отырған балаңызға ұрса 
бастасаңыз, мүлдем түк түсіне алмай есі шығады. Тығырықтан 
шығудың жолы жоқ сияқты көрініп, алаңдау кезінде жоғарғы 
ми жұмысы бұзылып, есепті шығару тұрмақ, оның берілгенін 
түсіну мүмкін болмайды. Бала қабылдай алмағаны үшін кінәлі 
емес, ол оның физиологиясы солай құралғанын түсініңіз.
Осылайша бала бойында қорқыныш, шаршау, ашу болғанда 
сіздің тәрбиелік өнеге сөздеріңізді қабылдамайды. Егер 
бала сөзімізді тыңдап, бізді қабылдауын қаласақ, алдымен 
эмоциясын реттеп оны тыныштандыруымыз қажет. Ата-
анасының қамқорында, оны қолдайтынымызды көрсетіп, 
мейірім танытуымыз керек. Құшақтап, басынан сипап, 
қытықтап, қолынан ұстап тактильді байланыс орнатқан жөн. 
Егер мүлде әрекеттеріңізге көнбей жатса, жай ғана ашуының 
тарқағанын күту керек. Онымен бірге сіз ашуға булықпай, 
жылдам тынышталуын талап етпей, сөйлеу мәнеріңізді 
жұмсартып, жай ғана жанында болыңыз.
Эмоция басылып, ортаңғы ми қалыпты жұмысына көшкенде 
ғана тәрбие де, дәріс те, манағы болған іс-әрекетті де талқылауға 
болады. Міне, сонда бала сізді естиді.
БАЛАНЫ ҚОЛДАЙ АЛМАУ
Тәлімгердің рөлін дұрыс атқару қолынан келмегенде мұғалім 
ата-ананы «айтақтаумен» болады. «Балаңыз сабақта отыра 
алмайды, математика миына кірмейді немесе өте әлжуаз, жазуы 
нашар, еш қызығушылық танытпайды»- деген сөздермен баланың 
қызығушылығын ата-ана оятатындай үмітте болады. Ал мұны 
естіген ата-ана қадағалауын күшейтіп, түсінбесе ашуланып, 
шыдамы жетпей ұрып жіберіп, дұрыс жазбаса дәптерін жыртып 
тастап бала бойына үрей ұялатады. Осыдан ол тек ата-анадан 
ғана емес мұғалімнен де, үлкендерден де, сыныптастарынан 
да жасқанып, қорқақ болып өседі.
Бұл енді расымен өкінішті жағдай, бала ата-анасынан 
қолдау күтуші еді, енді олар мұғаліммен бірігіп балаға қарсы 
шыққанда, ол өзін жалғыз, қолынан түк келмейтін, жолы 
болмайтын адамдай қабылдай бастайды.
Сонда ата-аналар балаларының оқуын қадағаламау керек пе? 
Жоқ, тек көмектесу керек. Оқытпау керек, сіз мұғалім емессіз 
– ол мектепте оқиды. Тек орындай алмай отырған тапсырмасын 
орындауға көмектесу керек.
Хирург өз баласына ота жасамайды, мұғалім өз баласын 
жеке пәннен дайындамайды, өйткені ата-ананың өз баласына 
шыдамдары жетпейді. Себебі эмоция көп болады: бірде қарапайым 
есепті білмегеніне–ашуланады, бірде өз баласы ғой–аяйды, бірде 
шыдамы жетпей–қағып қалады, бірде оны «сындырып» жатқанына 
қамығады. Сондықтан ата-анадан мұғалім шықпайды. Қолдаушы мен 
көмекші болу арқылы ғана баланың жан тыныштығын қамтамасыз 
ете аласыз. Балалар бастауыш сыныпта оқығанда, олимпиадаға 
дайындық кезінде, емтихан тапсырарда дәл қолдаудың қажет 
кезінде – ата-аналары бір бөтен адамға айналғандай болады. 
Қандай жағдай болмасын балаңызға – ата-анасы болып қалыңыз. 
Біз баламызды құшақтағанда, сүйгенде, жұбатқанда бірнеше 
оншақты жылдан кейін дәл осы сезімдеріміз, сөздеріміз, 
махаббатымыз оны негативті қабылдамауына, өмірде қателіктер 
жібермеуіне, қиындыққа, ауру-сырқауға қасқая қарап тұруына 
себеп болатынын біле бермейміз, алайда ол нақ осылай жұмыс 
жасайды. 


61
60
ДЫБЫСТАРДЫ ДҰРЫС АЙТУҒА 
ДАЙЫНДАЙТЫН АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ 
ЖАТТЫҒУЛАР КЕШЕНІ
Артикуляциялық жаттығу дегеніміз не? Артикуляциялық 
жаттығу – дұрыс дыбыстауға қажетті артикуляциялық мүшелердің 
(еріндер, тіл, төменгі жақ) жаттықтырылуына арналған 
жаттығулар. Бала күрделі дыбыстарды [с], [з], [ш], [ж], [л], [р] 
дыбыстап үйрету үшін оның еріндері және тілі күшті және иілгіш 
болып, қажетті қалыпты ұзақ уақыт ұстап тұруы, қиындықсыз 
бір қозғалыстан екіншісіне бірнеше рет ауыса алуы керек. осының 
барлығына үйренуге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі. 
Буындарды, сөздерді дұрыс айту үшін алдымен дыбыстарды 
қоюымыз қажет. Сол себепті дыбыстарды үйретпес бұрын ауыз 
қуысына жаттығулар жасалып, тілді жаттықтырамыз. Осы 
арқылы бала дыбыстарды дұрыс айта білуіне көмегін тигізеді. 
Тіл дыбыстарын түзетуде дыбыстау мүшелерінің қызметін 
артикуляция деп атайды. Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру 
үшін әр дыбысқа арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар 
қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл 
қимылдарының қалпын дағдыландыруға бағытталады. Баланы 
қызықтыру үшін және жаттығуды ойына сақтап қалу үшін әр 
жаттығу әр түрлі атпен аталады. Біздің міндетімізге дикция 
ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын 
қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды 
қолдану, баланың сөйлеу мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс 
шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.
Артикуляциялық жаттығуларды орындағанда бала өзінің 
сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті 
түрде айнаны қолданады. Төмендегі қарапайым нұсқаулықты 
ұстанамыз:
- Ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын 
жаттығу туралы айтып, оның орындалуын анықтап көрсетеміз. 
Артикуляциялық жаттығуды отырып орындаймыз. Балаға 
жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған 
қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп, жетістігін айтып, 
көтермелеу қажет.
- Баланың жасына және шыдамдылығына байланысты 
жаттығуларды 5-7 минут көлемінде, күніне 2 рет (таңертең, 
кешке) жасаған абзал.
- 3-4 жастағы балалармен жұмыста олардың негізгі 
қозғалыстарды меңгеруіне көңіл бөліңіз.
- 4-5 жастағы балаларға талап күшейеді: қозғалыстар неғұрлым 
анығырақ және жай , артық қозғалыссыз болу керек.
- 6-7 жастағы балалар жаттығуларды жылдам қарқында 
орындайды және тілдің қалпын бірнеше уақыт қозғалыссыз 
ұстап тұра алады.
- Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі.
- Ойын түрінде ұйымдастырып, баланы жалықтырмаймыз..
- Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне, кейін ерінге арналған 
жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың 
басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың 
дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет