Жаттығу блогі
1-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден етістіктерді тауып, оларды берілген кесте үлгісі бойынша рай түрлеріне қарай бөліп жазыңыздар.
Бетің былғанса, су тазартады (Ғ. Мұст.). Бөгемендер, жол беріңдер.
(Ғ. Мұст.). Қараңызшы, Сергей Петрович! – деді Мейрам (Ғ. Мұст.). Ерлік белгі көрсеткісі келгенмен, Қожантайдың өзі де ойға қала бастады (С. М.). Осылар айта берсе екен, араласа берсе екен (Ғ. Мұст). Көңілдегіні орындап шықса, жауынгерлерге де сыйлық берілсін (Ғ. Мұст.). Асқар оянса, ұйқысы қанып, денесі сергіп қалған екен (С. М.). Бұлт тарқап, аспан ашылса да, түн қараңғы (С. С.). Қарулы күшке қарсы тұрып қырылмайсың сұраған солдатын берейік дегенді айтсын (С. М.). Топырақ жұмсак, майда болса, дән еркін өседі (Ғ. Мұст).
– Мұныңыз ілімге сәйкес келсе игі еді (Ғ. Мұст). – Қарсыласуға, тіпті тоқтатып қоюға, еркі бар (Ғ. Мұст.). Сенің де айтқаның болсын (Ғ. Мұст.). Сүйемелдесумен әрең көтерген денесін Асқар шамалап көрсе, түндегі таяқтан күп боп ісіп кеткен (С. М.). Шалыс азу шалды ырқына жіберіп, алыстан толғап тартқысы келді (Ғ. Мұст.).
Бұйрық рай
|
Шартты рай
|
Қалау рай
|
|
|
Ерікті қалау рай
|
Тілекті қалау рай
|
Бөгемеңдер
|
бағынса
|
оянса
|
келгенмен
|
Беріңдер
|
Орындап шықса
|
Айтқаның болсын
|
Араласа берсе екен
|
Қараңызшы
|
Ашылса да
|
Тартқысы келді
|
Келсе игі еді
|
Айтсын
|
Майда болса
|
|
|
|
Шамалап көрсе
|
|
|
2-жаттығу. Етістіктерді тауып, оларды болымды-болымсыздық категориятүрлеріне қарай жасалу жолына, түрлену жүйесіне талдау жасаңыздар.
Жақсылық ұзақ тұрмайды, жамандық әр кез тозбайды. Үміттің аты елеріп, қос тізгінді созбайды /Абай/. 2. Жаңылмас жақ болмайды, сүрінбес тұяқ болмайды. 3. Көп көрген нұсқа, көп істеген ұста. 4. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады. 5. Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би болмас. 6. Атадан жақсы ұл туса, елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің соңы болады. 7. Уа, көсіле шабар жерің бар, ту көтерер ерің бар, қол боларлық елің бар.8. Жүрекке әмір жүрмейтінін білмей, сен жүректі білекпен болыпсың. 9. Жоңғарлармен ақтық айқасқа түскен қырық жігіт ауылға жеңіспен оралды. 10. Абай айтып отырған жоқ. Баймағамбет сөйлеп отыр. Үш күн әңгіме етіп, жақсылардың аузынан шыққан лебізін жұртқа жайып жүрміз (М.Ә).
Жауабы:
Тұрмайды-тұр негізгі етістік,-ма болымсыз етістіктің жұрнағы, -й көсемше,-ды жіктікж 3 жағы,ауыспалы келер шақ
Тозбайды-тоз негізгі етістік,-ба болымсыз етістіктің ж, -й ауыспалы осы шақ, көсемше, -ды жіктік ж 3 жағы, ауыспалы келер шақ
Елеріп-еле нег етістік, -р есімше болжалды келер шақ,-іп көсемше, бұрынғы өткен шақ
Созбайды-соз нег етістік, -ба болымсыз етістік, -й көсемше,ауыспалы келер шақ,-ды жіктік ж 3 жағы, ауыспалы келер шақ
Болмайды-бол негізгі етістік, -ма болымсыз етістік, -й көсемше,ауыспалы осы шақ,-ды жіктік ж 3 жағы,ауыспалы келер шақ
Көрген-көр негізгі етістік, -ген есімше, өткен шақ
Істеген-істе негізгі етістік, -ген есімше,өткен шақ
Ұста-негізгі етістік, жіктік ж 2 жағы
Жылатып-жыла негізгі етістік, -т өзгелік етіс, жіктік ж 2 жағы
Айтады-айт негізгі етістік, -а көсемше, ауыспалы келер шақ, -ды жіктік ж 3 жағы
Күлдіртіп-күл негізгі етістік,-дір өзгелік етіс,-т өзгелік етіс, -іп көсемше,бұрынғы өткен шақ
Айтады-айт негізгі етістік, -а көсемше ауыспалы келер шақ, -ды жіктік ж 3 жағы
Тумас-ту негізгі етістік, -ма болымсыз етістік, -с ортақ етіс
туса – ту негізгі етістік, -са шартты рай
болады-бол негізгі етістік, -а көсемше, ауыспалы келер шақ, -ды жіктік жа 3 жағы
көсіле-көс негізгі етістік,-іл ырықсыз етіс,-е көсемше, ауыспалы келер шақ ж
көтерер-көтер негізгі етістік, -ер есімше, болжалды келер шақ
жүрмейтінін-жүр негізгі етістік, -ме болымсыз етістік, -йтін есімше, өткен шақ
білмей-біл негізгі етістік, -ме болымсыз етістік, -й көсемше, ауыспалы келер шақ
болыпсың-бол негізгі етістік, -ып көсемше , бұрынғы өткен шақ, -сың жіктік жалғауының 2 жағы
түскен-түс негізгі етістік, -кен есімше,өткен шақ
оралды-орал негізгі етістік, -ды жіктік ж 3 жағы, жедел өткен шақ
отырған-отыр негізгі етістік, -ған есімшенің жұрнағы, өткен шақ
сөйлеп – сөйле негізгі етістік, -п көсемше, бұрынғы өткен шақ
отыр-негізгі етістік, жіктік жалғауының 3 жағы
етіп- негізгі етістік ет, -іп көсемше, бұрынғы өткен шақ
шыққан-шық негізгі етістік, -қан есімше, өткен шақ
жайып-жай негізгі етістік, -ып көсемше,бұрынғы өткен шақ
жүрміз-жүр негізгі етістік, -міз жіктік жалғауының көпше түрінің 1 жағы
Достарыңызбен бөлісу: |