Семинар сабақтың тақырыбы : «Етістіктің категориялары»


-жаттығу. Сөйлемдердегі етістіктерді талдау арқылы таза грамматикалық категорияларының түрлерін меңгеріп, оларды өзіндік ерекшеліктеріне қарай топтаңыз



бет10/11
Дата10.03.2023
өлшемі61.4 Kb.
#470626
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Семинар саба ты та ырыбы «Етістікті категориялары»

4-жаттығу. Сөйлемдердегі етістіктерді талдау арқылы таза грамматикалық категорияларының түрлерін меңгеріп, оларды өзіндік ерекшеліктеріне қарай топтаңыз.
Аузы жеңіл біреу әлдеқалай оған қыз екенін айта қалса, ызақор қыз жылап қоя беретін /Ә.Нұрпейісов/. Күндердің күнінде сол екі елдің жарылмаған қауын, шайқалмаған уызы екі сұлу жасы бопты /М.Әуезов/. Бір әйел қолтығындағы шумақталған көп қағаздардан жиналыста отырғандарға бір-бірден беріп жатыр /Б.Майлин/. Құлағын салмас, тіліңді алмас көп наданнан түңілдім /Абай/. Аузы кемсиген бір кемпір, арбадан түсіп жатқан Раушанға бажырая қарап, қабағын тыржита түсіп, жанындағы отырған тарғыл бетті әйелге бірдеме сыбырлап айтып, екеуі күңкілдеді /Б.Майлин/.
Жауабы:
Айта-айт нег етістік, -а көсемше, ауыспалы келер шақ
Қалса-қал нег етістік, -са шартты рай
Беретін-бер нег етістік, -етін есңмше, өткен шақ
Шайқалмаған-шайқа нег етістік, -л ырықсыз етіс, -ма болымсыз етіс, -ған есімше, өткен шақ
Бопты-боп нег етістік-ты жедел өткен шақ, жіктік ж 3 жағы
Беріп- бер нег етістік, -іп көсемше,бұрынғы өткен шақ
Жатыр-жатыр негізгі етістік
Түңілдім-түңіл негізгі ет, -дім жіктік ж 1 жағы
Түсіп-түс нег етістік,-іп көсемше, бұрынғы өткен шақ
Қарап-қара нег етістік,-п көсемше, бұрынғы өткен шақ
Отырған-отыр нег етістік, -ған есімше, өткен шақ ж
Сыбырлап-сыбырла етістік, -п көсемше, өткен шақ
Айтып- айт нег етістік, -ып көсемше, өткен шақ


Тексеру блогі
Тест- карточка:
Етістіктің райлары

1. Етістіктің ашық рай тұлғасында қолданылғанын көрсет

А) Жанға көңіл қалып тұр, жан бұл күйге салып түр (А.Б.)
В) Ол оған шынын айтқысы келді
С) Ас тез дайын болса еді.
Д) Лұқпандай мың жаса.
Е) Кел, балалар, оқылық! (Ы.А.)

2. Бұйрық рай тұлғалы етістік барын белгіле

А) Енді аз бөгелсе, жұрт тағы кернеп кетеді (М.Ә.)
В) Тәнге көңіл қалып тұр, Тән шыдамай арып тұр (А.Б.)
С) Мал басыңтарың аман болғай
Д) Батырдың жолы болсын, самсаған қолы болсын.
Е) Барғысы келмеді.

3. Қалау рай тұлғалы етістік барын белгіле

А) Еңбек етсең, емерсің.
В) Мені шығарып жібергісі келді.
С) Жұртқа көңіл қалып тұр, Жүрт жалғанға нанып тұр (А.Б.)
Д) Сендер үй жаққа бара тұрыңдар.
Е) Бүгін келуі де мүмкін.

4. Шартты рай тұлғалы етістік барын белгіле

А) Отқа өртенсем де, өкінбеймін,
В) Мен оны ауылға алып кеткім келді.
С) Екі қой жеймін десеңдер, түсіңдер.
Д) Көрінген бұтаны тасалап, қалаға қарай жалғыз әйел келе жатыр (Ғ.М.)
Е) Ол өзі айтпаса, көнбейді.

5. Қимыл атауы бар сөйлемді белгіле

А) Жақсы адам ағайынға қарасады.
В) Кешкі самал бойды сергітті.
С) Жұрт шаттанып, асыр салмақ.
Д) Семізін елден алғызуға жер мойны қашық (М.Ә.)
Е) Қорықпасаң, бері кел (Х.Е.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет