Семинар сабағының жоспары:
1. Еуропа және орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі. Қазақстанда жүргізілген экспедициялар.
2. Қазақтың аса көрнекті ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаевтың шығармашылық мұралары.
3. Қазақ әдебиеті. Қ.Сағырбайұлы, Д. Шығайұлы және т.б. музыкалық шығармашылығы.
4. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар: «Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла», «Айқап».
Сабақтың мақсаты: ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетіндегі халық ақындарының шығармашылығы, музыка өнерінің даму ерекшеліктері және ағартушы ғалымдар еңбектері мен мерзімді басылымдар туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыт. Қазақстанның зияткерлік-рухани элитасының мұрасы. Мәшһүр Жүсіп Көпеев және оның қазақ фольклоры мен шежіресін жинақтаудағы еңбектерінің тарихи маңызына назар аудара отырып, жаңа көзқарастар тұрғысынан талдау жасау. ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетіндегі халық ақындарының шығармашылығы бойынша кесте дайындалуы қажет. Студенттер семинар тақырыбы бойынша презентация дайындау үшін бірнеше топқа бөлінуі мүмкін.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қандай Қазақстанды зерттеген еуропа және орыс ғалымдарын білесіз?
2.Қазақстанда жүргізілген экспедицияларды атаңыз?
3. ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетіндегі халық ақындарының шығармасын атаңыз?
4. Қандай қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдарды білесіз?
ОНЫНШЫ ТАҚЫРЫП: Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы.
Сабақтың мазмұны: Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылы Ресейде басталған революция қазақ ұлттық зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Ұлттық қазақ партиясын құру жолындағы алғашқы қадамдар бірінші орыс революциясы кезінде жасалы. 1905 жылдың соңында-ақ Орал қаласында қазақ ұлттық партиясын құру жөніндегі шешімдер қабылдауға тиіс болған Қазақстанның бес облысының өкілдері қатысқан делегаттық сьезд шақырылды. Онда партия құру ниеті туралы айтылды. Қазақстанның барлық облысынан дерлік өкілдер қатысқан І Бүкілқазақ сьезі 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Сьезде «Алаш» партиясын құру жөнінде шешім қабылданды. «Алаш» партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты либерал-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді. «Алаш» партиясының басшылары мен бүкіл партия, негізінен, Қазан революциясын қолдаған жоқ. Петроградтағы толқулар басталысымен «Қазақ» газетінде 21 қарашада «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама жобасы 10 мәселені қамтыды:1.Мемлекеттік құрылыс, 2.Жергілікті бостандық,3.Негізгі құқық, 4.Дін, 5. Билік пен сот, 6. Ел қорғау, 7.Салық, 8. Жұмысшылар мәселесі, 9. Ғылым мен оқу-ағарту ісінің дамуы, 10. Жер мәселесі.
«Алаш» партиясының мақсаты – XVIII ғасырда жойылған қазақтардың ұлттық мемлекетін қайта қалпына келтіру болды. Партияның негізгі бағдарламалық міндеттері ретінде: елді отарлық құлдықтан құтқару, қазақ қоғамын ортағасырлық жағдайдан алып шығып, мәдениетті елдер қатарына қосу, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде түбірлі өзгерістерді жүзеге асыру жарияланды.
Қоқан автономиясының 1917 жылы қарашада өткен IV Өлкелік төтенше мұсылман сьезі орталығы Қоқан болатын Түркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылдады. Сьезде сайланған автономия үкіметін көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер М.Тынышпаев, кейін М.Шоқай басқарды. Мұстафа Шоқай мұсылман халықтарының саяси және мәдени жағынан қайта өрлеуінде елеулі рөл атқарған осы құрылымның дем берушілері мен ұйымдастырушыларының бірі болды. М.Шоқай бүкіл Түркістанды бір автономиялық республикаға біріктіріп, оны демократиялық Ресейдің құрамына енгізу идеясын қозғады.
Алайда большевиктер ұлттық үкіметтің өмір сүруімен келіскісі келмеді. Орта Азия мен Қазақстан аумағында ұлттық мемлекеттілікті құрудың алғашқы әрекеті қайғылы аяқталды. 1918 жылы қаңтарда Ташкент кеңесі Қоқанға құрамына Ташкенттің қызыл гвардияшы бөлімдері, большевиктерге ниеттес қалалық гарнизон солдаттары кірген жазалаушы экспедиция жіберді. Осы үшін большевиктер өздерінің идеологиялық қарсыласы – армян ұлтшылдарының «Дашнакцутюн» партиясымен одақ жасауға да барды. Дашнактардың отряды мұсылман тұрғындарға қарсы жасаған ерекше қатігездікпен көзге түсті. 29 қаңтар күні Қоқан автономиясын талқандау басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |