Семья indd


Бйірлік сигматизм кезінде С



Pdf көрінісі
бет34/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

Бйірлік сигматизм кезінде С орнына шолпылдауға ұқсас шу 
естіледі, егер тістерді қысып тұрып Л дыбысын қатты сыбырлап 
айтса осындай шу естілер еді. 
Оның себебі тілдің ұшымен алдынғы жағы 
күрек тіспен және альвеоламен жабысады 
да, тіл бүйірлері азуға жабыспайды, сөйтіп 
бүйір қуысы пайда болады, сол арқылы дем 
шуылдап шығады. Кейде бұл қуыс екі жақты 
да пайда болады. 
Бүйірлік сигматизмнің болуы бүйірлік ашық 
қабысу қалпының әсерінен. Онда тістеу кезінде 
жоғарғы және төменгі азулар арасында бір 
немесе екі жақты қуыстың пайда болуынан.
Қуыстың қай бүйірде пайда болғаны 
қарапайым екі жолмен анықталады, біріншісі – С дыбысын 
созып айтқанда ұртты жеңіл шерту арқылы туындайды. Егер 
дыбыс тиылып қалса, қуыстың шерткен жақта болғаны, тиылмаса 
қуыс екінші жақта болғаны. Екіншісі – резина түтіктің екі 
ұшында да олива (тесігі бар ұштық) қойылады. Логопед оның 
бір ұшын өз құлағына ұстайды да, екіншісін С дыбысын созып 
айтқан баланың жоғарғы және төменгі тістердің шекарасымен 
жүргізеді. Сонда қуыстың орны түтіктегі шудың күшеюі 
арқылы жеңіл анықталады. Кейде бүйірлік артикуляция 
С, 3, Ц дыбыстарының ғана емес Ш, Ж, Щ, Ч дыбыстардың 
топтасып, тіпті Т, П, Р дыбыстарын да қамтиды.
Бүйірлік сигматизмді түзету тіл мен ауыз қуысын жабу 
арқылы, оның ортасына жырашық жасау негізінде болады.
Егер артикуляцияны айнамен дұрыс көрсету (ауызды 
кішкене ашқан қалыпта) мен оны теріс қалыпқа салыстыру 
тиісті нәтиже бермесе, бірқатар арнаулы тәсілдің ең тиімдісін 
таңдап алу қажет. С дыбысын қалыптастыруда Т дыбысы негіз 
бола алады. Баланы С дыбысын шұғыл дем шығарып айтуға 
үйреткенде, ағылшынның С дыбысына ұқсас дыбыс естілуге 
тиіс. Мысалы: tһіn сөздегідей.
Егер бала тіл ұшын төменгі қызыл 
иекте еркін ұстай алмаса, дыбыс қоюға 
арналған зондты немесе шпательді 
пайдалану керек. Жаттығу барысында 
біріккен дыбыстың фрикативтік 
бөлігі біртіндеп ұзарып, содан соң 
бөлініп шығады, сонда ғана шпательді 
пайдалану керек. Жаттығу барысында 
біріккен дыбыстың фрикативтік бөлігі 
біртіндеп ұзарып, содан соң бөлініп шығады, сонда ғана 
балаға дұрыс айтылатын С дыбысы осы екенін тусіндіруге 
болады. Одан әрі игерілген артикуляцияны буын, сөз, сөз 
тіркесі материалдарымен бекітеді.
Мейлінше қиын жағдайларда төрт сатыдан тұратын тәсіл 
қолданылады. Әуелі балаға жақын орналасқан еріндер арқылы 
ауа үрлеу ұсынылады да, одан шығатын ауа ауызда тақалған 
қағаз қиындысы, мақта ұлпасы, жіп немесе қол арқылы 
бақыланады. Одан соң жаттығу тілді тіс арасына кеңінен 
сұғу оны ауыздың бүйірлеріне жапсыру жағдайында айна 
алдында қайталанады. Тіл қуысында жырашық болуға тиіс. 
Ауа ағымын бақылау үшін қосымша пробирка немесе ауызы 
тар шыны ыдыс пайдаланылады. Пробирканы тік ұстап тесігін 
тіл алдының орта тұсына тақау керек.
Егер үрлегенде тіл бойында жырашық пайда болса пробирканы 
тілге тақағанда күшті шу естіледі, бұл тілдің дұрыс қалпын 
танытады. Тілде көрсетілген үлгідей жырашық пайда болмаса
ауа ауыздың бүйірінен шықса, зонды пайдаланған дұрыс. 
Зонды тіл ортасына ұзынынан салып, тілге аздап қысу арқылы 
жырашық жасалады. Қажетті артикуляция қалыптасып 
болғанда, механикалық әсер тоқтатылады .
Тіл ортасымен үрлеуді игерген соң келесі саты С 
дыбысын тіс аралық айтуға көшеміз. Бұл мақсатта 
жоғарғы ерінді шпательмен немесе саусақпен 
көтеру жеткілікті, сонда тіл мен жоғарғы күрек 
тіс аралық қуыс пайда болады. Тұрақты тіс аралық 
артикуляцияға жеткен соң, одан
С дыбысы шығатынын балаға тусіндіруге, дағдыны 
буынмен, сөзбен бекітуге болады, ең соңыңда тіс 
аралық артикуляциядан тіс арты артикуляциясына 
С фонемасыны 
бйірлік 
сигматизм 
кезіндегі 
артикуляциялы 
кескіні
Дыбыс оюа
арналан зонд
Зондты тіс 
төіректік 
сигматизмді 
тзетуде 
пайдалану


79
78
көшуге болады.
Бүйірлік артикуляцияны түзетудің тағы бір тәсілі, баланы Ф 
дыбысын созып айтқызып, содан соң оны тілді неғұрлым ілгері 
ұмтылдыра, ұшын төмеңгі күрек тіске тірей қайталату. Сонда Ф 
дыбысына тән шуға ысқырынған шу қосылады. Осы екеуінің бірігуі 
еріндік-тістік сигматизмге тән дыбысты еске түсіреді. Сондай- 
ақ X дыбысы арқылы қоюға болады (ол бүйірлік ариткуляцияға 
ұшыраған жағдайда) балаға ихи тіркесін айту ұсынылады, сонан 
соң тісті қысып қайталанады. Сонда көбінесе С дыбысына жақын 
дыбыс жиі естіледі. Оны балаға ерте ескертпеу керек себебі бүйірлік 
артикуляцияға ұшырауы мүмкін.
Тілдің бүйірлері жоғарғы азуларға жабысуын, тілдің ұшы 
төменгі күрек тістерге тірелуін камтамасыз ететін айна алдындағы 
артикуляциялық гимнастикалармен жаттығамыз. Осы мақсатта 
тілді «күрек», «жырашық» түрінде сыртқа шығару, тілді 
таңдайға жапсыру және сол қалыпта төменгі жақты жоғары- 
төмен қозғау тіл бүйірлерін азуларға жапсыру, сол кезде тіл 
ұшын төменгі күрек тіске тіреу сияқты жаттығулар пайдалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет