Семинар сабақтың тақырыбы : «Етістіктің категориялары»


Рай, түрлері, жасалу жолдары



бет5/11
Дата10.03.2023
өлшемі61.4 Kb.
#470626
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Семинар саба ты та ырыбы «Етістікті категориялары»

Рай, түрлері, жасалу жолдары.

Етістік қимылды, іс-әрекетті білдіретіндіктен, сөйлемде көбінесе қимыл иесі – субъектінің пікірі, іс-әрекетті шындыққа қаншалықты қатысты екенің көрсетіп, модальділік мәнге ие болып отырады. Етістіктің жалпы грамматикалық мағынасының үстіне үстелетін осындай модальділік мәндер рай категориясының жеке түрлері негізінде іске асады. Ашық рай қимылдың, іс-әрекеттін белгілі бір негізде болу-болмауымен, яғни шақтық ұғыммен байланысты. Басқаша айтқанда, үш шақтың бірінде қолданылған етістік ашық рай тұлғасында тұрған болып есептеледі. Шартты рай қимылдың, іс-әрекеттін болу-болмау шартын білдіріп, етістік түбірлерге, етістіктің етіс, күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларының үстіне -се, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады да, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Осы мен, тегі, ақын болсам керек.(Ә) 1. Мен бар+са+м. 2. Сен барсаң. Сіз барсаңыз. 3.Ол барса. Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттін орындалу-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мағыналарды білдіреді. Бұйыру мәні ІІ-жақта айқын болады да, ІІІ-жақта бұйыру, өтіну мәні басым болады, ал І-жақта бұйрықтан гөрі сөйлеуші қимылды, іс-әрекетті өзі ниет етіп орындайтынын білдіреді. Қалау рай айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын білдіріп, етістік түбір мен етістіктің күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларына –ғы/гі, -қы/кі қосымшалары үстеліп, оның үстіне тәуелдік жалғауы қосылып «кел» көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбірге -са (-се) игі еді, -ғай (-гей), -са екен тәрізді аналитикалық форманттар тіркесу арқылы жасалады. Мысалы:
1. Менің барғым келеді.
2.Сенің барғың келеді.
Сіздің барғыыңыз келеді.
3.Оның барғысы келеді.

  1. Шақ категориясы, мағынасы, түрлері, жасалуы.

Шақ іс-қимылдың, жай күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Шақ категориясы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту мерзімін, кезін білдіреді, бірақ ол мерзімдік мән жеке сөздер арқылы емес, грамматикалық жолдарымен беріледі. Шақтың үш түрі бар.
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқаның білдіреді. Осы шақ мағыналық мағыналық ерекшелігіне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ болып бөлінеді. (199-б)
Нақ осы шақ – қалып етістіктің тікелей жіктелуі арқылы не көсемшенің –ып, -іп, -п, -а, е, й, тұлғасындағы негізгі етістікке осы қалып етістіктің тіркесіп келуі арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақ – а, е, й тұлғалы етістіктің жіктеліп келуі арқылы жасалады: барады, айтады т.с.с. Оны бір грамматика ауыспалы осы шақ деп берсе, енді бірі, жалпы осы шақ. Мысалы: құс ұшады, әнші ән салады (Ы.М. ҚҚТ, 34-б).
Өткен шақ – қимылдың, іс-әрекеттін сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенің (немесе болмай қалғаның) білдіреді.
1. Жедел өткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттың алдында ғана болып өткенін білдіреді.
2.Бұрынғы өткен шақ - қимылдың, іс-әрекеттін сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді. Оның айғақты түрі есімшенің –ған/ген қосымшасы арқылы, айғақсыз түрі –ып, іп, п арқылы жасалады.
3. Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын, етін, итін, (баратын, баратын кім?) -ар, -ер,- р және еді көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалады.
Келер шақ - қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатынын білдіреді.
1. Болжалды келер шақ – ар, ер, р, с.
2. Мақсатты келер шақ – мақ, мек.
3. Ауыспалы келер шақ – а, е, й .
4. Сенімді келер шақ – ғалы, гелі (отыр, жүр, жатыр).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет