132
– мінезінде ауытқушылығы
бар адамдарға психологиялық
және диагностикалық коррекция жасау;
–
профилактикалық шаралар ұйымдастыру.
Әлеуметтік педагогтың жұмысы мына бағытта жүреді:
Зеттеу, анықтау – оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы
болмысын зерттеу.
Жұмысты жоспарлау зерттеу материалдарының қорытынды
құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды; мәселені
шешуге тиіс жағдай болғанда тіркелген субъектілердің әлеумет-
тік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жос-
парлайды.
Ұйымдаcтыpyшылық – мәселені
шешу барысында қажетті
мамандармен ұйымдаса отырып, жоспарды іске асыру, нәтижені
талдау, алдын алу жұмыстары.
Баланың әлеуметтік өмірдегі дамуына қажетті қолайлы жағ-
дай жасалуы керек. Әлеуметтік педагог үшін баланы әлеуметтен-
дірудің бірден бір жолы баланың қоршаған ортасымен және отба-
сымен жұмысы.
Отбасы:
– баланың бойына ең құнды адамгершілік қасиеттерді ка-
лыптастырушы;
– баланы әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы;
– баланың еңбек ету дайындығын тәрбиелеуге ықпал ету-
ші;
– баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына се-
бепші;
– баланы отбасылық өмірге дайындаушы, т.б.
Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жұмысы
Отбасы – жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды
институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір құру ортасы. Сон-
дықтан әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізілетін жұмы-
сы баланы әлеуметтендіруде аса маңызды рөл атқарады. Ол от-
басындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала
тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен ынтымақтасады, оларға
кәсіби-педагогикалық көмек көрсетеді.
Әлеуметтік педагогтың отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін
ұйымдастыруы:
133
– өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этно-
педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасы мен
туысқандарын зерттеу;
– халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік пе-
дагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жа-
сау;
– өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәти-
желерді зерттеу;
–
баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру кағидаларын,
көпқұрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани кұнды-
лықтарын, тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен
қарым-қатынасын терең түсіну.
Әлеуметтік педагог пен ата-ананың бірлескен әрекеті орта-
ның тәрбиелік ауанын едәуір байытады, eгep өзара әрекет мақ-
сатты формада жүргізілетін болса
тұлғаны қалыптастырудың
әлеуметтік қуат-күші ашылып, әлеуметтік педагог пен ата-ана
қызметінің мазмұны мұратқа жетеді.
Қарапайым педагогқа қарағанда, әлеуметтік педагогтың рө-
лі, ең алдымен, білім беру емес,
тәрбиелеуде, оның әлеуметтік
көмек беру және қорғау функциясында. Әлеуметтік педагогтың
отбасымен жұмысының негізгі бағыттары:
–
ата-аналарды ағарту және кеңес беру;
–
жайсыз отбасыларды диагностикалау және патронажға алу;
–
жеке бейәлеуметтік топтарға басқа бағдар беру және
оларды «бұзу» жөніндегі жұмыс;
–
жаңа рөлге бейімделуге көмектесу;
–
қызметтің қанағаттанарлық салаларын табуға көмектесу;
–
жас отбасыларға кеңес беру;
–
кәсіби бағдар алуға көмектесу;
–
топтық, отбасылық сауықтыруды ұйымдастыру;
–
жалғызбасты адамдарға көмек беруді ұйымдастыру;
–
үйінде және арнайы мекемелерде әлеуметтік назарды та-
лап ететін адамдарды анықтау;
–
микросоциумда қария адамдардың белсенділік көрсетуі
және олардың мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау.
Қорытындылай келе, елімізде
әлеуметтік педагог маманда-
рының маңызы зор, соның ішінде отбасымен жүргізілген әлеу-
меттік жұмыстың орны ерекше.
134
Баланың өмірге әлеуметтік бейімделуі кезіндегі мәселелерін
отбасымен бірлесе шешу, шешу жолында отбасына әлеуметтік
көмектің барлық түрін көрсету біздің басты міндетіміз болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: