Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №



бет11/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

Семинар сабағының жоспары:
1.Жоңғар мемлекетінің құрылуы.Жоңғар хандығының көтерілуі.
2.Жоңғарлардың басқыншылық саясатының стратегиясы.«Ақтабан шұбырынды» жылдары.
3.Жоңғар жаулаушыларына қарсы күресте қазақ халқының бірігуі.Ордабасы және оның маңызы.
4. Қазақ халқының жоңғар жаулаушыларына қарсы азаттық күресі.
5. «Шаңды жорық» – екі жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысының аяқталуы.


Сабақтың мақсаты:  XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру. Тәуелсіздік жылдарындағы зерттеулерді пайдалана отырып, Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи алғышарттарына талдау жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер Ресейдің қазақ жерлерін отарлау саясаты бойынша отандық және шетелдік зерттеушілердің көзқарастарына талдау жасау керекСонымен қатарӘбілқайыр ханның Ресей бодандығын қабылдауға бет бұруының себептеріне түсінік беру. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнеріне салыстырмалы талдау жасау. Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен және Ресеймен қарым-қатынасына тоқталу.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жоңғар мемлекеті қашан құрылды?
2. «Ақтабан шұбырынды» жылдары және қазақ-жоңғар шайқастары туралы айтыңыз?
3. «Шаңды жорық» деген не?
4. Абылай ханның жүргізген дипломатиялық саясаты және оның қазақ хандығы үшін маңызы неде?

СЕГІЗІНШІ ТАҚЫРЫП: ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту
Сабақтың мазмұны: Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906–1915 жылдары аралығында Қазақстанда қоныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді.
XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы ешбір сын кетірмейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін беліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусым-дық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсіпорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет