Семинар сабақтың тақырыбы : «Етістіктің категориялары»


Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер



бет7/11
Дата10.03.2023
өлшемі61.4 Kb.
#470626
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Семинар саба ты та ырыбы «Етістікті категориялары»

Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ, Оралбаева Н. т.б. Қазіргі қазақ тілі (жаттығулар жинағы). –Алматы,1997.
2. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. –Алматы,1953.
3. Омарбеков С. Қалау рай және оның кейбір түрлері жөнінде. / ҚазССР ҒА-ның Хабарлары, филология және өнер тану сериясы. – 1960. - №1/14.
4. Оралбаева Н. Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формасы. /Қазақстан мектебі. -1971. - №4.
5. Дүйсембекова Л. Қазақ тіліндегі бұйрық райдың құрылысы мен мағынасы. –Алматы,1999.
6. Төлеуов А. Қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категориялары. –Алматы,1975.

Дәйектеме: Етістіктің грамматикалық категорияларының мағыналарын беретін көрсеткіштер қосымшалар, олардың грамматикалық жұрнақтары мен жалғаулары және аналитикалық форманттар екенін тапсырма-жаттығуларды талдату арқылы меңгерту. Болымды, болымсыз етістіктер. Болымсыз мағынаның етістікте берілу тәсілдері. Қимылдың өту сипаты қатегориясының семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері мен берілу жолдарын меңгеру.
Етістік түбірі білдіретін жалпы грамматикалық мағынаға ешбір өзгеріс енгізбей оған қосымша мағына үстейтін және жіктелуге негіз болатын белгілі бір грамматикалық тұлғалар жүйесінің жиынтығы етістіктің таза грамматика-лық категориялары болып табылатындығы Етістіктің жалпы грамматикалық мағынасының үстіне қосылатын қимыл иесінің пікірі, іс-әрекеттің шындық өмірге қатысын білдіретін модальділік мәндердің рай категориясы арқылы берілуі, рай түрлері, жасалу жолдарына жаттығу. Рай формасындағы етістіктерге жіктік жалғауының жалғану ерекшелігі. Іс-әрекеттің белгілі бір мезгілмен байланысты берілу мағынасы етістіктің шақ категориясының формалары арқылы көрінетіндігі, шақ категориясының түрлері, жасалу жолдары. Етістіктің жіктелу ерекшелігі, тікелей жіктелетін етістік тұлғалар - калып етістіктері мен рай, шақ тұлғалары екендігі. Осы тұлғадағы етістік жіктеліп барып, сөйлемдегі бастауышпен жақ арқылы қиысып, субъектілік-предикаттық қатынастағы байланыс /сөйлем/ құрайтыны. Етістіктің сөйлемдегі қызметі оның тұлғалық формасына байланысты барлық сөйлем мүшесі бола алатындығын дағдыландыру жұмыстары арқылы бекіту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет