Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет14/24
Дата24.02.2016
өлшемі2.27 Mb.
#14824
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

Өнеркәсіп түрлері. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде, әсіресе отын-энергетика саласын дамытуға көп көңіл бөлінді. Электр энергиясын өндіру Ангренрдегі қоңыр көмір, Шыршықтағы СЭС тізбегіне және табиғи газға негізделген. Қазіргі кезде 1991 жылымен салыстырғанда мұнай ( газ конденсатымен қоса ) өндіру 3 есеге жуық, ал табиғи газ өндірісі 10млрд метр3 – ге артты. Ел Қазақстан мен Қырғызстанда табиғи газбен қамтамасыз етеді. Мүбәрікте газ өңдеу зауыты салынған, мұнда газбен қатар күкіртте өндіріледі. Республикада газ өңдеумен қатар, мұнай өндіру саласы да қарқынды дамуда. Алтыаралық және Ферғана мұнай өңдеу зауыттары Ферғана аңғарынан өндірілетін мұнайға, ал салынып жатқан Бұқара зауыты Көкдумалак кен орнының мұнай – газ конденсатына негізделген.

Мұнай-газ өндірісі негізінде химия өнеркәсібі ерекше қарқынмен дамуда. Бұл сала, ең алдымен, ауыл шаруашылығының тыңайтқыштарға деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Шыршық, Навой мен Ферғанада азот тыңайтқыштарын өндіреді, ферғана, Қоқан, самарқанд, алмалықтағы зауыттар Қазақстаннан әкелінетін фосфорит шикізаты негізінде жұмыс істейді.

Жергілікті шикізатқа негізделген түсті металлургия айрықша көзге түседі. Алмалық маңында мыс – молибден кендері өндіріліп, өңделеді. Ал Ташкент облысындағы комбинаттар жергілікті вольфрам, молибден кендері мен Тәжікстаның әкелінетін қорғасын-мырыш концентраттары негізінде жұмыс істейді.

3.Ауыл шаруашылығы. Республиканың жер қорының 57%-ын ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Ауыл шаруашылығы құрылымында өсімдік шаруашылығының үлесі басым. Өзбекстанда өсірілетін басты дақыл – мақта, мұнда жылына шамамен 4 млн тонна мақта талшығы жиналады. Мақта талшығының1/4-і сыртқа шығарылады.

Мал шарушылығы шөлді аудандарда дамыған, негізінен, қаракөл елтірісін беретін қой шаруашылығы маманданған. Тау алды жазықтары мен тау аңғарларында биязы жүнді қой бағылады. Шұратты аудандар мен қала маңдарында сүтті-етті бағыттағы ірі қара өсіріледі. Елдегі ең ежелгі маманданған кәсіптің бірі – жібек құртын өсіру. Бұл сала мақта, бау-бақша өсірумен қатар дамуда.

Көлік қатынасы және сыртқы байланыстар. Көлік жүйесінде теміржолдың үлесі басым, оған жүк айналымның 80%-дан астамы тиесілі. Маңызды теміржол желілері қатарына Орал мен Сібірге бағытталған және Әмударияны бойлай Атырауға апаратын жолдар жатады. Сонымен қатар Өзбекстанға тас жолдардың жиілігі де едәуір ( әр 1000км2 жерге – 91 км ). Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты ел аумағы арқылы Қытай мен Еуропаны жалғастыратын халықаралық тас жолдар өтеді. Аса ірі газ құбырлары Ресейдің орталығына, Оралға және Қазақстанға бағытталған.

Өзбекстан экспортында мақта талшығы, химия өнімдері, тоқыма бұйымдары, түсті металл, алты, азық-түлік өнімдері мен табиғи газ басым. Импорт құрлымында жоғарғы технологиялық жабдықтар айрықша орын алады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде шетелдермен экономикалық байланыстарды күшейтуге айрықша көңіл бөлінуде.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты экономикалық байланыстар қалыптасқан, ол 1992 жылы 24 маусымда қол қойылған келісімге негізделген. Екі ел арасындағы сауда-экономикалыққатынастың дәлелі – Қазақстан тарапыан астық, мұнай, металлургия мен химия өнеркәсібі өнімдерінің Өзбекстанға шығарылуы, ал Өзбекстаннан мақта мен газдың әкелінуі. Қазақстанда Өзбекстанмен бірлескен 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. 2004 жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда көлемі 430 млн АҚШ долларына жетті.

Бақылау сұрақтары:

1. Өзбекстанның өнеркәсібі қандай салаларға маманданған?

2. Өзбекстанның сыртқы экономикалық байланыстарының басты бағыттарын атаңдар.
220 -сабақ

Тақырыбы: Тәжікстан Республикасы

Жоспары:

1.Географиялық орны

2. Аумағының қалыптасуы және мемлекеттік тарихы

3. Табиғат және табиғат ресурстары



Сабақтың мақсаты: Тәжікстан Републикасын толық қарастыру

Теориялық мәлімет:

Жерінің ауданы – 143,1 мың км2.

Халқы – 6,8 млн (2004ж).

Астанасы - Душанбе.

Мемлекеттік құрылымы – Республика.

Мемлекеттік басшысы – президент.

Заң шығарушы орган – парламент.

Мемлекеттік тілі – тәжік тілі.

Ұлттық валютасы – сомони.

1.Географиялық орны. Тәжікстан – Орта Азиялық елдердің бірі. Ол солтүстігінде Өзбекстанмен және Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Ауғаныстанмен шектеседі. Ал батысындағы шекара түгелімен Өзбекстан арқылы өтіп жатыр. Ел аумағы солтүстіктен оңтүстікке 350 км, ал батыстан шығысқа 700км-ге созылады. Тәжікстан таулы ел болғандықтан мемлекеттік шекараның басым бөлігі тау жоталарының биік бөліктері арқылы өтеді. Мұхиттардан өте қашық орналасуы, биік таулы жер бедері әсерінен оқшаулануы, солтүстігімен оңтүстігінің арасындағы байланыстың (теміржолдардың көпшілігі Өзбектсан арқылы өтеді) қиындығы ел эконномикасын өркендетуге басты кедергі болып табылады. Оңтүстігіндегі Ауғаныстанмен көршілік елдің геосаяси жағдайын нашарлатады. Ондағы ұзаққа созылатын қақтығыстар, халықаралық терроризм ошақтарының жақын орналасуы елдің саяси- әлеуметтік жағдайынада әсер етуде. Қытаймен шекаралық аймақ игерілуі дәрежесі төмен Памирдың биік бөліктері арқылы өткендіктен, екі ел арасында өз дәрежесіндегі байланыстар қалыптаспаған.

2.Аумағының қалыптасуы және мемлекеттік тарихы. Қазіргі Тәжікстан жерінде б.з.д. І мың жылдықтың бірінші жартысында алғашқы мемлекеттер (Батерия) құрыла бастады. Ел аумағы б.з.д. VI-IV ғасырларда ирандықтардың, одан кейін Ескендір Зұлқарайын шапқыншыларының иелігінде болды. Осы уақыттар аралығында Тәжікстан жерінде өреу мен құлдырау процестері билік түрінің ауысуына байланысты алма – кезек қайталанып отырады. VIIIғ арабтардың келуіне байланысты исламдініде енді , бірақ тәжіктер батыс иран тіл тобына жататын өздерінің тілідік ерекшеліктерін сақтап қалды. IX-X ғасырларда жергілікті Саманидтер династиясы басшылығы кезінде тәжік халқы этнос ретінде толық қалыптасты. Бұл мәдениеттің, сауда мен өол өнерінің дамуының, қалалардың өсуінің ең бір қарқынды жүрген кезеңі болды. Омар Хайям,Фирдоуси, Рудаки, Абу-али –Ибн-Сина (Авиценна) сияқты ғұламалардың еңбектері осы кезеңде жарық көрген. ХІІІ ғ. Тәжікстан Монғол империясының, XVI ғ. Бұхара хандығының иелігі болды. 1868 ж оның солтүстік бөлігі Ресей империясына қосылып , қалған бөлігі Бұхара хандығының құрамында қалып қойды. 1917 ж Қазан револютциясынан кейін , тәжіктер ұзақ уа қыт бойы кеңестер өкіметіне қарсылықтар көрсетіп, 1921-1924 жж Өзбек КСР-і құрамына автономия болып енгізілді. 1929 ж құрамына Ферғана аңғарының бір бөлігі қосылып , Тәжік КСР-і болып қайта құрылды. 1991 ж 9 қыркүйекте Тәжікстан Республикасы өзнің тәуелсіздігін жариялады.

3.Табиғат жағдайы мен ресурстары. Тәжікстан –т аулы ел оның жерінің 93% -дан астамын таулар (Оңтүстік- Батыс Тянь-Шань,Гиссер- Алай, Памир) алып жатыр. Жерінің тең жартысынан астамы 3000 метрлік биіктікте орналасқан . Таулардың басым көпшілігі ендік бағытта , олардың арасын тауаралық аңғарлар (Ферғана, Гиссар, Ваш, Сурхоб) бөліп жатыр. Кайназойлық (альпілік) тау түзіліу кезінде көтерілген тау жүйелерінде қазіргі тектоникалық қозғалыстар әлі де жүріп жатыр. Сондықтан сейсмикалық белсенділігі жоғары аудан болып табылады. Памирде ТМД жеріндегі ең биік нүкте -Коммунизм шыңы (7498 м) және ең үлкен тау мұздығы Федченко (ұзындығы 77км )орналасқан. Памир – дүние жүзіндегі аса биік әрі әсем, бірақ табиғаты қатал аудандар қатарына жатады.

Геологиялық – тектоникалық құрылымының күрделілігі пайдалы қазбалардың таралу заңдылығын анқтайды. Тауалды иіндерінде мұнай мен газ кездеседі, бірақ қоры жөнінен Өзбекстан мен Түркіменстан жеріндегі кен орындары мен теңесе алмайды. Гиссар- Алай тауларының солтүстігі арқылы суырма- сынап белдеуі өтеді, сондай- ақ вольфрам, қалайы, флюорит (балқитын шпат), ас тұзы кездеседі. Памир тауларында алтын , молибден, волфрам, тау хрусталы, слюда және әр түрлі минералдар бар. Сонымен қатар елдің солтүстік- шығысында полиметалл мен уран кен орындары анқталған.

Тәжікстан климаты материктің ішікі бөлігіндегі орны мен қоңыржай және субтропиктік белдеулердің шекаралық аймағында орналасуы нәтижесінде өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Ол белгілер қатарына ашық ауа райы жағдайыдағы Күн радияциясы мөлшерінің жоғары болуы , ауаның құрғақ әрі шаңды болуы және жылдық, тәуліктік,температура айырмашылықтарының жоғары болуы жатады. Мысалы, елдегі максимум температурасы +480 С-қа жетсе, минимум темпаратура -60С-қа дейін төмендейді. Жалпы алғанда қыс жылы әрі қысқа, кейде солтүстіктен салқын ауа енген жағдайда ауа температурасы -150С-қа төмендеуі мүмкін, ал оңтүстігіде -20С-тан төмен болмайды. Жаз әдетте ыстық, шілде айының орташа ауа температурасы +300С-тан жоғары (тауларда +8,+160С) құрғақшылық жиі болып тұратын құбылыс. Аязсыз кезең ұзақтығы 250 күнге созылады, сондықтан да кеш пісетін дақылдарды өсіруге мүмкіндіктер бар. Жауын-шашынның жер бетіне түсуіде әркелкі, таулардың жел жақ беткейлерінде 1500 мм, ал ық жақ бетккккккейлерінде 100мм-ден аспайды. Ылғал көбінесе қыспен көктемде түседі. Шығыс Памир климаты биік таулық климатқа ауысады. Қыс ұзақ әрі суық , жаз қоңыржай салқын, қысқа әрі құрғақ. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-200 мм-ден аспайды. Ең төмен көрсеткіш – Қаракөл маңында. Тәжік жері таулы болуына байланысты гидроэнергетикалық ресурстарға бай. Өзендердің барлығы Әмудария мен Сырдария жүйесіне кіреді. Өзендер таулардағы мұ здықтардан басталатындықтан су деңгейі жазда көтеріледі. Өзендер бойында СЭС тізбегі салынған, олардың ішіндегі ең қуаттысы Вахзш өзеніндегі Нүрек (жарық, сәуле деген мағына білдіреді.) СЭС-і (қуаты- 2,7 млн кВт). Онда салынған бөгеттің биіктігі – 300 метр , су бөгенінің ұзындығы 70 км-ге созылады. Су бөгендерінің ең ірілеріне Қайраққұм («Тәжік теңізі»), Нүрек, Фархад жатады. Тәжікстан жерінен 200-ден аса минералды су көздері анықталған, бірақ олар әлі өз дәрежесінде пайдаланылмай келеді.

Ең ірі көл –Қаракөл, ауданы -380 км2.Памирде 1911 ж болған күшті жер сілкінуі кезінде Мургаб өзеннің бөгелуінен пайда болған Сарез көлі бар. Ауданы – 79,6 км2, тереңдігі 500м-ге дейін, 3263 м биіктікте орналасқан. Табиғаты көркем, әсем көлдер қатарына жатады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тәжікстан қандай елдермен шектеседі?

  2. Тәжікстанның географиялық орнының қандай басты ерекшеліктері бар?

  3. Тәжікстан жері қандай табиғат ресурстарына бай?

  4. Тәжікстан өнеркәсібіндегі жетекші салалары

221 -сабақ



Тақырыбы: Тәжікстан Республикасының халқы мен шараушылығы

Жоспары:

4. Халық


5.Шаруашылығы, өнеркәсібі

6.Көлік және сыртқы экономикалық байланыстары



Сабақтың мақсаты: Тәжікстан Републикасын халқы мен шараушылығын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Халқы. 2004 ж мәлімет бойынша Тәжікстанда 6,8 млн халық бар. Табиғи өсу көрсеткіші 1,6%, туудың көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 21 адамнан, ал өлім 5 адамнан тұрады.Елдегі экономикалық - әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы туудың көрсеткіштерін соңғы жылдары күрт төмендетіп жіберді.

1990 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамға 32 адамнан келген болатын.

Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 46 адамнан келеді, бұл көрсеткіш өзен бойларындағы шұраттарда 200-300 адамға дейін көтеріледі. Ал биік таулы аудандарда 1 км2-ге 1-2 адамнан ғана келеді.

Тәжікстан – көп ұлтты ел, ел халқы құрылымындағы тәжіктердің үлесі- 63%. Одан кейінгі орындарды үлесі бойынша өзбектер- 23,5%, орыстар- 7,6%, қырғыздар- 1,3%, татарлар- 1,2% мен немістер -0,6% иеленеді. Тәжіктердің басым көпшілігі ауылды жерде тұрады, қала халқының үлесі- 27%. Сондықтан ірі қалалар онша көп емес, ең ірілеріне астанасы Душанбе (540 мың адамнан астам), Худжант (170 мыңнан астам), Куляб (80 мың адамнан астам), Қорғантөбе (60 мыңнана астам) жатады.

2.Шаруашылығы. Кеңестер Одағы тараған соң бұрынғы экономикалық - әлеуметтік байланыстардың үзіліуі және ішкі саясаттағы қақтығыстар елді экономикалқы тығырыққа алп келді. Шаруашылықтың барлық салаларында тұралау байқалады. Наврықтық экономика көшіне ілесе алмай, бір шетте оқшау қалып қойған ел экономикасы қалпына келуі үшін уақыт пен қомақты қаржы қажет. Елдегі барлық басқару тетігі мемлекет қолында жинақталаған, бұл өз тарапынан шетел қаржыгерлерінің белсенділігіне тежеу болуда. 1998 ж мәләмет бойынша Тәжікстанның ЖІӨ-нің жалпы мөлшері 6 млрд АҚШ доллары, оның 30%-ы өнеркісіптің , 29%-ы ауыл шаруашылығының, ал қалағн 41%-ы өндірістік емес салалар үлесіне тиесілі.

Өнеркәсіптің жетекші саласы- электр энергиясын өндіру болып табылады. Елдегі аса зор гидроэнергетикалық қордың бар болғаны 5%-ы ғана пайдаланылады. Олар – Вахш өзеніндегі Нүрек,Рогун СЭС-і. Біртұтас энергия жүйесінен ажырап қалғандықтан, өндірілген энергия тек өз қажеттеріне ғана жұмсалады. Сондықтан энергияны көп қажет ететін Тұрсынзада қаласындағы алюминий зауыты Тәжікстандағы ең қуаттты кәсіпорын болып саналады. Екінші энергияны көп тұтынатын кәсіпорын жергілікті ас тұзы шикізатына негіңзделген электр химия зауыт, онымен бірге Вахш азот зауыты жұмыс істейді. Ал ертеректе өте маңызды саналып келген түсті металлургия, машина жасау кәсіпорындары қазіргі кезде тоқтап тұр.

Агроөнеркәсіп кешен және жеңіл өнеркәсіп. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ел аумағының 30%-ын құрайды. Егіншілік үшін суландыруға мүмкіндік туатын жерлер толығымен пайдаланылады. Олар- өзен аңғарлары бойы мен тау етектерін алып жатқан сұр топырақ таралаған аудангдар. Негізгі дақылы жіңішке талшықты мата, дәнді дақылдар мен малазықтық дақылдарға жер қоры өте аз бөлінген. Кейбір ааудандарда жібек құрты өсіріледі, сондай- ақ жеміс ағаштарын, жүзім және эфир майы алынатын дақылдарды өсіруге маманданған.

Жеңіл өнеркәсіп мақтаны алғашқы өңдеуге бағытталған. Таулы Бадахашан жерінен басқа бөліктердің барлығында мақ та тазалау зауыттары орналасқан. Олардан өңделген мақта Душанбе мақта мата бірлестігі мен Қайраққұм кілем комбинатына, сондай-ақ Худжант және Душанбе жібек тоқу комбинаттарына жіберіледі.

3.Көлік және сыртқы экономикалық байланыстар. Таулы жер бедері мен оңтүстік шекараның тұйықталуы көлік жүйесінің дамуын жылдар бойы тежеп кеді. Сондықтан Тәжіксан ТМД елдері ішінде көлік жүйесінен көптеген көрсеткіштері бойынша ең соңғы орынды иеленетін. Елдің ең жақсы дамыған көлік түрі – автокөлік, тас жолдар тығыздығы жөнінен Тәжікстан қырғызстан мен Өзбекстан елдерімен деңгейлес. Оның 1000 км2-ге шаққандағы тығыздығы – 86 км.ТМД-ныі Ресей (27 км.), Қазақстан (30 км.), ТҮҰрікменстан (25 км.) сияқты елдерін артта қалдырды. Негізгі магистраль Худжант- Душанбе - Хорог- Ош қалаларын жалғастырады. Жақсы жабдықталған теміржолдың жалпы ұзындығы 481 км ғана.

Елдегі саяси ахуал басқа елдермен тығыз қарым- қатынас жасуға кедергі келтіруде. Көпшілік жағдайда байланыстар қысқа мерзімді келісімдер түрінде жүзеге асуда, мәселен, белгілі бір шикізат түрлерін өзара алмасу . Қазіргі кезде Тәжікстанмен осындай бағыттағы экономикалық байланыстар Ресеймен жүзеге асырылуда. Сонымен құатар Ресей Тәжікстан мен Ауғаныстан арасындағы шекара күзетіне де көмек көрсетуде.

Қазастан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас 1993 ж 19 қазандағы өзара келісімшарт негізінде жүзеге асырылыуда. Қазақстанның құрам атқыштар батальоны 1993-2001 ж аралығында мемлекетаралық бейбітшілік сақтау күштері шеңберінде Тәжікстанда болып, ондағы саяси жағдайды тұрақтандыруға көмектесті. Тәжікстан Қазақстанға электр энергиясы мен мақ та беретін болса, Қазақстан оларға астық пен мұнай өнімдерін береді. 2004 ж екі ел арасындағы сыртқы сауда көлемі 140 млн АҚШ долларына жетті.



Бақылау сұрақтары:

  1. Тәжікстан өнеркәсібіндегі жетекші салаларды атаңдар.

  2. Тәжікстан ауыл шаруашылығы құрылымын атаңдар, неге астық дақылдары аз өсіріледі?

  3. Тәжікстанның басқа елдермен қарым –қатынасына кедергі болып отырған жағдайларды атаңдар.

222-сабақ

Тақырыбы: Түрікменстан Республикасы

Жоспары:

1.Географиялық орны

2. Аумағының қалыптасуы және мемлекеттік тарихы

3. Табиғат және табиғат ресурстары

4. Халық

5.Шаруашылығы, өнеркәсібі

6.Көлік және сыртқы экономикалық байланыстары

Сабақтың мақсаты: Түрікменстан Републикасын толық қарастыру

Теориялық мәлімет:

Жерінің ауданы -491,2 мың км

Халқы-4,8 млн адам (2001 ж)

Астанасы-Ашғабат.

Мемлекеттік құрылымы-республика.

Мемлекет басшысы-президент.

Заң шығарушы органы-парламент.

Мемлекеттік тілі-түрікмен тілі.

Ұлттық балютасы- түрікмен манаты.
1.Географиялық орны. Түрікменстан республикасы Амудария мен Каспий теңізі аралығында, солтүстік –батыстан оңтүстік –шығысқа қарай созыла орналасқан. Солтүстігінде Қазақстан және Өзбекстанмен, шығысында Өзбекстан және Ауғанстанмен, оңтүстігінде Ауғаныстан және Иран мемлекеттерімен шектеседі.Батысын Каспий теңізінің сулары шайып жатыр.Маңызды мұнай кен орындары шоғырланған, бірнеше мемлекеттердің геосаяси,экономикалық мүдделері тоғысатын Каспий алабымен көршілесорналасуы елдің геосаяси жағдайын анықтауда басты орын алады.

2.Аумағының қалыптасуы және мемлекет тарихы. Ежелгі қоныстар Түрікменстан жерінде б.з.д. 1 мыңжылдықта пайда болған. Мургаб өзені бойындағы шұраттарда осы кезеңде ежелгі қалалар мен алғашқы мемлекеттер (Маргиана, Парфия, Мидия) пайда болған.Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты ежелден-ақ түрікмен жері арқылы Шығыспен Батысты жалғастыратын көне керуен жолдары өткен. Үндістан мен Қытайды Жерорта теңізі бойы елдерімен байланыстыратын құрлықтағы маңызды сауда жолдарының өтуі мұнда көптеген елдердің сауда және әскери мүдделерінің тоғысуына себепші болды.

10 ғасырда Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Мерв қаласы ірі сауда орталығына айналып,11-12 ғасырларда елдің астанасы қызметін атқарды. Аймақтағы басқа елдер сияқты, түікмен жеріде монғол шапқыншылығына ұшырады, соның салдарынан гүлденген қалалары қирап, отрықшы мәдениет күйреді. Осдан кейінгі кезеңде бұл аумақ Әмір Темір мен оның ұрпақтарының, ал 16-17 ғасырлар Бұхара және Хиуа хандықтарының қол астында болды. Түікмен ұлтының тү.бегейлі қалыптасуы осы тарихи кезеңге сәйкес келеді.

19 ғасырдың соңында Түікменстан аумағы біртиіндеп Ресей империясының құрамына өтті. Қазан революциясынан соң Орта Азияның басқа аумақтарымен бірге 1918 ж құрылған Түркістан Автономиялық республикасы құрамына енді. 1924 ж КСРО құрамындағы Түрікмен КСР-і болып қайта құрылды.

1991 ж 27 қазанда тәуелсіздігін жариялады.

3.Табиғаты және табиғат ресурстары. Ел аумағының 80 % астамы Тұран ойпатының шөлді алқаптары алып жатыр, мұнда Жер шарындағы аса ірі құмды шөлдердің бірі- Қарақұм шөлі орналасқан. Шөлдерде жер бедері 100-200 м биіктіктен аспайдбы.Шөлдерюдің бетін шөл өсімдіктерімен бекіген және сусымалы құмдар алып жатыр, Амудария атырауы менг Каспий теңізі жағалауында сазды шөлдер,т тақырлар орналасқан.

Аласа таулар (Копетдаг, Бадхызжәне т.б ) елдің оңтүстігінде шоғырланған. Олар шығу тиегі жағынан Альпі қатпарлығында қалыптасқан жас таулар болып табылады. Сол себепті тауларда сейсмикалық жағдай тұрақсыз, 1948 ж Копетдагта болған жер сілкінудің күші эпицентрінде 10 балға жетті. Осы жер сілкінуі барысында ел астанасы түгелдей дерлік қирады, мұндағы қалпына келтіру жұмыстарына Кеңес Одағының құрамындағы республикалар түгелге жуығы қатысты.

Респуббликаның минералды ресурстары аумақтың геологиялық құрылысымен тығыз байланысты. Тұран плитасымен Каспий теңізінің қайраңында табиғи газ бен мұнайдың аса мол қоры шоғырланған. Табиғи газдың біршама қорлары жөнінен дүние жүжінде алғашқы «бестікке» енеді. Қарақұмда күкірттің ірі кен орындары табылған. Каспий теңізі жағалауындағы Қара-Бұғаз көл шығанағында калий, магний, натрий, бром, йод және глаубер тұздарының мол қор шоғырланған.



Климаты Шұғыл континентті. Түрікменстанды «нағыз күн шұғылалы ел» деуге болады, мұнда бұлтсыз ашық күндердің саны 290-ға жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм-ге дейін, ал таулы аудандарда 350 мм-гет дейін артады. Елджің оңтүстік батысы суб торпиктік белдеуде жатқан ең жылы аудан болып есептеледі, мұнда ауаның жылдық температурасы +17° С тең. Жазы ыстық әрі құрғақ. Жазда Амудария аумағын бойлай,тропиктік құүрғақ, ыстық желдер соғады. Аңызақ желдер ауаны құрғатып, төсеніш бетті қатты қыздыорады.

Елдің еңірі өзен жүйесі- Амудария, Мургаб және Теджен өзендері сулары құмға сіңіп, жоғалады.Батыстағы Атрек өзені Каспий теңізіне құяды. Өзен суларының басым көпшілігі булануға ұшырап,құмға сіңіп немесе суландыру мақсатында қолданылады. Бірнеше тұзды көлдер кезбдеседі, ең ірісі –Сарықамыс көлі. Ауыл шаруашылық қажетін өтеудегі Қарақұм каналының орны ерекше. Қарақұм жері жер асты суларына бай болып келеді, бірақ олар біршама тереңдікуте орналасқан.

Түрікмен жері табиғатына тән басты белгі- шөлдер мен шұраьттардың қатар кездесуі. Шөлдік ландшафтыға тән барлық табиғат кешендерін осы аймақтан кедестіруге болады. Шұраттар негізінен өзен бойларында орналасқан.

Бақылау сұрақтары:

1. Түрікменстан қандай елдермен шектеседі?

2.Түрікменстанның географиялық орнының қандай басты ерекшеліктері бар?

3.Түрікменстан жері қандай табиғат ресурстарына бай?

