Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Педагогикалық қолдау элементтері



Pdf көрінісі
бет50/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Педагогикалық қолдау элементтері 
 
БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ 
 
 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОДАУ
Күрделі мәселелерді шешудегі
Өзін-өзі танудағы
көмек көмек 
 
 
 
 
ДАРАЛАНДЫРУ 
ОҚЫТУ:
әлем туралы білім, 
таным жолдары
«МЕН» ӨЗІМ
ТӘРБИЕ БЕРУ:
құндылықтары (заттар, 
адамдар, табиғат әлеміне 
қатысты), адамгершілік 
нормалары, мінез үлгісі


96 
Т.В. Анохина жасаған келесі негізгі ұстанымдар педагогика-
лық қолдауды қамтамасыз ете алады: 
– 
баланың көмекке келісімі; 
– 
жеке тұлғаның қолда бар күші мен мүмкіндіктеріне сенім 
арту; 
– 
баланы қиындықты өз бетінше жеңе алу қабілетіне бағ-
дарлау; 
– 
үйлесімділік, ынтымақтастық, жәрдемдесу; 
– 
құпиялық; 
– 
ізгі ниеттілік және бағасыздық; 
– 
қауіпсіздік, денсаулықты, құқықты, адамның қадір-қа-
сиетін қорғау; 
– 
«зиян келтірме» қағидатын іске асыру; 
– 
үдеріс пен нәтижеге рефлексивті-аналитикалық көзқарас. 
Болашақ түлектермен жұмыс істеу – әлеуметтік педагог жұ-
мысының маңызды бағыттарының бірі. Болашақ мәртебесін 
анықтау мәселесі балалар үйінің барлық түлектерін алаңдатады. 
Негізгі міндет – түлектерге әлеуметтенудің қиындықтарын жеңу-
ге, болашақ мамандық таңдауда көмектесу.
Әлеуметтік педагог үшін мақсат қою, уақытты жоспарлау 
тақырыптарын жобалау технологиясы бағдарламасына енгізу 
маңызды, сондықтан мақсат қою технологиясын қолданған жөн. 
 
Мақсат қою технологиясы 
(В. Слот, Х. Спанярд) 
Мақсат қою технологиясында мақсаттардың құрылымын 
(иерархиясын) құру әдісін білдіретін «мақсат ағашы» түсінігі 
қолданылады. Негізгі мақсат әлеуметтік-педагогикалық іс-әре-
кеттің бағытын анықтайды. Нақтылау жалпы қағидаттан жекеге 
көшуге сәйкес жүзеге асырылады. Өз кезегінде одан да жеке бө-
лінетін аралық мақсаттар (міндеттер) нәтижеге жетудің құралда-
ры ретінде әрекет етеді.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ерекшелігі – бірлес-
кен (педагог – бала) мақсат қоюдың міндетті тәжірибесі. Оқу-
шыны мақсат қоюға тарта отырып, педагог баланың ынтасы мен 
өзіне деген сенімін арттырады. Мақсатты қалыптастырмастан бұ-
рын мінез-құлық мәселерінің табиғаты мен себебін, сондай-ақ 
осы мінез-құлықты туғызған және оны көрсетуге ықпал ететін 
қоршаған орта факторларын анықтау қажет. Егер мақсат қою 


97 
баланың өз мақсатына қатысты болса, егер ол бір нәрсенің шы-
нымен өзгеріп жатқанын көрсе, өзіне және айналасына өзінің 
әсер ете алатындығын байқаса, бала мақсат қоюға белсенді қаты-
сады. Оқушының өзі жұмыс істегісі келетін мақсат тапқан кезде, 
педагог әртүрлі көмекші құралдарды қолдана алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет