Жақ категориясы, етістіктің жіктелуі.
Жақ деген ұғым мен жіктелу бір-бірімен толық балама емес. Өйткені, жіктік жалғау тек жақтың мағынамен ғана шектеліп қоймайды, онда жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылықтары болмас еді. Өйткені жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар. Жақ ұғымы қимыл, іс-әрекеттің қай жақ арқылы іске асатынын білдіреді де, субъекті мен предикат арасындағы семантикалық және грамматикалық қатынасты көрсетеді. ІІ жағынан жіктік жалғау, ІІІ жақта (жекеше, көпше) әрқайсысына тән арнайы грамматикалық тұлғалары бар парадигмалық түрлену жүйесі болып табылады. Жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік емес. Әдетте жіктік жалғау етістік түбіріне тікелей жалғанбайды, ал есім сөздерге тікелей жалғанады. Сондай-ақ етістіктің жіктелуі біркелкі емес.
Етістіктің сөйлемде атқаратын қызметі.
1. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Кел, балалар, оқылық (Ы. А.). Жартаска бардым, күнде айғай салдым (А). Тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларсыз-ақ та сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Қонақтар көрмені көруде. Класс міндеттемесінің негізгі бір мәселесі — сабақ үлгірімін жақсарту.
2. Етістік көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын, әр түрлі қасиетін (себебін, мақсатын т. б.) білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Ақырындап атты алтын таң (Қ. А.). Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре-түра тексермедім (А).
Түйық етістік септеліп (барыс, шығыс, жатыс, көмектес), кейбір шылаулармен тіркесіп келіп сөйлемде пысықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған (Ы. А.). Оқу ушін осында келді.
3. Етістік есімше және тұйық етістік тұлғаларында атау септікте келіп заттанып, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көрмес— түйені де көрмес (мақал). Жақсы оқу — әр оқушының міндеті. Іздеген жетер мұратқа.
4. Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп, анықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді (мақал). Білудің шегі жоқ. Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен (мақал).
5. Етістік есімше не түйық етістік тұлғаларында септеліп келіп, атау мен іліктен басқа септіктерде толықтауыш қызметін де аткарады. Мысалы: Ұстаздық қылган жалықпас үйретуден балаға (А). Білгенге маржан, білмеске арзан (А).— Сіз қандай жауды құлатқаныңызды білесіз бе? (Ә. Н.) Енді оған сөйлеуді қойдым.
Достарыңызбен бөлісу: |