4.Түрікменстан өнеркәсібіндегі жетекші салалары
223-сабақ

Тақырыбы: Түрікменстан Республикасының халқы мен шаруашылығы

Жоспары:

1. Халқы


2.Шаруашылығы, өнеркәсібі

3.Көлік және сыртқы экономикалық байланыстары



Сабақтың мақсаты: Түрікменстан Републикасының халқы мен шаруашылығын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Халқы. 2001 ж есеп бойынша, түрікменстанда 4,8 млн халық тұрады. Ел халқына ұдайы өсудің типі тән, табиғи өсуі 1,5 % туудың көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 21 адам, ал өлім 6 адамды құрайды. Халық саны ауыл халық есебінен жылына 90-100 мың адамға дейін көбейеді. Отбасындағы балалар саны тұрақты жоғары, 3-5 бала, тіпті оданда көп болады. Бұл халық санындағы жастардың үлесін арттырады. Халқының құрамы күрделі:елде 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Түрікмендер ел халқының 1 ⁄4 бөлігін құрайды. Басқа ұлттар арасында өзбектердің 9,2%, орыстардың 6,7%, қазақтардың 2,2 % үлесі біршама.

Ел халқы аумақ бойынша біркелкі қоныстанбаған, орташа тығыздық 1 км 9,8 адамнан келеді. Шұраттардағы халық тығыздығы 1 км 200 адамға дейін жетеді. Түрікмен жерінің 80 % жуық бөлігінде (Қарақұм)халық мүлдем тұрмайды. Түрікменстанда Орта Азияның басқа республикаларына қарағанда қала зхалқының үлес салмағы жоғары, қалаларда ел халқының 44 % тұрады.

2.Шаруашылығы. Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде Түрікменстан өз бетімен әлемдік экономикалық кеңістікке шығудың мүмкіндіктерін іздестіруде.Елдің экономикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды, елдің дамуының негізгі бағыттары анықталды:

-Экономикада құрылымдық өзгерістер жүргізу;

-Әлеуметтік саладағы бағдарламаларды жүзеге асыру;

-Азық-түлік және халыққа қажетті тауарларды өндіру көлемін арттыру;

-Нарықтық қатынастармен кәсіпкерлікті одан әрі дамыту;

-Ел экономикасына шетел инвестицияларын кеңінен тарту.

Соған қарамастан, өтпелі кезеңде көптеген кәсіпорындар жабылып, табиғи газ өндіру көлемі қысқарды. Ауыл шаруашылығының көрсеткіштері де төмендеді. Қазіргі кезде Түрікменстанда ЖІӨ-нің жалпы көлемі 7 млрд АҚШ юолларын құрайды, жан басына шаққандағы мөлшері 640 доллар шамасында.ЖІӨ-нің салалық құрылымында өнеркәсіптің үлесі 47% жоғары, ауыл шаруашылығына-21 %, қызмет көрсету саласына 32% тиесілі.

Өнеркәсіп. Ел өнеркәсібінің маманданған саласы-мұнай-газ кешені. Дүние жүзілік маңызы бар табиғи газ кен орындары Чарджоу облысның солтүстігінде, Мары қаласы маңында және Каспий теңізі жағалауында орналасқан. Соңғы жылдары газ өндірісі қысқарып кетті.Табиғи газы шетелдерге,ең алдымен, Еуропа елдеріне тасмалдаумүмкіндігіне зор мән берілуде. Қазіргі кезде Ресей арқылы жүргізілген жалғыз газ құбыры бар. Болашақта табиғи газды Иран мен Туркия жері арқылы Еуропаға, сондай –ақ Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Үндістанға тасмалдауға мүмкіндік беретін халықаралық табиғи газ құбыры салыну жоспарлануда.

Мұнай елдің батыс бөлігінде өндіріледі. Елде негізінен жергілікті шикізатпен жұмыс істейтін екі мұнай кен өңдеу зауыты бар.Чарджоу қаласында күкірт қышқылын, минералды тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет