Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет51/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
«Тілек ағашы» 
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының «жас ағашы». Әлеу-
меттік педагогтың ұстанымы: 
 
 
«Топырақ» – қоғам 
 
3-сурет.
Тілек ағашы 
Қабылдау
байқап білу
танып білу 
түсіну
көмектесу 


98 
«Тілек карточкасы».
Оқушының қысқа және ұзақ уақытқа 
арналған қалауларына қатысты сұрақтарға жауап беруі (өз өмі-
ріңде нені өзгерткің келеді; дәл қазір не өзгеше болуы керек, ұзақ 
уақыт ішінде не өзгеше болуы керек; өз өміріңді қалай көргің ке-
леді, онда нені өзгерткің келеді, болашаққа қандай жоспарларың 
бар және т.б.) арнайы карточкада жазылады. 
«Өмір сызығы». 
Егер тәрбиеленушіге болашақ жоспарларын 
анықтау қиын болса, ондай жоспарлар жоқ немесе бала жағдайды 
өзгерту мүмкіндігін көрмесе, өмір сызығын салу әдісі қолданы-
лады. Педагог солдан оңға қарай көлденең сызық сызады және 
жылдарды белгілейді (мысалы, 0, қазіргі жас, 20, 30 жас ...). Ол 
осы жолды керісінше кезекпен толтырып, баладан осы жастағы 
өмірін қалай елестететіндігін, құратындығын сұрайды. Осылай, 
маман тәрбиеленушімен бірге болашақтағы алыс жоспарлардан 
біртіндеп жақын уақыттағы өзекті тілектер тіліне көшеді. 
«Мақсат карточкалары».
Бұл әдіс басқа құралдар көмегі-
мен аз мақсат қойылған немесе қойылған мақсаттар іске сәйкес 
келмеген жағдайларда қолданылады; жасөспірімдер маңызды мә-
селелер мен өзгерістер туралы тілектерін айтпайды, олар жоқ тә-
різді, ал сол кезде, педагогтың ойынша олар бар; мақсаттар ту-
ралы бір ойға келу қиын. Әр карточкада белгілі бір топтың тілек-
тері мен қажеттіліктері бар. Мақсат карточкаларымен жұмыс ке-
лесі тәртіппен жүргізілуі керек: 
– жасөспірімге мақсат карточкаларын көрсету, алдағы іс-
әрекеттерді түсіндіру; 
– жасөспірімге карточка мен қалам беру; бір тақырыпқа қа-
тысты әр карточкада өз өмірінде өзгерткісі келуі мүмкін әртүрлі 
жазулар жазылғанын түсіндіру, оның не өзгерткісі келетінін не-
месе оның пікірінше, не күрделі мәселе болып табылатынын 
таяқшамен белгілеуін сұрау; 
– барлық белгіленген мақсаттарды жеке қағаз тілімдеріне 
жазу; 
– жасөспірімнен осы тілімдерді үш топқа бөлуді сұрау: «өте 
маңызды», «маңызды», «күте алады»; 
– егер «өте маңызды» тобында сегізден астам тілім болса, 
жасөспірімге ең маңызды сегізін таңдап алуды өтіну; 


99 
– «маңызды» тобының (немесе «өте маңызды» тобының 
сегіз тілімін) тілімдерін маңыздылығы бойынша ретке келтіруді 
сұрау. Кейде бірден назар аударуды қажет ететін немесе тек педа-
гогтың көмегімен жүзеге асыруға болатын пәндерге байланысты 
мақсат карточкаларын қайта реттеуге болады; 
– жеке қағазға маңыздылығы бойынша ең маңызды сегіз 
мақсатты жазу; жасөспірімнен әр мақсатты түсіндіруді сұрау. 
Мақсатқа іс-әрекет бағдары ретінде үнемі жүгіну кез келген тех-
нологияның басты ережесі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет